Қорқыттың нақыл сөздері. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 8-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ:№8

Мектеп:

Пән: қазақ әдебиеті

Күні :

Мұғалім:

Сынып: 8 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Қорқыттың нақыл сөздері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Б/С3. Әдеби эссе

8.Б/С3. Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу

Сабақ мақсаты:

Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Ынтымақтастық;
  • Жауапты азаматтық позиция;

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, ұлттық дүниетаным, әдебиет теориясынан алған білімдерін еркін қолданады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

презентация

Бағалау критерийі:

  • Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдайды;
  • Әдеби эссені талапқа сай жазады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: жыр, нақыл сөздер,көркемдік-идеялық құндылық, гуманизм, әдеби эссе т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; гуманизм тұрғысынан қарағанда, шығарманың идеялық құндылығы мынада деп ойлаймын, көркемдік құндылығы туралы сөз қозғар болсам т.б.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3мин

Қызығушылықты ояту

Оқушыларhttps://yandex.kz/video/search?text=%D2%9A%D0%BE%D1%80%D2%9B%D1%8B%D1%82%20%D0%B0%D1%82%D0%B0&path=wizard&noreask=1&filmId=263115063885509034 сайтынан Қорқыттың «Қоңыр» күйінің желісінде түсірілген бейнебаянды көріп, жұбымен пікір алмасады.

https://yandex.kz/video/search?text=%D2%9A%D0%BE%D1%80%D2%9B%D1%8B%D1%82%20%D0%B0%D1%82%D0%B0&path=wizard&noreask=1&filmId=263115063885509034

Сабақтың ортасы

1 мин

5мин

3+18 мин

6 мин

Мағынаны тану

Оқушылар сабақтың оқу мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.

«Сұрақтар жаңбыры»

  • Эссе деген не? Өзге жазылымдардан қандай ерекшеліктері бар?
  • Эссе қалай жазылады?
  • Эссе қандай түрлерін білесіздер?
  • Тезистік пікірде нені қамту керек?
  • Негізгі бөлімді неліктен бірнеше азатжолдарға бөлеміз?
  • Қорытынды бөлімде нені тұжырымдау керек?

1 -тапсырма Ж.

  • Оқушылар Қорқыттың «Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жыры» мен нақыл сөздері бойынша оқығандарын жинақтап, ментальді карта жасайды;
  • «Қорқыт ата кітабы – адамзатқа ортақ игілік» тақырыбында шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.

Дескриптор:

  • Қорқыт шығармалары бойынша ментальді карта жасайды;
  • гуманизм тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады;
  • әдеби эссеге қойылатын талаптарды сақтайды;
  • грамматикалық сауаттылықты сақтап жазады.

3-тапсырма «Еркін микрофон»

Бір-бірінің жазғандарын алмасып оқып шығады. Өзіне ұнаған эссенің маңызы бөліктерінен үзінді келтіріп, ойын «Еркін микрофонда»ортаға салады.

Сабақтың соңы

4 мин

Рефлексия

Не көрдің?

Не естідің?

Не туралы білдің?

Не сезіндің?

Не ойлайсың?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

«Қоңыр» күйінің желісінде түсірілген бейнебаянды көргеннен кейін оқушыларда Қорқыт шығармашылығына деген қызығушылық артады. Өнерге жаны жақын оқушылар үшін эссені сәтті жазуларына көмектесуі мүмкін. Эссе жазу кезінде қиындық туындаған оқушыға мұғалім қолдау көрсету керек.

Мұғалім оқушыға дескриптор ұсыну арқылы тақырыптан ауытқымауға көмектесе алады.

Берілген тапсырмалардың қайсысы да оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндірмейді. Жұмыс орнының оқушыларға қолайлы болуы мұғалім бақылауында болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу