Доспамбет пен Шалкиіздің «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауын салыстыру. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Әдебиет

Мектеп: Астана

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6Т1

Қатысқан оқушылар саны: 20

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Доспамбет пен Шалкиіздің «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауын салыстыру

Оқу бағдарламасына сілтеме:

6.3.1.1 - шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру

Сабақтың мақсаты:

шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беремін

Оқушылардың барлығы орындай алады:

шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстырады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстырып, көркемдік құндылығына талдау жасайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қорлар мен терминдер: Саздауға біткен қара ағаш, ғазырейіл, жалған дүние, екі арыстап жау шапса...

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Бағалау критерийлері:

шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстырады;

тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

жырауларға құрмет, батырлық, ерлік

Пәнаралық байланыс

Тарих

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс

Осыған дейін меңгерілген білім

6.2.4.1 - әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Басы

2 минут

3 минут

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Шаттық шеңбері» оқушылар шеңбер бойымен тұрып, бір-бірінің иығына оң қолын қойып жақсы тілекті дауыстап айтады.

Топқа бөлу. Алдыңғы сабақтағы Доспамбет жыраудың «Қоғалы көлдер, қом сулар» өлеңінен қандай сөздер есімізде қалды? Мысалы: қоға, арғымақ, көбе, арыстан. Осы сөздерді оқушылар қайталай отырып, төрт топқа бірігеді.

Оқу мақсаты, бағалау кр таныстыру, талқылау

Ортасы

3 минут

7 минут

15 минут

Ой шақыру

  • Қоғалы көл деген не?
  • Қом су дегенді қалай түсінесіздер?

«Сөздер сөйлейді»

Оқушылар топ ішінде оқып, «Джигсо» әдісімен бір-біріне түсіндіреді.

«Қом су»

XV-XVI ғасыр жырауларының өлең-толғауларында: Қоғалы көлдер, қом сулар, Кімдерге қоныс болмаған (Шалкиіз); Қоғалы көлдер, қом сулар, Қоныстар қонған өкінбес (Доспамбет) – деген жолдарды оқимыз. XV-XVIІІ ғасырларда жасап өткен ақын-жыраулар мұралары жарияланған басылымдардың барлығында дерлік бұл өлең тармағы қоғалы көлдер, құм сулар болып жазылған. Дұрысы қом сулар болуы керек. Қом сөзінің қазірде біз білетін мағыналары: 1) түйе өркештерінің түп жағында тұтаса біткен жота майы; 2) түйеге жүк арту үшін, оның қос өркеші мен жотасын (қомын) орай салынған қабат-қабат киіз. Бұл тұлғалардың мағынасын іздей түссек, алтай тілінде ол «толқын» деген ұғымды да береді екен (Радлов. Опыт словаря...). толқын тұрды дегенді қом кірді дейді. Қомды тұлғасы толқынды дегенді білдіреді. Сонда мағынасы «қоғалы көлдер, қом сулар» деген бейнелі тұрақты тіркес болып сақталып қалған деуге болады. Қоғалы көл – тыныш кішкене көлдер, ал толқынды сулар – үлкен өзендер мен теңіздер болмақ.  Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/23683/

Мәтінмен жұмыс. Екі толғауды салыстырайық

Доспамбет

Қоғалы көлдер, қом суларҚоныстар қонған өкінбес.Арыстандай екі бұтын алшайтып,Арғымақ мінген өкінбес.Кілең бұздай кілшейтіп,Көбелер киген өкінбес.Жұпарын қардай боратып,Арулар құшқан өкінбес.Торы төбел ат мініп,Той тойлаған өкінбес.Құрама шапшақ көп қымызҚұйып ішкен өкінбес.Екі арыстап жау шапса,Оқ қылқандай шаншылса,Қан жусандай егілсе,Аққан судай төгілсе, БетегеліСарыарқаның бойындаСоғысып өлген өкінбес!

http://bilim-all.kz/olen/2039-Azau-Azau-degenin сайтынан

Шал киіз жырау

Қоғалы көлдер, қом сулар,Кімдерге қоныс болмаған,Саздауға біткен қара ағаш,Кімдерге сайғақ болмаған.Жағына жалаң жібек байлағанАрулар кімнен қалмаған.Жағы түкті жылқы айуанИесін қайда жаяу салмаған.Жалп-жалп еткен жапалақЖазыда кімге жолдас болмаған.Сар шыпшықтай шырлатыпҒазырейіл кімдерге құрық салмаған,Сақалына сары шіркей ұялап,Миығына қара шыбын балалап,Жазыда мал іздеген қазақтыңБасы қайда қалмаған.Күлелік те ойналық,Киелік те ішелік,Мынау жалған дүниеКімдерден кейін қалмаған!!!

http://meninkyzmetim.ucoz.kz сайтынан

Дифференциациялық тапсырма.

Жеке жұмыс

А деңгей

Екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырып, Венн диаграмасын толтырыңыз.

Бағалау критерийлері:

  • Екі мәтіннің ұқсас жерін табады;
  • Айырмашылығын ажыратады.

В деңгей

Екі шығарманы салыстырып, тіліне, көркемдік құрылымына талдау жасаңыз.

Бағалау критерийлері:

  • Көркемдік құрылымды ажыратады;
  • Шығарма тілін талдайды.

С деңгей

Өлең сөздерінен екі жыраудың ой жеткізу шеберлігіне, көтерген идеясына баға беріңіз.

Бағалау критерийлері:

  • Жыраулардың ой жеткізу шеберлігін талдайды;
  • Көтерген идеясына баға береді.

http://bilim-all.kz/olen/2039-Azau-Azau-degenin сайтынан

https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/23683/

Сабақтың соңы

5 минут

5 минут

Үйге тапсырма: Доспамбет жыраудың «Қоғалы көлдер, қом сулар» өлеңін Махамбеттің осы аттас өлеңімен салыстыру.

Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек»

Кері байланыс: «Неге? Неге? Неге?»

Оқушылар шеңберге тұрады. Жүргізуші осы сабақта не үйренгенін айтады және сөйлемін «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі тыңдаушы сол сұраққа жауап беріп, жауабын «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі ойыншылар осы әрекеттерді тізбек бойынша жалғастырады. Ойынның соңында барлық үйренушілер орындалған тапсырмаларды еске түсіріп, тақырыптың түйінді идеяларының байланысын түсінеді.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушылар дифференциациялық тапсырмаларды

орындайды.

Оқушылардың бірін-бірі бағалауы, өзін бағалауы, мұғалімнің бағалауы түрінде тексеріледі.

Әдебиет,тарих пәндерімен байланыста өткен бұл сабақта АКТ қолданылып, оқушылар сыныпта өзара құрмет пен шығармашылықпен жұмыс жасайды.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1

2

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу