алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Абай Құнанбайұлы «Бірінші сөз», «Жетінші сөз», «Отыз бірінші сөз». Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

ІІ бөлім:Абайды оқы, таңырқа!

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбайұлы «Бірінші сөз», «Жетінші сөз», «Отыз бірінші сөз»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Б/С3. Әдеби эссе

 Сабақтың мақсаттары

Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Бағалау критерийлері

  • Шығармадағы кейіпкер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдайды, әдеби эссе жазады

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Менің ойымша, ... Себебі (Өйткені)... Сондықтан (Сол себепті)

Біріншіден, ... Екіншіден, ... Қорыта келе, ... Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Жауапты азаматтық позиция: эссе жазу барысында өзіндік ұстанымын білдіріп, оны дәлелдеуге баулу;

Еңбек және шығармашылық: берілген тақырып бойынша пікір білдіріп, оған аргумент келтіріп, талдау, жинақтау арқылы баулу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, тарих

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады. Медиақұрал арқылы бейнероликтер көреді.

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасаған болатын.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

10 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі

«Карусель» әдісі

Ішкі және сыртқы шеңбер құрып, бірінші ішкі, содан кейін сыртқы шеңберде тұрғандар бір-бірімен сөйлеседі, сыртқы шеңбердегілер жылжып, сөйлесушісін ауыстырады.

Талқыланатын сұрақтар:

  • Абай атамыз «Бірінші қара сөзінде» не туралы айтады?
  • Ал «Жетінші сөзінде ше?»?
  • Абай атамыз айтқан естіген нәрсені ұмытпастыққа қажет төрт түрлі себеп туралы сіз не ойлайсыз?

Оқушыларды оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру, күтілетін нәтижені талқылау;

слайд

https://kk.wikibooks.org/wiki

Сабақтың ортасы

20 минут

5 минут

5 минут

Мағынаны тану кезеңі

1-тапсырма

Берілген тақырып бойынша эссе жазыңыз.

Эссе тақырыбы: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады... Біреуі білсем екен демеклік» дейді Абай атамыз өзінің «Жетінші қара сөзінде». Сіз Абай атамыздың пікірімен келісесіз бе?

І Кіріспе

Абай Құнанбаевтың сөзіне тоқталу; негізгі тақырыптың маңыздылығын айту; негізгі сұрақты/мәселені көтеру; т.с.с.

ІІ Негізгі бөлім

І абзац

_________________________________________________________________________________

Бұл позицияны қолдайтындардың пікірін айту және оған аргумент келтіру; аргументті жан-жақты талдау; ойды жинақтау.

Қажетті тіркестер: Қазіргі қоғамда ... пікір қалыптасуда/Бұл туралы түрлі пікірлер бар. Соның бірі ...

II абзац

____________________________________________________________________________________________________________

Бұл позицияға қарсы адамдардың пікірін айту және оған аргумент келтіру; аргументті талдау; ойды жинақтау.

Қажетті тіркестер: Менің ойымша, ... Біріншіден, ... Себебі... Сол себепті... Сондықтан...

III абзац

_______________________________________________________________________________________________________________________________________

Сіздің ұстанатын позицияңызды айту және дәлелдеу үшін оған аргументтер келтіру, талдау және жинақтау.

Қажетті тіркестер: Екіншіден, ... Алайда/ дегенмен/ әйткенмен/ бірақ... Өйткені ... Сондықтан...

III Қорытынды

_________________________________________________________________________________

Ойды қорытындылау, көтерілген мәселе бойынша ұсыныс білдіру, шешімін ұсыну.

Ескерту: аудиторияға сауал тастамау, жаңа ой/идея қоспау, ұрандатпау, объективті жазу.

Қажетті тіркестер: Қорыта келе, ... Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, ... Ойымды қорыта келе, ... ұсынамын.

Дескриптор

Білім алушы

- шығармадағы кейіпкер қатынасын анықтайды;

- қатынасты отбасылық құндылық тұрғысынан талдайды;

- әдеби эссені талапқа сай жазады.

Бағалау. «Еркін микрофон» Оқушылар өз жұмыстарын оқиды, басқа оқушылар бағалау критерийі негізінде кері байланыс береді.

https://kk.wikibooks.org/wiki

слайд

Сабақтың соңы

5 минут

Ой-толғаныс кезеңі

Рефлексия. «Мен ...»

«Мен ... білдім»

«Мен ... үйрендім»

«Маған ... ұнады»

«Маған ... қиындық тудырды»

«Менің көңіл-күйім ...»

Бағалау. Балалардың және мұғалімнің кері байланысы, бағалау критерийі негізінде жүргізіледі.

слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушыларға қолдау көрсету үшін оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жеке тапсырма беремін. Қолдауды қажет ететін оқушыларға үнемі бағыт-бағдар беріп отырамын. Эссе жазу тапсырмасы бойынша оқушылардың қабілеттерін ескеріп, сараланған тапсырмалар, яғни эссе жазудың үлгісін ұсынамын.

Оқушыларды бағалауда «Еркін микрофон», «Мен...» әдістерін пайдаланамын. Оқушылардың оқу мақсатына қол жеткізгеніне көз жеткізу үшін, бағалау критерийлері мен дескрипторларды қолданамын. Оқушыларға тиімді кері байланыс беріп отырамын.

Қауіпсіздік ережелері әрдайым сақталады: оқушылардың түзу отыруына, тақтаға дұрыс қарауына мән беріледі, жалпы, СӨС ережелері сақталады.

Сабақта интербелсенді тақтаны қолдану арқылы оқушылардың АКТ дағдылары дамиды. Топта, жеке жұмыс жасау арқылы өзіне, бір-біріне құрметпен қарауға үйренеді.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы