Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


ІІ бөлім: ... Абайды оқы, таңырқа!

Абай Құнанбайұлы«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі

Сабақ : № 21

Мектеп: Астана қ. ФМБ НЗМ

Күні :

Мұғалім: Меңдібаева С.Ә

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаты

Т/Ж3 Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау.

Құндылықтарды игерту:

  • адамгершілік
  • сыйластық
  • құрмет

Бағалау критерийлері:

  • Кейіпкерлер түрін біледі
  • Кейіпкерді тек тұрғысынан сипаттай алады.

Тілдік мақсаттар:

Тірек сөздер

Қыңыр келу, тыным бермеу, әсіре қызыл

Осыған дейін меңгерілген білім

Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту кезеңі

Мәтіндерді оқы. Лирикалық қаһарман деген кім?

«Өлеңдегі кейіпкер кім?» деген сұрақты анықтай келіп, лирикалық кейіпкер туралы терминмен танысу үшін қалымдар пікірін оқиды, топта, жұпта талдайды

1-мәтін

Абай поэзиясында сол кездегі дәуір шындығы, қат-қабат қоғамдық қарым-қатынастар жан-жақты, терең бейнеленген. Әрине, лирикалық шығармаларда өмір шындығы, әлеуметтік құбылыстар бар. Лирикалық шығармада негізінен алғанда жеке адамның көңіл-күйі,сезімі суреттелетіні белгілі. Ақын көбінесе өз жайын, өзінің айналадағы өмірге, әр түрлі құбылыс-жағдайларға көзқарасын сипаттайды. Бірақ ол өз жайын, өз басының мұңын, арманын, қуаныш-сезімін жыр етсе де, ол қалайда халықтың тағдырын, қайғы-мұңын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек мақсаттарын көрсетеді

2-мәтін

Ұлы ақын өзі жайлы, өзінің жеке басы жайлы айтса да, көптің тағдырын, адамзат жайын сөз етеді» деуі тегін айтылмаған. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирикалық қаһарманның ой-сөзімі, тағдыры өз заманында суреттелсе, соғұрлым ол типтік қасиеттері мол, сомдап жасалған ірі түлғаға айналып, дәуірдің көрнекті екілі болып шығады. Лирикалық поэзияның осы ерекшеліктері Абайдың өлеңдерінен мейлінше толық керінеді. Абай лирикасынан ақынның кеңіл күйін, жан дүниесін, толғанысын сөзініп қана қоймаймыз; солар қылы қазақ қоғамына, жалпы адам баласына тән сипаттарды, дәуір, заман келбетін танытатын қасиет белгілерді молынан табамыз.

3-мәтін

Өлең-жырларында ақын көбіне өз атынан сөйлейді. Басқа адамның бейнесін жасап, соның атынан айтуы сирек кездеседі. Мысалы, Абай «Болыс болдым мінеки...» деген өлеңінде бастан-аяқ болысты сөйлетіп қояды. «Айттым сәлем, қалам қас», «Қиыстырып мақтайсыз...» деген өлеңдерін бірде жігіттің, екіншіде қыздың сөзі етіп құрады. Ақын өлеңді өз атынан айтқанда Лирикалық кейіпкердің бейнесі жасалады. Себебі, ол ақынның өз бейнесі, жинақталған Лирикалық кейіпкердің бейнесі болып шығады. Ақын қоғам өмірі, заман, адам туралы толғанғанда, өзін «мен» деп, «біз» дей отырып, сол ортаның адамы, белгілі бір ұрпақ буынның өкілі ретінде сөзінеді. Сондықтан жекелеген өлеңнен қалайда ақынның өмірбаянынан нақтылы дерек іздеу үнемі қисынды бола бермейді.

Сабақтың ортасы

5 – 7 минут

5 минут

7 минут

Ауызша кері байланыс 3 мин

10

минут

Ауызша кері байланыс беру

2-минут

Саралау тапсырмасы

Мағынаны тану кезеңі

1-тапсырма

Үзіндідегі кейіпкер қандай? Анықта.

Сөз айттым "Әзірет Әлі", "айдаһарсыз",Мұнда жоқ "алтын иек, сары-ала қыз".Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз,Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2- тапсырма

Кестемен жұмыс істе

Өлең жазушыға ақын қандай кеңес береді?

Өлеңнен мысал

Менің тұжырымым

3- тапсырма

Ақынның өлеңді ермек үшін жазбағанын дәлелдеп жаз

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау дескрипторы

Өлеңдегі кейіпкерді біледі

Лирикалық қаһарманның ойын анықтайды

Ақын мақсатын өлең арқылы анықтайды

Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырма:

Мектептегі жоғары сынып оқушыларының арасында сауалнама өткізу

Үзіндінің мағынасын түсіне алдың ба?

Батырдан барымташы туар даңғой,Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой.Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз,Елірмелі маскүнем байқалған ғой.Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп,Қинамай қызыл тілді кел, тілді ал, қой!

Мысалы:

Батырдан барымташы туар даңғой жолдарының мағынасын түсінбедім -4

Қызықшыл, қызшыл сөздерінің мағынасын түсінетіндер саны- 7

Мисыз бәңгінің күлкісі деген жолды түсіндім - 8

Қызыл тілді қинамау деген жолдар мағынасын түсіндім- 2

Негізгі тапсырма

Осы сауалнамаға талдау жасау, Түсіндіруге арналған арналған 50 сөзден тұратын кітапша жаса

https://www.youtube.com/results?search_query=%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D0%B9+%D2%9B%D2%B1%D0%BD%D0%B0%D0%BD%D0%B1%D0%B0%D0%B9%D2%B1%D0%BB%D1%8B

презентация

Сабақтың соңы

3 минут

Сабақ рефлексиясы

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлан

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

  • Конспектілеуді пирамидалық тәсіл арқылы бергенім дұрыс, ұтымды болды

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу