Қазақстандағы туризмнің болашағы қандай? Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ. 2 нұсқа.


Ойқозғау.

Туризм – әлемдегі экономикалық кірісі ең жоғары саланың бірі. Оның елдің экономикалық қуатын күшейтіп, халықтың тұрмысын жақсартудағы, жұмыссыздықты азайтып, кәсіптену орайын арттырудағы рөлі өзгеше. Қазақстан 1993 жылы Дүние жүзі туристік ұйымының мүшелігіне енді. Дәл осы жылы туризмді дамыту бағдарламасы дайындалып, содан бері туризм сан-салалы шаруашылықты шалқытып, экономиканы нығайтудың маңызды саласы ретінде қаралып келеді.

Сұрақ: Қазақстандағы туризм саласының даму деңгейі көңіліңізден шыға ма?

Мәтіналды жаттығулар

ЖЖ. 1-тапсырма. Қазақстанның қай өңірінде туризмнің қандай түрлерін дамытуға алғышарттар бар?

Жұбыңмен талқылап, Қазақстанда төрт маусымда туризмнің барлық түрлерін дамытуға болатынын дәлелде.

Ж. 2-тапсырма. «Қазақстандағы туризмді дамыту» тақырыбында өтетін Дөңгелек үстелге дайындал.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - қоғамдағы өзекті мәселе жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру, көпшілікке ой тастау. Оған туризм тақырыбын жан-жақты зерттеп жүрген, осы мәселені қоғамдық ортада жиі көтеріп жүрген арнайы маман ретінде қатыс. Мәселенің мән-жайын егжей-тегжейлі түсіндіруге дайындал. Ол үшін төменде берілген мәтінді мұқият тыңдап, мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды жазып ал.

Мәтінмен жұмыс кезеңі

Ж/Т.Мәтінді тыңдап, онда айтылған қоғамдық ой-пікірлердің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екендігін саралап түсіндір.

Тыңдалым мәтіні: «Туризм гүлденбей, тұрмыс түрленбейді»

Мәтіннен кейінгі кезең

Ж/Т. Дөңгелек үстел соңында туризмді дамытуға байланысты нақты ұсыныстар келтіріп, көпшіліктің қатысуымен талқыла.

Дескриптор

- туризмді дамыту жолдарын қарастырады;

- мәтіндегі тілдік оралымдарды жазып алады;

- пікірталас мақсатына сай қолданады.

Мәтіннен кейінгі кезең

ЖЖ. Тапсырма. Тілдік құралдары арқылы мәтіннің тақырыбына, идеясына, көтерілген мәселесіне, астарлы ойына талдау жасаңдар.

мәтін тақырыбы мен идеясы

көтерілген мәселе

астарлы ойы

мәтіндегі тілдік құралдар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу