Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, презентация.


ІІ бөлім: ... Абайды оқы, таңырқа!

Абай Құнанбайұлы«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі

Сабақ мақсаты

Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.

Сөздердің мағынасын анықта . Осы сөздерді қатыстырып шағын мәтін жаз.

Ермек үшін жазу, ертегіні теру, орамды тіл, үлгі беру, көзі ашық, жастар

Тапсырмалар

1-тапсырма

Салыстыр. Алғашқы шумақтағы ойды талда. «Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар» деген жолдардағы қарама-қайшы ойды анықта.

2- тапсырма

Абай Құнанбайұлы өлеңнің 2-шумағын қара сөзге айналдырып жаз. Бұл жолдарда қандай адамды сынайды? Неліктен?

Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,

Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.

Шу дегенде құлағың тосаңсиды.

Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.

Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,

Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.

3- тапсырма

Өлеңнің идеясы қандай?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

сатылай кешенді талдау үлгісі

Ақын ініме

1.АвторыА.Байтұрсынов. Қазақтың тұңғыш тіл білімі негізін қалаушы ғалым, публицист, аудармашығмысалшы, саясаткер.

2.Тақырыбытақырыпбұл өнер туындысының іргетасы. Бұл өлеңнің тақырыбы- атқамінер шонжарлардың мінез-құлқын әшкерелеу.

3.Жанр түрі- поэзия (өлең) Өлең дегеніміз- белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырылып,үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.

4.Идеясы атқамінер шонжарлардың мінез-құлқын әшкерелеу. Халқына пайдасы тиетін, адал қызмет ететін адам болып қалыптасуға үндейді. Идея дегеніміз- автор тақырып арқылы өмір шындығын суреттегенде оны өз көзқарасы ,өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өзінің арман-мақсатын,қиялын білдіреді.

5.Шумақ-аяқталған синтаксистік тіртұтас ой. 8 шумақты

6. Тармақ-өлеңнің әр жолы. 30 тармақты

7.Бунақ — белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақты

8.Буын саны — дауысты дыбысқа байланысты. 11 буынды.

9.Ұйқас түрі — қара өлең ұйқасы (а-а-б-а) Ұйқас-өлең мазмұнымен тамырлас келіп, оған ерекше саз, әуен беретін өлең тармақтарындағы сөздер үндестігі.

Бағалау дескрипторы

Жұптық бағалау

Рефлексия

[attachment=27577:aza-debieti_6-synyp_2-tarau_1-saba_-prezentacija_1-nsa.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу