Доспамбет пен Шалкиіздің «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауын салыстыру. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.


Сөздер сөйлейді.

«Қом су» ХV-XIX ғасырларда өмір сүрген қазақтың ақын-жырауларының өлең-толғауларында, бағзы заманнан келе жатқан мақал-мәтелдерде, сондай-ақ кейбір ежелден қалыптасқан сөз тіркестерінің құрамында бұл күнде аса көп қолданылмайтын, мағынасы күңгірт тартқан немесе мүлде түсініксіз біраз сөздер кездеседі. Сонымен қатар, қазірде жиі айтылатын актив сөз болғанымен, ертеректе беретін мағынасы басқаша болған бірқатар атаулар бар. Ендеше, ұмыт болған, мағынасы көмескіленген ескі сөздерді еске түсіру мен мағынасын ашу барысындағы кезекті танымдық ақпаратымызды ұсынамыз. «Қом су» тіркесінің мәнін ашатын боламыз. Қом су. XV-XVI ғасыр жырауларының өлең-толғауларында: Қоғалы көлдер, қом сулар, Кімдерге қоныс болмаған (Шалкиіз); Қоғалы көлдер, қом сулар, Қоныстар қонған өкінбес (Доспамбет) – деген жолдарды оқимыз. XV-XVIІІ ғасырларда жасап өткен ақын-жыраулар мұралары жариялланған басылымдардың барлығында дерлік бұл өлең тармағы қоғалы көлдер, құм сулар болып жазылған. Дұрысы қом сулар болуы керек. Қом сөзінің қазірде біз білетін мағыналары: 1) түйе өркештерінің түп жағында тұтаса біткен жота майы; 2) түйеге жүк арту үшін, оның қос өркеші мен жотасын (қомын) орай салынған қабат-қабат киіз. Бұл тұлғалардың мағынасын іздей түссек, алтай тілінде ол «толқын» деген ұғымды да береді екен (Радлов. Опыт словаря...). толқын тұрды дегенді қом кірді дейді. Қомды тұлғасы толқынды дегенді білдіреді. Сонда мағынасы «қоғалы көлдер, қом сулар» деген бейнелі тұрақты тіркес болып сақталып қалған деуге болады. Қоғалы көл – тыныш кішкене көлдер, ал толқынды сулар – үлкен өзендер мен теңіздер болмақ. 

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/23683/

Доспамбет

Қоғалы көлдер, қом суларҚоныстар қонған өкінбес.Арыстандай екі бұтын алшайтып,Арғымақ мінген өкінбес.Кілең бұздай кілшейтіп,Көбелер киген өкінбес.Жұпарын қардай боратып,Арулар құшқан өкінбес.Торы төбел ат мініп,Той тойлаған өкінбес.Құрама шапшақ көп қымызҚұйып ішкен өкінбес.Екі арыстап жау шапса,Оқ қылқандай шаншылса,Қан жусандай егілсе,Аққан судай төгілсе, БетегеліСарыарқаның бойындаСоғысып өлген өкінбес!

http://bilim-all.kz/olen/2039-Azau-Azau-degenin сайтынан

Шал киіз жырау

Қоғалы көлдер, қом сулар,Кімдерге қоныс болмаған,Саздауға біткен қара ағаш,Кімдерге сайғақ болмаған.Жағына жалаң жібек байлағанАрулар кімнен қалмаған.Жағы түкті жылқы айуанИесін қайда жаяу салмаған.Жалп-жалп еткен жапалақЖазыда кімге жолдас болмаған.Сар шыпшықтай шырлатыпҒазырейіл кімдерге құрық салмаған,Сақалына сары шіркей ұялап,Миығына қара шыбын балалап,Жазыда мал іздеген қазақтыңБасы қайда қалмаған.Күлелік те ойналық,Киелік те ішелік,Мынау жалған дүниеКімдерден кейін қалмаған!!!

http://meninkyzmetim.ucoz.kz сайтынан

[attachment=27346:aza-debieti_6-synyp_1-tarau_3-saba_-didaktikaly-material_2-nsa.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу