Ақтамберді Сарыұлының «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 16-сабақ.
Ерлан Рысқалидың орындауындағы бейнежазба
Ақтамберді - Күлдір-күлдір кісінетіп...
https://www.youtube.com/watch?v=GBXpHXE2AzA
Ақтамберді жырау
XVІІІ ғасырда ел басына үйірілген қаһарлы қатерді де, қысталаңға киліккен елдің қынадай қырылып, үркіншілікке бой ұра үдере босуын да, намысты ерлердің бастауымен еңсе тіктеп, шапқыншы жауға қарсы шабуға бел буған қалың елдің айбынды күшке айналғанын да, тағдыры сынға түскен сәтте елдің елдік мінез танытуының арқасында ғана ата жұртын уысында ұстап қалғанын да көзбен көріп, сол оқиғалардың қалың ортасында жүріп, қажет сәттерде өз күшін де, сөз күшін де елдік мұратқа жаратқан жалаугер жыраулардың бірі –Ақтамберді Сарыұлы.
Зерттеуші ғалымдар тарапынан жыраудың өмірбаянына қатыстыбіршама нақты деректер анықталған. Сол деректерге сүйенсек, Ақтамберді 1675 жылы Қаратау бойында дүниеге келген. Жыраудың өз толғауларынан да байқалатындай, ол атадан жалғыз тараған. Жалғыздығының үстіне, ата-анадан ерте айырылып, бала кезіндегі тәрбиені қандас туысы болып келетін Бердіке деген батырдан алып өседі. Бірнеше өлеңінің мазмұнына қарағанда, болашақ жыраудың ақындық қабілеті балалық шағынан бастап-ақ танылғанға ұқсайды. «Он жетіде құрсанып, Қылыш ілдім білекке» деп өзі жырға қосатындай, ол он жеті жасынан бастап түрлі жорықтар мен шайқастарға араласқан. Ғасырға жуық жасаған ғұмырында жырау туған халқының басынан өткен жағдайлардың бәріне куәгер болып қана қоймай, ел тағдыры таразыға тартылған оқиғалардың бел ортасында жүргені де анық. Балалық шағы Әз Тәуке билеген кезеңмен тұспа-тұс келетін Ақтамберді жырау одан кейінгі Қайып, Болат, Әбілмәмбет, Абылай хандардың ел тізгінін ұстаған дәуірлеріне де куә болып, сол жылдарда ел басынан өткен игілікті күндерде де, қиғылықты күндерде де халық арасынан табылған.
Осы орайда айта кеткен жөн болар, Ақтамберді өз өмірінде бірнеше ханның ел билеуіне куә болып, қилы мінезді сұлтан-шоралардың жақсы-жаманы аралас алуан әрекеттерін көзбен көргені күмән туғызбаса да, оның бізге дейін жеткен жыр-толғауларында солардың бірде-бірінің аты аталып, дәріптелмейді. Тек бір толғауында ғана Қарт Бөгембай мен Қабанбай есімдері кездеседі. Бұл жағдайға қарағанда, батыр болмысты Ақтамберді жырау хан-сұлтандар төңірегіне қарайлағаннан гөрі, қарашы жұрттың арасында жүргенді құп көргенге ұқсайды.
Уа, қарт Бөгембай!
Уа, Қарт Бөгенбай!Құяр жауын аспаннан,Қара бұлт торласа.Пәлекет елде көбейер,Жігітті жігіт қорласа.Ақбөкен келіп жығылар,Алдын қазып орласа.Пенденің бағы ашылмас,Маңдайы қалың сорласа.Дұшпан қорлап не қылмақ,Бақыт басқа орнаса!Қынаптан қылыш суырмай,Қарысқан жау бүлк етпес,Жуылмай қастың қанымен,Намысқа тиген кір кетпес.Шабыссаң, қане, шығып көр,Жау емессің күш жетпес,Дарабоздай қолбасыАбыройын кірлетпес!Ұрын келген күйеу қайда,Жесір қайда тіл өтпес?Жендетті көрсет көзіме,Желіккен басты кім кеспес?!Еліңді жүндей түткізіп,Қанды көбік жұтқызып,Жайратамыз осы кеш!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?