С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, нұсқаулық.


Оқушылардың сабақ үстінде белсенді болуы мұғалім қолданған тәсілге де қатысы бар. Тақырыпты, талдау сұрақтарын жүзеге асыру үшін «Шеңбердегі әңгіме» тәсілін пайдаланған жөн.

  • Оқушылар бір-біріне қарап отыратындай қылып ортаға (ішкі және сыртқы) шеңберге отырады.
  • Бір-біріне қарап отырған жұптар тақырып бойынша 3 минут пікірталасады. Әрбір оқушы 90 секунд сөйлейді.
  • Уақыттың біткенін мұғалім қызыл карточка көрсету арқылы белгі беріп отырады. Үш минут біткеннен кейін сыртқы топ орнынан тұрып жылжиды.
  • Мұғалім қызыл карточканы көрсеткеннен кейін тоқтайды, басқа оқушыға қарсы отырады.
  • Өз ойын айтпас бұрын, өзінен бұрынғы оқушының ойын қорытындылайды.
  • Біткеннен кейін, сыртқы топ тағы да орнынан жылжиды.
  • Жаңа сұхбат басталғаннан кейін алдындағы екі кісінің ойын қорытындылап айтады.

3-тапсырманы жүзеге асыру қадамдары:

  • Оқушыларға берілген сұрақтар бойынша ойларынды қабырғаға жапсырылған қағазға жазыңдар деген тапсырма беріледі.
  • Үш сұрақ жазылған А4 қағазы сыныптың әр қабырғасына жазылып ілінеді.
  • Оқушылар орындарынан тұрып, әрқайсысы жауабын жазып кетеді.
  • Соңында жазбалармен толықтырылған қағаз топ ортасына тасталады.
  • Топ мүшелері өзіне берілген жазбамен танысқаннан кейін ортақ жауапты сынып алдында айтады.
  • Үш сұрақ бойынша үш топ сөйлегеннен кейін бақылаушы топ осы сұрақ бойынша қорытынды шығарады.
  • Ақынның сол заман үшін білімді насихаттауы, мақсат жолындағы ұмтылысы, надандықпен күресі заман үшін жаңашылдық. Қазір де өзектілігін жоймаған.тсс
[attachment=27719:aza-debieti_6-synyp_3-tarau_3-saba__malimge-arnalan-nsauly_1-nsa-1.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу