Доспамбет пен Шалкиіздің «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауын салыстыру. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.
Мұғалімге арналған қосымша ақпарат
Сабақта пайдалану үшін
«Дананың кілттері» (Thinker's Keys)
Тони Райан жасаған «Дананың кілттері» бірқатар ойлауды талап ететін тапсырмаларды орындауға оқушыларды қызықтыру және тарту үшін арнайы әзірленген жиырма шақты іс-әрекет (кілттер) кешені болып табылады.
Бірқатар көмекші сұрақтар немесе тапсырмалар оқушылардың талдау жасау, сын тұрғысынан және креативті ойлау қабілетін ашуға арналған кілт түрінде ұсынылған.
«Керісінше» кілті – сөйлемде «істей алмаймын», «ешқашан» және «істемеймін» сөздерін пайдалануды көздейтін тапсырма, мысалы, «Сіз Лондонда ешқашан таба алмайтын заттардың тізімін жасаңыз».
«Егер де» кілті – «егер де» деген сұрақ қойып, олардың ойларын графикалық органайзерге жазып отырыңыз.
«Әліпби» кілті – берілген тақырыпқа қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектеңіз.
«Жаңа дизайн» кілті (ағылшынның BAR аббревиатурасынан: (B - bigger) артық, (A - add) қосу, (R – remove, replace) алып тастау) – күнделікті заттарға жаңа дизайн беру үшін қолданылады.
«Конструктор» кілті – шектеулі құрылыс материалдарын креативтілікпен пайдалануды талап ететін мәселелерді шешу жөніндегі тапсырма.
«Кемшіліктер» кілті – нақты бір пән немесе тәжірибелік сабақ бойынша кемшіліктер тізімін жасаңыз.
«Тағы қалай?» кілті – күнделікті қолданылатын заттарды әртүрлі жағдайда пайдалану тізімін жазу үшін қиялыңызды пайдаланыңыз.
«Қиыстыру» кілті – үйлеспейтін екі объектінің қасиеттерін санамалаңыз, одан кейін жаңа және жақсарған өнім жасау үшін осы қасиеттерді біріктіріңіз.
«Жөнсіздік» кілті – ауани орындауға болмайтын жөнсіз пікірлер айтыңыз, содан соң оны дәлелдеуге ұмтылыңыз.
Әдебиет сабақтарында осы тәсілдерді пайдалана отырып, оқушының білімін өзіне бағалатып, өзіндік рефлексия жасаған кезде білімнің пайдалы болары сөзсіз.
İNSERT немесе түртіп алу стратегиясы — түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» — білмеймін, «-» — мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды — деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?