Туризмнің дамуы. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ. 2 нұсқа.


Сабақ жоспары

5. Туризм: экотуризм.

Шешендік сөздер

Айтыс.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тоганакова Р.С.

Сынып: 11

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Туризмнің дамуы (2-нұсқа)

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау;

11.3.1.1 таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью жазу.

Сабақтың мақсаты

Тақырыпқа сай ұсынылған кестедегі мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау; жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтап, тілдік құралдарды орынды қолданып мақала жазу

 Бағалау критерийлері

Кестедегі мәліметтерді салыстырып талдайды, негізгі ақпараттарды анықтайды, ғылыми стильдің талаптарын сақтап мақала жазады.

 Дескрипторлар

-мәтінді оқиды, негізгі ақпараттарды табады;

-негізгі ақпараттарды анықтайды;

-тілдік құралдарды қолданып мақала жазады.

 Тілдік дағдылар

Пәнге тән лексика мен терминология:

экзотика, туристік база, туризмнің даму картасы, туризм нарығы, тартымды туристік аудандар

Оқушылар тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдерді, диалог және жазылымға пайдалы тіркестерді түсінеді және қолданады.

 Құндылықтарды дарыту

Өз еліне, жеріне сүйіспеншілік, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту

 Дифференциация

- Тапсырмаларды орындауда оқушыларға бағыт-бағдар беріп отыру;

- Сабақ барысында жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтауға жетелеу.

 Пәнаралық байланыс

география

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді, экология, ядролық және мұнай өндірістері бойынша білімдерін толықтырады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздері

Сабақтың басы

3 минут

Ой шақыру

Оқушылар «Бэкроним» әдісі арқылы «туризм» сөзінде берілген әр әріп бойынша мағыналы сөйлем құрып айтады. Сөздер бастапқы әріптен басталуы тиіс.

Т-

У-

Р-

И-

З-

М-

Мұғалім оқушылардың жауаптарын қорыта келе сабақтың тақырыбын хабарлайды: «Туризмнің дамуы».

Сабақ мақсатымен таныстырады.

Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.

Слайд

Сабақтың ортасы

7 минут

8 минут

15 минут

2 минут

Мағынаны тану

Оқылымалды тапсырма

Мұғалім оқушыларды туристік жарнамалармен төрт топқа бөледі.

1-топ – «Визит Ақтөбе» жарнамасы

2-топ – «Қарлығаш туризм» жарнамасы

3-топ – «Тамғалы» жарнамасы

4-топ – «Қамқор туризм» жарнамасы

Мұғалім оқушыларға тапсырма шартын түсіндіреді. Тапсырманы жұппен орындау ұсынылады. Әр жұпқа екі жарнамадан беріледі. 1-тапсырма. Оқушылар берілген кестедегі (жарнама мәтініндегі) ақпараттарды тауып, сұрақтарға жауап жазу керек.

  • Туристік компания атауы қандай?
  • Ұсынатын қызметі қандай?
  • Мерзімі (жылы, айы, күні, сағаты) қашан?
  • Бағасы/құны?
  • Туризм түрі қандай?

Оқылым тапсырмасы

Мұғалім оқушыларға жарнама мәтінінен анықтаған деректерді салыстырып талдауды ұсынады. Жарнамалар бойынша SWOT талдау жасайды.

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Мүмкіндіктері

Қауіптері

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Жарнамадағы ақпараттарды пайдаланып, ғылыми стильдің талаптарын сақтай отырып, берілген тіркестерді қолданып мақала жазуды тапсырады.

Қажетті тіркестер: экзотика, туристік база, туризмнің дамуы, туризм нарығы, тартымды туристік аудандар

Дескрипторлар:

-мәтінді оқиды, негізгі ақпараттарды табады;

-негізгі ақпараттарды анықтайды;

-тілдік құралдарды қолданып мақала жазады.

Мұғалімнің бағалауы

Мұғалім оқушылардың жауаптарына сындарлы кері байланыс береді:

Мына ... жұптағы оқушылардың жазбалары қатесіз болды.

Мына ... жұптағы оқушыларға әлі де ережені оқу керек.

- Мына жұптағы оқушылар мәтін бойынша сұраққа нақты жауап берді.

Кері байланыс сабақтың өн бойында жүріп отырады.

1-таратпа

2-таратпа

3-таратпа

Сабақтың соңы

5 мин

«Жылдам кездесу» стратегиясы

Қарама-қарсы тұрып, бір-біріне сабақта не қиын болды? деп сұрақ қояды, жауап алынған соң жұбын ауыстырады. Келесіде қойылатын сұрақ – сабақта не үйрендің? Жауабын тыңдағаннан кейін келесі оқушыға бетпе-бет кездеседі де сабақта не ұнады? деп сұрайды. Осындай ретпен барлық оқушы бір-біріне сабақ бойынша рефлексия жасап шығады.

Сабақты қорытындылау.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу