Қазақстандағы туризмнің болашағы қандай? Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ. 1 нұсқа.
Мәтіналды жаттығулар
ЖЖ. 1-тапсырма. Жаныңа жақын туризмнің түрлері туралы жұбыңмен ой қозға.
-табиғат туризмі;
-этнотуризм;
-су туризмі;
-спорт туризмі және альпинизм т.б.
......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Т. 2-тапсырма. Пікірталас мәдениетіндегі сөз қолданыстар туралы ойларыңды ортаға сал.
Пікірталас жеке тұлғаның танымын кеңейтеді. Қазіргі іскер адамдарға қоғамдық-әлеуметтік маңызды мәселелерді жете және жемісті талдай алу қабілеті қажет. Олар өз ойларын түсіндіре, дәлелдей алуы керек, қарсы жақтың пікірін жоққа шығарып, өз пікірінің дұрыстығына көз жеткізуі тиіс. Сондықтан іскер адамдар сөзталас өнерін, пікірталас шеберлігін үйренуді мақсат етеді.
https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/43678/
Мәтінмен жұмыс кезеңі
«Қазақстандағы туризмнің болашағы қандай?» тақырыбындағы мәтінмен танысып, жұбыңмен талқыла.
Әлемде дамыған елдердің көбісі туризмге ерекше мән береді. Өйткені, бұл сала - мемлекет үшін табыс көзі. Өкінішке қарай, Қазақстанда көрікті жерлер мен тарихи нысандар көп болғанымен, қызмет көрсету, жол мәселесі, маркетинг бір ізге қойылмаған. Оның үстіне бағалары да айтарлықтай қымбат екені жасырын емес. Аталған мәселелер өз шешімін тапса, отандастарымыз Анталия емес, Алакөлді бетке алар еді.. Мысалы, 2016 жылы шағын ғана мемлекет - Сингапурге 16,4 млн турист келген. Соның арқасында туризмнен түсетін табыс 13,9 пайызға өсіп, 24, 8 млрд долларға жеткен. Елімізде орташа табыс табатын қарапайым адамдардың өзі 200-300 мың теңгесі болса, Таиландқа, Дубайға барып келуге құмар.
Биылдан бастап, 45 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз келе алатын болды. Олардың қатарында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының, Еуропалық Одақтың мүшелері, сонымен қатар Біріккен Араб Әмірліктері, Малайзия, Сингапур сияқты елдер бар. Бірақ сонда да келушілер тарапынан ынта-ықылас жоқ. Универсиада кезінде 30 мың турист келеді деп күттік. Бірақ 2000-ға жетпейтін шетелдік болды.
Осы орайда, әлеуметтік желіде сауал тастап көріп едік. Көпшілігі халқымыздың жалқаулығын, инфрақұрылым, қызмет көрсету, бағаның қымбат болуын алға тартқан.
Ал дәл қазір бізде бар табиғи әдемі жерлер өзге елдерде де бар. Сондықтан басқаларды қызықтыру қиын деп отыр.
Мәтіннен кейінгі кезең
ЖЖ. Тапсырма. Тілдік құралдары арқылы мәтіннің тақырыбына, идеясына, көтерілген мәселесіне, астарлы ойына талдау жасаңдар.
мәтін тақырыбы мен идеясы | көтерілген мәселе | астарлы ойы | |
Тілдік құралдары |
Елдегі туризмнің дамуына ауа райының қолайсыздығы да әсер етеді. Сондай-ақ тамақтану жағы да кемшін екені айтпаса да түсінікті.
Мәтіннен кейінгі кезең
ЖЖ. Тапсырма. Тілдік құралдары арқылы мәтіннің тақырыбына, идеясына, көтерілген мәселесіне, астарлы ойына талдау жасаңдар.
мәтін тақырыбы мен идеясы | көтерілген мәселе | астарлы ойы | |
мәтіндегі тілдік құралдар |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?