Ақтамберді Сарыұлының «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары. Қазақ әдебиеті, 7 сынып, презентация. 19-сабақ
Сабақтың тақырыбы:Ақтамберді жырау «Күлдір- күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғауы
Оқу мақсаты: Б/С1.Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырады, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.
Миға шабуыл : «Хронология» әдісі
Оқушылар екі топқа бөлінеді: Бірінші топ - «Оқырмандар», екінші топ «Зерттеушілер» «http://www.myshared.ru/slide/1372251/» презентациясын көру;
Презентация бойынша жыраулармен танысу;
«Зерттеушілер» тобы суреттегі Ақтамберді мен Бұхар жыраудың өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасау арқылы хронологиялық кесте құрып, оқырмандар тобын таныстырады.
«Оқырмандар» тобы ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты білгісі келген сұрақтарды «Зерттеушілер» тобына қояды. Сұрақ саны үштен аспауы керек.
Сұраққа жауап алғаннан кейін «Оқырмандар» тобы «Зерттеушілер» тобының жұмысына баға береді.
Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.
Бағалау критерийі:
1- тапсырма:«Шығармашылық ізденіс» әдісі
Төменде ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, шағын зерттеу жұмысының тезисін жазыңыздар.
Ақтамберді поэзиясы – философиялық толғаныстардың қайнар көзі.
Ақтамберді толғауларындағы тарихи және көркемдік құндылықтардың көрінісі.
Ақтамберді – заман шындығын жырлай білген жырау.
Жоба құрылымы
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Зерттеу жұмысының әдістері
Зерттеу жұмысының болжамы
Зерттеу жұмысының құрылымы
Зерттеу бөлімі
Қорытынды
2-тапсырма :«Төрт сөйлем»тәсілі
1. Пікір: Зерттеу жұмысының өзектілігі мен көркемдік құндылығына өзіндік пікірін білдіреді.
2. Дәлел: Өз пікірін 1-2 сөйлеммен дәлелдейді.
3. Мысал: Өз ойын жырау толғаулары, зерттеушілер пікірімен байланыстырып, дәлелді мысалдар келтіреді.
4.Қорытынды:Тақырып бойынша топтың қорытынды тұжырымын айтады.
Бекіту
3-тапсырма: «Дөңгелек үстел» әдісіСынып оқушыларына Бұхар жырау «Ай не болар күннен соң» және Ақтамбердінің «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары таратылады.
Оқушылар оқып, төмендегі сұрақтар бойынша топпен талдап, өзіндік пікір білдіреді:
Ақтамберді мен Бұхар толғауларында материалдық және рухани құндылықтардың қайсысы басымдылық танытады?
Екі жырау толғауларының біздің заманымыздағы маңыздылығы қандай?
Салыстыру
4-тапсырма:«Венн диаграммасы»6. Бағалау
«Әдеби шеңбер» әдісі
1. Талқы себепшісі –Ақтамберді жыраудың толғаулары бойынша 5 сұрақ құрастырады. (шығарманың тарихи маңыздылығын бүгінгі күнмен үндестіру)
2. Белгілеуші – толғаудың ең маңызды эпизодтық бөлігін тауып белгілейді.
3. Байланыстырушы – шығарманы өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.
4. Қорытындылаушы – шығармадағы өзекті ойға баға беріп, қорытындылайды.
Кері байланыс: «Пайдалы үш нәрсе»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?