Абай Құнанбайұлы «Жетінші сөз». Қазақ әдебиеті, 6 сынып, презентация.


Абай Құнанбайұлы «Жетінші сөз»

Сабақтың тақырыбы:

6.3.1.1 - шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру

Оқу мақсаты:

Сабақ мақсаттары:

Жан мен тән құмарына жататын ұғымдарды тауып, мәтіннен нақты мысалдар келтіреді.

Адам бойындағы қасиеттерді салыстырады.

Шығарманың құндылығына пікір білдіріп, баға береді.

Бағалау критерийлері:

адам бойынан тән мен жан құмарына жататын қасиеттерді тауып, салыстырады;

өз пікірін білдіріп, бағалайды

Абайдың сөзінен нақты мысалдар келтіреді;

Ой шақыру

Тәннің қалауы мен жанның қалауын қалай түсінесіздер?

Жас сәбилер қолына түскен затты неге аузына салады?

Адамның жануарлардан артықшылығы неде?

1-тапсырма

Мына екі суретті салыстырыңыз. Қайсысының тәннің құмары, қайсысының жанның құмары екенін ажыратыңыз. Абайдың сөзінен осы екеуіне мысалдар келтіріңіз.

Бағалау критерийлері:

Суреттерді ажыратады;

Абайдың сөзінен нақты мысалдар келтіреді.

2-тапсырма

Абай айтқан тән құмары мен жан құмарына тағы нелерді жатқызар едіңіз? Ассоциация жасаңыз. Себебін түсіндіріңіз.

Бағалау критерийлері:

Адам бойынан тән мен жан құмарына жататын қасиеттерді табады;

Себебін түсіндіре алады.

3-тапсырма

«Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды».

Абайдың осы сөздерімен келісесіз бе? Адам неліктен есейе келе білуге деген құштарлығын жоғалтады? Неге жанды тәнге бағындырады? Пікір білдіріңіз, бағалаңыз.

 

Бағалау критерийлері:

Абай сөзінің астарын түсінеді;

Өз пікірін білдіріп, бағалайды.

Кері байланыс:

«ББҮ»

Білемін...

Білдім...

Үйрендім...

Бағалау: «Бас бармақ»

Үйге тапсырма:

Абайдың «Жетінші сөзін» түсініп оқу.

 

[attachment=27629:aza-debieti_6-synyp_2-tarau_2-saba_-prezentacija_2-nsa-2.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу