Абай Құнанбайұлы «Жетінші сөз». Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Әдебиет

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6Т1

Қатысқан оқушылар саны: 20

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Абай Құнанбайұлы «Жетінші сөз»

Оқу бағдарламасына сілтеме:

6.3.1.1 - шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Жан мен тән құмарына жататын ұғымдарды тауып, мәтіннен нақты мысалдар келтіреді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Адам бойындағы қасиеттерді салыстырады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Шығарманың құндылығына пікір білдіріп, баға береді.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қорлар мен терминдер: тән құмары, жан құмары, һәм, тәнді жанға бас ұрғызу, ұзақтай шулау, қарғадай барқылдау

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Бағалау критерийлері:

  • Абайдың сөзінен нақты мысалдар келтіреді;
  • адам бойынан тән мен жан құмарына жататын қасиеттерді тауып, салыстырады;
  • өз пікірін білдіріп, бағалайды.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Білуге құштарлық, адами қасиеттер

Пәнаралық байланыс

Тарих

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс

Осыған дейін меңгерілген білім

6.3.3.2 - шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Басы

5 минут

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Таңдау жолы»

Оқушылар «Тән», «Жан», «Таңдау» тобы болып үш топқа бөлінеді. Бірінші және екінші топтар бір-біріне қарама қарсы дәліз жасап тұрады. Үшінші топ оқушылары біртіндеп сол дәлізден өтеді. Бірінші топтағылар өтіп жатқан оқушыларға тамақтың, ұйқының, демалыстың жақсы екенін айтып сендіруге тырысады. Екінші топтағылар білімнің, ғылымның, еңбектің жақсы екенін айтып дәлелдейді. Үшінші топтағы әрбір оқушы өз таңдауын жасап, екі топтың біріне барып қосылады. Қай топта оқушы саны көп болса, сол топ жеңеді.

Оқу мақсаты, бағалау кр таныстыру, талқылау

Ортасы

3 минут

7 минут

20 минут

Ой шақыру

  • Тәннің қалауы мен жанның қалауын қалай түсінесіздер?
  • Жас сәбилер қолына түскен затты неге аузына салады?
  • Адамның жануарлардан артықшылығы неде?

«Кел, оқиық!»

Оқушылар мәтінмен жұпта оқып танысады.

 ЖЕТІНШІ СӨЗ

 Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.

 Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?

 Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.

 Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.

http://www.abay.nabrk.kz сайтынан

 

Дифференциациялық тапсырма.

Жеке жұмыс

А деңгей

Мына екі суретті салыстырыңыз. Қайсысының тәннің құмары, қайсысының жанның құмары екенін ажыратыңыз. Абайдың сөзінен осы екеуіне мысалдар келтіріңіз.

Бағалау критерийлері:

  • Суреттерді ажыратады;
  • Абайдың сөзінен нақты мысалдар келтіреді.

В деңгей

Абай айтқан тән құмары мен жан құмарына тағы нелерді жатқызар едіңіз? Ассоциация жасаңыз. Себебін түсіндіріңіз.

Бағалау критерийлері:

  • Адам бойынан тән мен жан құмарына жататын қасиеттерді табады;
  • Себебін түсіндіре алады.

С деңгей

«Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды». Абайдың осы сөздерімен келісесіз бе? Адам неліктен есейе келе білуге деген құштарлығын жоғалтады? Неге жанды тәнге бағындырады? Пікір білдіріңіз, бағалаңыз.

Бағалау критерийлері:

  • Абай сөзінің астарын түсінеді;
  • Өз пікірін білдіріп, бағалайды.

http://www.abay.nabrk.kz

https://www.youtube.com/watch?v=bDdkVPxQX2Q

Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма: Абайдың «Жетінші сөзін» түсініп оқу.

Бағалау: «Бас бармақ» әдісі

Кері байланыс:

«ББҮ» әдісі

Білемін...

Білдім...

Үйрендім...

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушылар дифференциациялық тапсырмаларды

орындайды.

Оқушылардың бірін-бірі бағалауы, өзін бағалауы, мұғалімнің бағалауы түрінде тексеріледі.

Әдебиет,тарих пәндерімен байланыста өткен бұл сабақта АКТ қолданылып, оқушылар сыныпта өзара құрмет пен шығармашылықпен жұмыс жасайды.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1

2

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу