Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, нұсқаулық.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

"Шың" әдісі

Пайдаланатын мақсаты: шығарма кейіпкерлеріне талдау жасауға, мінездеме беруге арналған.

Қажетті жабдықтар: Шың мен шыңырау бейнеленген А5 форматты сурет.

Орындау барысы: Тақтада, флипчартта немесе әр оқушының дәптеріндешыңырауға апаратын жолаяғы бар Биік Шыңның суреті салынады. Шыңырау – жаман адам/кейіпкер, ал Биік шың – мінсіз адам/кейіпкер болып табылады. Өтіліп жатқан шығарманың кейіпкердің орнын осы суретте нүкте арқылы белгілеу керек. Шығарманың бірнеше кейіпкерін алатын орны, маңыздылығына қарай шың басына не шыңырауға орналастыруға болады. Сонымен қатар, осы шыңдағы өздерінің орындарын көрсетуді сұрауға да болады.

Фишбоун» (балық қаңқасы)  әдісі

Пайдаланатын мақсаты: Мәселені/тақырыпты талқылауға арналған жаттығу.

Қажетті жабдықтар: балық қаңқасы салынған флипчарт, түрлі түсті фломастер.

Орындау барысы:басы – тақырыптың мәселесі, үстіңгі сүйектері – тақырыптың негізгі түсініктері, астыңғы сүйектері – себептері, құйрығы – мәселенің шешімі. Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек, олар тірек сөздерден немесе тақырыптың негізгі ойын ашатын фразалар болуы мүмкін.

"Кейіпкермен кездесу" әдісі.

Пайдалану мақсаты: әдебиет сабағында жеке тәжірибені өзектендіру үшін қолданылады. Орындау барысы: Өтіп жатқан шығарманың кейіпкерімен кездесе аласыңдар деп елестетіңдер. Сендердің тек қана екі сұрақ қоюға мүмкіндіктерің бар (өздерің, ол туралы). Сендер қандай сұрақ қояр едіңдер? Ол қалай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?

[attachment=28031:aza-debieti_6-synyp_4-tarau_7-saba__malimge-arnalan-nsauly_2-nsa-3.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу