Өлең - сөздің патшасы. Абай Құнанбайұлы «Он жетінші қарасөз». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 4-сабақ.
Сабақ: 4 | Мектеп: Қарағанды қ.ХББ НЗМ | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Есенжолова А.О. | |
Сынып: 10 L1 | Қатысқан оқушылар: | Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы | БӨЛІМ: Өлең - сөздің патшасы Абай Құнанбайұлы «Он жетінші қарасөз» | |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру | |
Сабақ мақсаты | Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады. | |
Құндылықтарды игерту | Тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы,жауапкершілік, академиялық әділдік | |
Пәнаралық байланыс | тарих, қазақ тілі | |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | PowerPoint, презентация | |
Бағалау критерийлері: | Көркем шығармалардан алған үзінділерді талдайды; Ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады. | |
Дескрипторлар: |
| |
Тілдік мақсаттар: | Тілдік мақсаттарыңызды белгілеңіз, соның ішінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерге мысалдар келтіріңіз. Бұрынғы өткен шақ формасын қолдану, жүгіну, пайда табу т.б.. Пән лексикасы және терминология: қарасөз, ақыл, қайрат, жүрек, ғылым. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер; Пән лексикасы және терминология: Мен ..............+ і.с. жұмысын «жетті» деп бағаладым, себебі.... | |
Осыған дейін меңгерілген білім | «Он жетінші қарасөз» талданды. |
Жоспар | ||
Уақытты жоспарлау | Дереккөздер | |
Басы 5 мин | Қызығушылықты ояту Төмендегі мәтінді оқыңыз. Осы мәтіндерде не басым: ақыл ма, қайрат па, жүрек пе? Оқушылар топта, жұпта талдайды. Дана данышпанның жомарттығы Аты жаһанға мәшһүр данышпандардың бірі достарымен қала қыдырып жүріп, пойызына кешігіп қалады. Әрең дегенде қуып жетіп, енді міне бергенінде, аяғындағы аяқ киімінің бір сыңары шешіліп, түсіп қалады. Бұл кезде жерге қайта түсіп алу мүмкін емес еді. Себебі, жүйткіген темір тұлпардың жылдамдығы сәт сайын күшейіп келеді. Жанындағы жолдастары "енді қайтер екен?" деп тұрғанда, данышпан аяқ киімінің екінші жұбын шешіп алып, анау алғашқысы түсіп қалған жаққа қарай лақтырып жібереді. Данышпанның мына қылығына түсінбеген біреуі шыдай алмай: "Неге бұлай жасадыңыз?" деп таңғала сұрайды. Оған күле қарап оқымысты былай деп жауап береді: "Теміржолды паналаған бір пақыр аяқ киімнің бір жұбын тауып алса, екіншісін де тауып кисін", — дейді. Дара сыңарының өзіне керегі болмайтынын ұғынып, өзінен гөрі бір жарлыға көмек болатынын түйсінген данышпанның даналығы өзгелерге үлгі болды.
Болған оқиға Институттан қайтып келе жатсам, метроның жанында бір ақсақалға көзім түсті. Соғыс ардагері екен. Алдына жайған орамалға соғыстағы ерлігі үшін таққан медаль, ордендерін самсатып қойыпты. Қу тіршілік тамақ үшін соғыстан бері серігі болған бар жақсысын саттыра бастаса керек. Жанына жетіп бардым да, әмиянымдағы барлық ақшамды салдыр-гүлдір еткізіп, алдына тастай салдым. «Ата, мына ақшаны алыңыз да, ерлігіңіз бен арыңыздың құнына жете алмайтын адамдарға бұл байлықты сатпаңыз», - дедім. Көзіне жас алған ата: «Рахмет, қызым» », - деп бар медалін жинап, түйіншекке түйді де, сыртынан сүйіп қойды. Мұндай сәттерде бір өзім бүкіл әлемді өзгерте алатындай болып кетем. Үміт оты оянады. Аружан Саин Сұрақ: Осы шағын оқиғаны ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыруға бола ма? Топқа бөлу Оқушылар Абай қарасөздері үзінділері арқылы 4 топқа бөлінеді. | А3 парағы, фломастерлер Таратпа материалдар |
Ортасы 32 мин | Мағынаны тану 1-тапсырма ЖЖ. Әр топ «ақыл», «ғылым», «қайрат», «жүрек» айтқан сөздерді естеріне түсіріп, пікір алмасады. 2-тапсырма ТЖ. Оқушылар тапсырмамен танысады, бағалау дескрипторларын өздері құрастырады. 1-топ Төмендегі үзіндіні ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, пікірлеріңізді ментальді карта түрінде ұсыныңыздар. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол – менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те – менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абырой мансапты еңбексіз табуға болады. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» – депті. 2-топ Төмендегі үзіндіні ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, пікірлеріңізді ментальді карта түрінде ұсыныңыздар. Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен, сенің сөзіңді ұғатұғын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» – депті. 3-топ Төмендегі үзіндіні ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, пікірлеріңізді ментальді карта түрінде ұсыныңыздар. Онан соң жүрек айтыпты: «Мен – адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын – мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын – мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын – мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» – депті. 4-топ Төмендегі үзіндіні ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, пікірлеріңізді ментальді карта түрінде ұсыныңыздар. Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты: – Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл, қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады. Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам – сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы. Қалыптастырушы топтық бағалау. 3-тапсырма ТЖ. «Сұрақтар қорабы» 1.Әр топ талданған мәтін бойынша бір үздік ойды таңдап алып, стикерге сұрақ жазады да, «Сұрақтар қорабына» салады. 2. Топтар бір – бір сұрақтан таңдап, сұрақтарды сыни тұрғыдан талдап, жауап береді. Кері байланыс Тапсырманы орындауда қиындықтар болды ма? Неліктен? Неге назар аудару керек деп ойлайсыз? | https://yandex.kz/video/search?filmId А3 парағы, фломастерлер Таратпа материалдар |
Соңы 3 мин | Рефлексия |
Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?