Доспамбет пен Шалкиіздің «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауын салыстыру. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, презентация.
САБАҚ МАҚСАТТАРЫ:
Бағалау критерийі:
Доспамбет пен Шалкиіздің «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауын салыстыру
шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беремін
шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстырады;
тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.
Ойшақыру
Қоғалы көл деген не?
Қом су дегенді қалай түсінесіздер?
Сөздер сөйлейді
Қом сөзінің қазірде біз білетін мағыналары: 1) түйе өркештерінің түп жағында тұтаса біткен жота майы; 2) түйеге жүк арту үшін, оның қос өркеші мен жотасын (қомын) орай салынған қабат-қабат киіз. Бұл тұлғалардың мағынасын іздей түссек, алтай тілінде ол «толқын» деген ұғымды да береді екен. Қомды тұлғасы толқынды дегенді білдіреді. Сонда мағынасы «қоғалы көлдер, қом сулар» деген бейнелі тұрақты тіркес болып сақталып қалған деуге болады. Қоғалы көл – тыныш кішкене көлдер, ал толқынды сулар – үлкен өзендер мен теңіздер болмақ.
1-тапсырма
Екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырып, Венн диаграмасын толтырыңыз.
Бағалау критерийі:
Екі мәтіннің ұқсас жерін табады;
Айырмашылығын ажыратады.
2-тапсырма
Екі шығарманы салыстырып, тіліне, көркемдік құрылымына талдау жасаңыз.
Бағалау критерийі:
Көркемдік құрылымды ажыратады;
Шығарма тілін талдайды.
3-тапсырма
Өлең сөздерінен екі жыраудың ой жеткізу шеберлігіне, көтерген идеясына баға беріңіз.
Бағалау критерийі:
Жыраулардың ой жеткізу шеберлігін талдайды;
Көтерген идеясына баға береді.
Үйге тапсырма:
Доспамбет жыраудың «Қоғалы көлдер, қом сулар» өлеңін Махамбеттің осы аттас өлеңімен салыстыру.
Кері байланыс «Неге? Неге? Неге?»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?