Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, нұсқаулық.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

Қабілеті жоғары оқушыға қосымша оқуға төмендегі мәтін беріледі:

А.Алтайдың «Прописка» [16, 299 б] атты әңгімесінің тақырыбы да желтоқсан. Урбанизация қалаға қуған қазақ ұлтының наласы мен шері, пропискаға отырудың соры. Қала қазақты қабылдағысы жоқ. Әңгіме жолға шыққан Арқат есімді жігіттің бір сәт басынан кешкен драмасына құрылған. Алайда бұл жеке бастың қайғысы емес, бүкіл қазақ қоғамының басына түскен ауырпалықты таңбалайды. Алтайда көктем келсе де, бораны басылмай тұрғаны – ол да – тұспал. «Бұландай жігіттер» деп автор тегін айтып отырған жоқ. Махамбетте «Бұландай ерді кескен күн» деген өлең жолдары бар. Үш жігіт – желтоқсан құрбандары. Сол боздақтарды тұспалдайды. Арқат қалаға пропискаға отыру үшін төрт ай қаңғиды. Қала қазақ баласына өгей шешеден бетер. Абайша айтқанда, бір қайғы мың қайғыны қозғайды. Ол – қазақ қоғамындағы шындық.

Мәтін бойынша негізгі мәселені автор тұспалдап беру себебін анықтайды. Төменде берілген тұжырымдарды таңдау, таңдау себебіңді түсіндір.

Белсенді оқу оқушылардың бойында бұл қасиеттерді түрлі əдіс-тəсілдер арқылы қалыптастырады жəне дамытады. Олар: оқушының жеке пікірін тыңдау;

оқушыларды мұқият іріктелген шығармашылық жəне логикалық оқу тапсырмалары арқылы ынталандыру;

оқушылардың           оқу      мақсаттарына            қол      жеткізуі          үшін    тиімді əдіс- тəсілдерді ұсыну жəне үлгісін көрсету;

əртүрлі стиль мен жанрдағы жазба жұмыстардың үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер беру арқылы жазба жұмыстарын орындауды үйретеді);

-оқушылардың білім алуына «оқу үшін бағалау» жəне «оқуды бағалау» арқылы қолдау көрсету;

оқушылардың           пəн      бойынша        меңгерген      біліміне          жүйелі            түрде мониторинг жүргізу;

-оқушының өз білімін жетілдіруіне жəне бағалауына ынталандыратын мүмкіндіктер жасау;

[attachment=27997:aza-debieti_6-synyp_4-tarau_2-saba__malimge-arnalan-nsauly_2-nsa.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу