Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат». Қазақ әдебиеті, 6 сынып, нұсқаулық.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

Сонымен қазіргі заманғы арнаулы орта білім беретін оқу орындарында әлеуметтік педагогикалық жүйе ретінде, оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын модернизациялау деңгейінен (бағдарлама, оқулық және т.б.) өтіп, екінші баспалдақ – технология деңгейіне көтерілу қажет екені даусыз.

Педагогика саласындағы ғалымдардың көзқарасында педагогикалық технология дидактикалық процестермен, оқыту құралдарымен, ұйымдастыру түрлерімен байланысқан, оқыту жүйесінің құрамды бөлігі болады. Осы оқыту жүйесі «нәтижелі қалай оқытуға болады» деген дәстүрлі сұраққа жауап береді. Яғни, педагогикалық технология дегеніміз, барлық бөлшектері ойластырылған оқу және педагогикалық іс-шаралардың жобаланған моделі, оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізуде оқушы мен мұғалімге барлық ыңғайлы жағдай туғызу және педагогикалық технология оқу процесін толық меңгеру идеясын іске асыруды болжайды.

Тиімді сабақтар жүйесі негізінде технология мынадай міндеттерді шешеді: оқушының танымдық қызығушылығының жоғары деңгейі мен өз бетімен ойлау белсенділігін құрады және қолдайды. Сабақ уақытын үнемді және мақсатты пайдалану, оқушының ойлау әрекеттері тәсілдерін қалыптастыру және дамыту; оқушы мен мұғалім арасындағы жоғары деңгейдегі жақсы қарым-қатынас; алынған білім, білік дағдысының көлемі мен тұрақтылығы.

Енді, осы инновациялық педагогикалық технологиялардың ішіндегі орыс ғалымы, академик В.М.Монахов ұсынып отырған технологиялық картамен тереңірек танысайық. Технологиялық карта – болашақ оқу процесінің болжау паспорты, бұнда оқу процесінің басты параметрлері беріледі.

1. Мақсат қою. 2. Диагностика. 3. Мөлшерлеу.

4. Болжаудың логикалық құрылымы. 5. Коррекция (түзету).

В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясы үш объектімен жұмыс жасауға негізделген: технологиялық карта (ТК), сабақтың ақпараттық картасы (САК) және оқушы дамуының ақпараттық картасы (ОДАК). Осы аталған технологияның жүйелілігі педагогикалық технология объектілерін жобалау процедурасын анықтайды. Бұған мысал ретінде өзім сабақ беретін «Физика және астрономия» пәнінен «Атом ядросының физикасы» тарауын алайық.

Тақырыптық жоспар жасау үшін технологиялық картадағы «Оқу процесінің логикалық құрылымы» жолына осы тарауда өтетін сабақтардың санын көрсетеміз. Содан соң оқушыларға тарау бойынша білім беруде жетістікке жетуге кепілдік боларлықтай, бірқатар кішігірім мақсаттарды қоямыз. Қойылған кішігірім мақсаттар арқылы жетістікке жету үшін «диагностика» қатарына қысқа мерзімді өзіндік жұмыстарды белгілейміз. Диагностика жүргізілетін сабақты «логикалық құрылым» қатарына белгілейміз. Диагностика төрт тапсырмадан тұрады: оның ішінде екеуі – білім стандартына сәйкес, ал қалған екеуі күрделі тапсырма (№3 – «жақсы» деген бағаға, №4 – «үздік» деген бағаға) болуы керек. Диагностиканың толық вариантын «диагностика» қатарына жазамыз. «Үй тапсырмасының мөлшері» қатарына диагностикаға жақсы дайындық боларлықтай есептер мен тапсырмалардың нөмірлерін көрсетеміз. «Коррекция (түзету)» қатарына оқушылардың дәстүрлі қиындықтары жазылады. Сабақ беру барысында технологиялық карта барлық оқушыда болуы тиіс. Бұл оқушыларға да, олардың ата-аналарына да оқу процесі кезінде бағыт-бағдар беруге, диагностикада күтілетін жұмыс пен тапсырманың мақсатын дәл білуге көмектеседі. Әрбір оқушы қалаған бағасына сәйкес жұмыстың қандай бөлігін орындауды өзі шешуі тиіс. Бұл технологияның жетістігі сол, оқушы мен ата-аналарға білім беру процесі толығымен айқындалған. Бұл оқушыларға сабақта жақсы жетістіктерге жетуге көмектеседі.

[attachment=27909:aza-debieti_6-synyp_3-tarau_2-saba__malimge-arnalan-nsauly_2-nsa-1-13.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу