С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, нұсқаулық.


Мұғалімге арналған саралау бойынша ақпарат

Саралау немесе дифференциация (фр.differetiation, лат. differentia) айырмашылық деген мағынаны білдіреді.

Үлкен энциклопедиялық сөздікте саралауды оқушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес орта мектептегі оқу жоспары мен бағдарламаларының бөлінісі, жіктелуі» деген анықтама берілген.

«Педагогикалық энциклопедиялық сөздікте» саралауды оқушылардың «қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі ескерілетін оқытуды ұйымдастыру формасы» деген анықтама бере отырып, саралап оқытуды, білім беруді «демократияландыру және гуманизациялау» факторы деп қарастырады, сондықтан саралау тапсырмасын беру маңызды.

Мұғалімге арналған ақпарат

Саралау немесе дифференциация (фр.differetiation, лат. differentia) айырмашылық деген мағынаны білдіреді.

Үлкен энциклопедиялық сөздікте саралауды оқушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес орта мектептегі оқу жоспары мен бағдарламаларының бөлінісі, жіктелуі» деген анықтама берілген.

«Педагогикалық энциклопедиялық сөздікте» саралауды оқушылардың «қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі ескерілетін оқытуды ұйымдастыру формасы» деген анықтама бере отырып, саралап оқытуды, білім беруді «демократияландыру және гуманизациялау» факторы деп қарастырады, сондықтан саралау тапсырмасын беру маңызды.

Мұғалімге арналған нұсқаулық

«Әдеби шеңбер» әдісі

Қажетті жабдықтар: Флип-чарт, түрлі-түсті қарындаштар, стикерлер

Тапсырманы орындау барысы: сыныпты топқа бөлу, топ мүшелеріне рөлдерін бөліп беру.

Тиімділігі: әдеби көркем шығармаға анализ жасау, оқыған шығарманы өмірмен байланыстыру.

Әрбір шеңберде бес түрлі роль бар; егер кейбір топтарда бес адам болмаса, сіз бір немесе екі оқушыға екі роль бере аласыз, немесе кейбір рольдерді алып тастай аласыз. Оқушылардың рольдерді ауыстырып отырғандығына көңіл аударыңыз. Сол кезде уақыт өте келе олардың әрқайсысы әдебиетті талдау іс-әрекетінің түрлі аспектілеріне көз жеткізе алады.

Мәтінді оқыған соң (сыныпта немесе үйде), әрбір оқушыға топ ішінде бір роль беріп, оларға топ ішіндегі роліне дайындалуға 20-25 минут уақыт беріңіз. Уақыт өткен соң, сынып толығымен пікір алмасуға жиналады. Әдеби шеңбер арқылы сыныпта үлкен талқы жүргізуге мүмкіндік туады.

Талқы себепшісі

Топ талқылайтын әдеби шығарма туралы 3 немесе 4 сұрақ құрастырады. Бұл сұрақтарда шығарманың түрлі бөліктері мен басты тақырыбы қамтылуын қадағалау керек. Құрылған сұрақтар талқыға және сараптамаға себеп болатын ашық сұрақ болуы тиіс. Талдау кезінде жеңіл болу үшін осы сұрақтарға жауаптарын жазады.

Белгілеуші

Мәтінге көз жүгіртіп, әңгіменің жалпы тақырыбы мен маңызына қатысты 3 немесе 4 маңызды бөліктерін белгілейді. Олар қызықты, күлкілі, ой тудырарлық болуы мүмкін. Бөліктерді өз топтарында дауыстап оқиды және олардың маңыздылығын талқылайды. Сыныппен бөлісуге соның ішінен ең ұтымды деген бөліктерін таңдап алады.

Байланыстырушы

Мәтін мен шынайы өмір арасындағы 2 немесе 3 байланысты анықтайды. Бұл оқиғаларға өзінің жеке өмірінен, мектепте болып жатқан іс-шаралардан, басқа адамдар өмірінен, күнделікті жаңалық тақырыптарынан немесе тіпті теледидар бағдарламаларынан алынған оқиғалар жатуы мүмкін. Оларды тізіп жазады, тобымен пікір алмасады және сынып алдында жұмысын қорғайды.

Қорытындылаушы

Мәтіннің мазмұнын қорытындылайды, шығарма компазициясына тоқталады және шығарманың маңызды жерлерін атап өтеді. Шығарманың негізгі тақырыбын ашады. Автордың позициясын анықтайды.

Суреттеуші

Мәтінге қатысты нақты немесе абстрактілі сурет салады. Сурет салу қабілеті бұл жерде басты емес; мәтіннің басты оқиғасын немесе кейіпкерін суреттеп жеткізе алуы маңызды. Мультфильм бейнелерін, диаграмма , сызбанұсқа, кесте арқылы беруге де болады. Қойылатын талап: салған суреттері арқылы мәтін мазмұнын аша білу керек.

[attachment=27727:aza-debieti_6-synyp_3-tarau_1-saba__malimge-arnalan-nsauly_1-nsa-2-1.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу