Өлең - сөздің патшасы. Абай Құнанбайұлы «Он жетінші қарасөз». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 3-сабақ.


Сабақ: 3

Мектеп: Қарағанды қ.ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Есенжолова А.О.

Сынып: 10 L1

Қатысқан оқушылар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

БӨЛІМ: Өлең - сөздің патшасы

Абай Құнанбайұлы «Он жетінші қарасөз»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

10.1.1.1 - әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну

Сабақ мақсаты

шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсінеді.

Құндылықтарды игерту

Тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы,жауапкершілік, академиялық әділдік

Пәнаралық байланыс

тарих, қазақ тілі

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint, презентация

Бағалау критерийлері:

шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдайды;

идеялық мазмұнын терең түсінеді.

Дескрипторлар:

Шығармадағы тірек сөздермен үш сөйлем құрайды;

«Шатасқан оқиғалар тізбегінің» дұрыс жауабын табады;

Өзіне ұнаған пікірді тауып, себебін дәлелмен жазады.

Тілдік мақсаттар:

Тілдік мақсаттарыңызды белгілеңіз, соның ішінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерге мысалдар келтіріңіз.

Бұрынғы өткен шақ формасын қолдану, жүгіну, пайда табу т.б..

Пән лексикасы және терминология: қарасөз, ақыл, қайрат, жүрек, ғылым.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер; Пән лексикасы және терминология:

Мен ..............+ і.с. жұмысын «жетті» деп бағаладым, себебі....

Осыған дейін меңгерілген білім

«Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңін талдау

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Дереккөздер

Басы

5 мин

Қызығушылықты ояту

Оқушылар слайда көрсетілген Абайдың қарасөзі бойынша пікір алмасады. Абайдың қарасөздері бойынша білетін ақпараттарын еске түсіреді.

Топқа бөлу

Оқушылар Абай қарасөздері үзінділері арқылы топқа бөлінеді.

Қима суреттер

Ортасы

32 мин

Мағынаны тану

1-тапсырма ТЖ.

Әр топ «ақыл», «ғылым», «қайрат», «жүрек» сөздерімен басталатын үш сөйлемнен жазады. Жазғандарын басқа топтармен алмасып оқиды, толықтырады. Өздеріне ұнаған пікірлер бойынша ой бөліседі, бірін-бірі ауызша бағалайды.

2-тапсырма Ж/ЖЖ.

Оқушылар https://yandex.kz/video/search?filmId=18158

сайтынан он жетінші қарасөзі туралы бейнематериал көреді, қажеттісін жазып отырады. Оқушылар мәтінді тағы бір рет жұпта оқиды.

3-тапсырма ТЖ.

«Шатасқан оқиғалар тізбегі»

Шығарма мазмұнын зер салып түсіну үшін кейіпкерлер орны ауыстырылып беріледі. Оқушылар дұрысын табу керек.

Ақыл айтыпты: «Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абырой мансапты еңбексіз табуға болады. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» – депті.

Жүрек айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен, сенің сөзіңді ұғатұғын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» – депті.

Онан соң Қайрат айтыпты: «Мен – адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын – мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» – депті.

Қалыптастырушы бағалау.

Қай топ бұрын тапса, сол топ мадақталады.

4-тапсырма ТЖ. «Менің пікірім» тәсілі

Мен ұнаған пікір

Себебі

Мысал

Кері байланыс

Тапсырманы орындауда қиындықтар болды ма? Неліктен?

Неге назар аудару керек деп ойлайсыз?

https://yandex.kz/video/search?filmId

А3 парағы, фломастерлер

Таратпа материалдар

Соңы

3 мин

Рефлексия «Бір сөзбен» әдісі

Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап, сабақтан алған әсерлерін сол сөздермен байланыстырып айтады.

  • Төзімсіздік
  • Ашу
  • Қуаныш
  • Немқұрайлылық
  • Қанағаттану
  • Шабыт
  • Зерігу
  • Алаңдау
  • Тыныштық
  • Сенімділік
  • Сенімсіздік
  • Рахаттану

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу