Ақтамберді Сарыұлының «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 16-сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Ақтамберді жырау «Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауы

Оқу мақсаты: Т/Ж4. Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану

Сабақ мақсаты:

Оқушылар:Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады.

Миға шабуыл: «ВАК» тәсілі

Әр оқушыға кейіпкердің жан толғанысын сипаттайтын өлең шумақтары жазылған үлестірме қағаздар таратылып,

оны белгіленген уақыт ішінде жатқа айту тапсырылады.

Топ мүшелеріндегі өлең шумақтарының бірдей болмауын керек. Оқушылар жаттаған үзінділерін жұптасып тыңдайды.

Содан кейін сыныппен:

«Жыраудың ішкі қиналысын сезіну арқылы нені түсіндің?

Үзіндіні жатқа айту арқылы нені үйрендің?

Жұбыңды тыңдаған кезде оның сезімі қалай көрінді?

Ақынның көңіл- күйі сенің сезіміңе қалай әсер етті? » сұрақтарына жауап беріп, талқылайды.

Талдау аяқталған соң сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі

1- тапсырма:«Тақырыптық түйінді сөздер» әдісі

Сөздер банкісі Біздің тақырып

Жырау, мерген, нөкер, желілеп бие байлау, тентегін түзеп, ошақтың оты, қиуадан ақыл...

2- тапсырма «Үштік талдау» әдісі

Оқушылар ой бөліктерімен берілген үзінділерді оқи отырып, талдау жасайды. Үш оқушыдан тұратын төмендегідей топқа бөлінеді: сөйлеуші, сұрақ қоюшы және жазып алушы.

Алдымен біреуі 1-үзіндіні оқиды.

Сөйлеуші үзінді бойынша өзінің түсінгенін айтады немесе пікірін білдіреді.

Сұрақ қоюшы сұрақ қояды және түсініктеме беруді сұрайды.

Жазып алушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды жасайды.

Қалғандары (сөйлеуші, сұрақ қоюшы) келісетін/келіспейтінін дәлелмен білдіреді.

Үшеуі бірлесе отырып, үзіндінің идеясын табады.

Келесі жолы (2-3-үзінділерде) рөлдер ауысады (2-үзінді бойынша 2-оқушы; 3-үзінді бойынша 3-оқушы сөйлейді).

1-үзінді:

Асқар бір тауды жайласам,

Желілеп бие байласам,

Күнде жиын, күнде той,

Қыз-бозбала ойнатсам,

Тентегін түзеп байқа деп,

Ішінен биді сайлатсам,

Құлым бір ұлдай киінсе,

Көркемін көрген сүйінсе,

Атымтай Жомарт секілді

Атағым жұртқа білінсе...

2-үзінді:

Өзім бір бөлек жайласам,

Жігіттен нөкер сайласам,

Ойпаң жерге он отау,

Қыраң жерге қырық шатыр тігіп,

Қонағымды жайғасам!

Пышақтан малым кетпесе

Қазаным оттан түспесе,

Ауылдан топыр үзілмей,

Ошақтың оты өшпесе!

Май жемесе қонағым,

Қан жемесе барағым,

Он кісіге жараса

Бір кісіге арнап тартқан табағым!

Халыққа атым білініп,

Шүлеңгір мырза атанар ма екеміз?!

3-үзінді:

Төскейде кеңес топтанып,

Жақсылар үйде баптанып,

Нөкерлер жүрсе сап түзеп,

Қос-қосымен шаттанып.

Қиуадан ақыл алатын,

Қияннан айла табатын

Ерлерден салсам нөкерді

Дұшпаннан кекті алатын!

Жоны бір жалпақ жотадай,

Мойны бір жалпақ бұқадай,

Балуаннан нөкер барлатып,

Күреске салар ма екенбіз..

3-тапсырма :«Лауазымды адам» әдісі

Оқушылар үлкен шеңберге тұрып, туған айларын айтады.

Әрбір төртінші оқушы өзінің туған айын бір қадам алға шығып айтып, кіші шеңбер құрады. Бұл оқушы «Лауазымы жоғары адам» тәсілі бойынша лауазымды адам болып есептеледі, оқушыға оны ерекшелейтін бас киім беріліп, оқушы тәжді басына киеді.

«Лауазымы жоғары адам» энциклопедиялық сөздікті жарнамалауы керек.

Ол сыртқы шеңберден үш баспа қызметкерін таңдап алып, топ құрады.

Бір топта төрт оқушы болады.

Топ мүшелеріне тапсырма жазылған үлестірме қағаздар таратылады.

Үш оқушы үлестірме қағаздағы кестені постерге сызып, «Өсиет, кепиет, әрекет, араз болсаң алты ауыз, лайым, разылық» сөздерінің мағынасын ашып жазады.

Төртінші – «лауазымы жоғары адам» оқушы постердегі сөздердің мағынасының дұрыстығын тексеріп, жұмысты жарнамалау үшін сынып бөлмесінің қабырғасына апарып іледі.

Сынып оқушылары «Галерея» әдісі арқылы жарнамаланатын жұмыстарды қарап, өз көзқарастарын білдіріп, қорытындысын шығарады.

Бекіту

4-тапсырма: «Дұрыс сұрақтар құрылымы»

Неге ...?

Егер былай болса...?

Сен не істер едің...?

Түсіндіруіңді өтінемін...?

Сенің көзқарасың бойынша ...?

Салыстыру

4-тапсырма:«3-2-1»тәсілі

.

Бағалау

Біз жақсы меңгердік...

Топ жақсы меңгерді...

Олардың идеясы ... болды.

Сендер қазір 40 минут бұрын білмеген идеяны білесіңдер...

Кері байланыс: «ББҮ» кестесі

[attachment=28237:aza-debieti_8-synyp_-1-tarau_-16-saba_-prezentacija_1-nsa.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу