Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, нұсқаулық.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
«Дәйексөз » тәсілі
Қажетті жабдықтар: Флип-чарт, түрлі-түсті қарындаштар, стикерлер.
Тапсырманы орындау барысы: Флип-чартқа өтілген шығармадан бірнеше дәйексөз жазылады. Дәйексөз жазылған флип-чарт қабырғаға ілінеді.
- Әр топ бір дәйексөз таңдайды.
- Топтар берілген үлгі бойынша шығарманы талқылайды:
A. Сюжет: Әңгімелеуші кім? Осы сәтте не болып жатыр? (1 ұпай)
B. Интерпретация:Үзіндінің немесе дәйексөздің маңызы неде? Кейіпкер туралы не айтылады? Тақырып. Тартыс. Өңдеңіз. (1-3 ұпай)
C. Анализ: Жоғарыдағы сұраққа жауапты автор қолданған әдеби құралдармен байланыстыру. Дикция, детальдар, суреттеу, диалог. (1-3 ұпай)
- Топтарға дәйексөзді талқылауға 4 минут беріледі. Дайын болған топ бастайды. Жұмысын қорғауға 2 минут беріледі.
- Топ өз жұмысын таныстырып болғаннан кейін, қалған топтардың жұмысын толықтыра алады.
- Әр топқа өз жұмысын таныстыруға 1 минут беріледі. Көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.
Ескерту: Барлық топ бір дәйексөзбен жұмыс істей алады. Талқылау кезінде жауаптардың қайталанбауын талап ету керек. Ондай кезде оқушылардың бірін-бірі белсенді тыңдау және бір-бірінің жұмысын бағалай білу дағдысы қалыптасады.
Тиімділігі:әдеби көркем шығарманы талдау, шығармаларды қайталау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?