Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауы. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, дидактикалық материал.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

Тапсырма бермей тұрып, ең алдымен оқушылардың қызығушылығын ояту үшін «Кім? Сен кімсің?» ойыны жүргізіледі. Бұл ойын бөлім бойынша өткен материалды қайталауға көмектеседі. Ортаға бір оқушы шығады. Ол оқушыға бөлім бойынша A4 парақшаға салынған суреттер көрсетіледі, қалғандары онда не салынғанын білмейді. Ортадағы оқушы сынып оқушыларына үлестірме парақшадағы сурет бойынша «Кім? Сен кімсің?» сұрақтарын қояды. Қалған оқушылар оған «иә», «жоқ» деп жауап береді.

Немесе

Оқушыларды «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы арқылы сабаққа бағыттауға болады. Оқушылар шеңбер құрастырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Қобдиша ішінде парақшаға адамгершілік қасиетті білдіретін сөздер жазылған. Мысалы ақкөңіл, досы үшін жанын аямайды, тазалықты сүйеді, жақсылық жаса уға құмар, ешкімді ренжітпейді, ренішті тез ұмытады.

Қобдишадан әр қатысушы кезекпен сөзді таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты

деп санаған сыныптасына сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің

сыйлығын айтады.

Оқушылар «Домино» әдісі бойынша төрт адамнан тұратын топқа бірігеді. Негізгі ойын үш адамның арасында жүреді. Бір оқушы бақылаушы болады. Жүрісті бастаған оқушы әр қадам сайын тақырыпқа байланысты бір сөз айтуы керек. Қарсыласы өз жүрісінде оның сөздерін қайталамай жаңа сөз айтып жүрісін жалғас тырады. Бақылаушы уақытты, қарсыластардың сөз-

дерінің дұрыстығы мен қайталанбауын қадағалайды. Тапсырма екі минутқа негізделеді.

Оқушылар шығарма негізінде «Сегіз қырлы ой» кестесін толтырады. Жеті ой қысқа жауаппен

беріледі. Сегізінші ой бөлігінде «Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі арқылы көзқарастарын жинақтап,

ойтолғау жазады. Оқушылар жұмыстарын «Көршілер» кері байланыс парағы арқылы «Сенің көр-

шің бүгін қандай үш нәрсені меңгерді..., Сенің көршің бүгін нені көбірек білгісі келді..., Сенің көршің өлең туралы не ойлайды...» қорытындылайды.

[attachment=27509:aza-debieti_6-synyp_1-tarau_4-saba__malimge-arnalan-nsauly_1-nsa-1-1.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу