Туризмнің дамуы. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 7 сабақ. 1 нұсқа.


 Мұғалімге арналған нұсқаулық

 Оқушыға мақаланың не туралы жазылатынын, қандай мақсатта жазылатынын, кімдерге арналатынын (оқырманның жас ерекшелігін, мамандығын, қызығушылығын) анықтап алуды ұсыныңыз. Мысалы, ғылыми мақала мен балаларға арналған мақаланы шатастырмау керек. Оқушы мақала жазарда мына мәселелерді есте ұстағаны жөн:

 - Аудиторияға сәйкес дайындығыңыз да өзгеріп отыруы керек.

 - Оқырманға не керектігін іздеңіз.

 - Оқырмандар не туралы білгісі келеді?

 - Олар іздеген мәліметті беруге сіздің білім қорыңыз жеткілікті ме?

 Бұл арқылы мақала жазуға сюжет табу оңай болады.

 Сонымен бірге мұғалім оқушыға жазатын мақаласының еш жерде талқыланбағанын, жаңа, өзекті болуын, ал егер жазғысы келген тақырыбы жауыр болса, оның берілу форматын өзгертуді, яғни өзге бір қырынан беруге тырысуды ұсынады. Бар дүниені қайталап жазып шығу емес, ең болмағанда сол ақпаратты толықтыру мақаланың өзектілігін арттырады. Бұл арқылы оқырманның назарын аудара алатындығын әрі олар әр жазған мақаласына қайта оралып оқитындай болатындығын айтып, оқушыны ынталандырып қойған дұрыс.

 Ғылыми мақала жазудың шарттары:

  • оқырманның ой қорытуына, сараптауына мүмкіндік беретіндей жазылуы;
  • таңдалған тақырыптың зерттелуі, негіздерін білуі;
  • жазылғалы жатқан мақаланың жалпы сипатының ойластырылуы;
  • сенімді ақпарат көздеріне жүгіну;
  • талқыланатын тақырыптың оң да, теріс те көзқарастарын жинақтап, оларды салмақтау

Мақаланың жоспары

  • Жазу алдында оның неден басталып, қалай аяқталатынын, негізгі бөлімде қандай мәселе айтылатынын белгілеп алу. Егер жоспар құратын болса, мақаланың қай бөлімінде композициялық қате барын, қай бөліміндегі деректі толықтыру керектігін біле алатын болады.
  • Жазу стиліне, құрылымына уақыт бөлу. Мәселен, мақала мазмұны балалар туралы болса, онда архаизм, термин сөздер қосудың реті жоқ. Ал ғылыми мақалада ақпаратты ауызекі сөзбен жеткізуге болмайды.

 Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/18474



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу