Туризмнің дамуы. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ. 1 нұсқа.
Сабақ жоспары
5. Туризм: экотуризм. Шешендік сөздер Айтыс. | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Тоганакова Р.С. | ||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақтың тақырыбы | Туризмнің дамуы (1-нұсқа) | ||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 11.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау; 11.3.1.1 таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью жазу. | ||||||
Сабақтың мақсаты | Тақырыпқа сай ұсынылған кестедегі мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау; жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтап, тілдік құралдарды орынды қолданып мақала жазу | ||||||
Бағалау критерийлері | Кестедегі мәліметтерді салыстырып талдайды, негізгі ақпараттарды анықтайды, ғылыми стильдің талаптарын сақтап мақала жазады. | ||||||
Дескрипторлар | -мәтінді оқиды, негізгі ақпараттарды табады; -негізгі ақпараттарды анықтайды; -тілдік құралдарды қолданып мақала жазады. | ||||||
Тілдік дағдылар | Пәнге тән лексика мен терминология: экзотика, туристік база, туризмнің даму картасы, туризм нарығы, тартымды туристік аудандар Оқушылар тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдерді, диалог және жазылымға пайдалы тіркестерді түсінеді және қолданады. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Өз еліне, жеріне сүйіспеншілік, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту | ||||||
Дифференциация | - Тапсырмаларды орындауда оқушыларға бағыт-бағдар беріп отыру; - Сабақ барысында жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтауға жетелеу. | ||||||
Пәнаралық байланыс | география | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді, экология, ядролық және мұнай өндірістері бойынша білімдерін толықтырады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер | Дереккөздері | |||||
Сабақтың басы 3 минут 2 минут | Жайлы атмосфера орнату. «Екі шындық, бір өтірік» шаттық шеңбері. Мұнда оқушылар шеңбер бойымен өздерінің екі шындығын және бір өтірігін айтып шығады. Бұл әдістің тиімділігі оқушылар сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар жүйелі ойлап, нақты айтуға тырысады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын қорыта келе сабақтың тақырыбын хабарлайды: «Туризмнің дамуы». Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді. | Слайд | |||||
Сабақтың ортасы 4 минут 8 минут 15 минут 5 минут | Мағынаны тану Оқылымалды тапсырма. «Сұрақ-жауап» әдісі 1.Жай сұрақ: Туризм дегеніміз не? 2. Бекіту сұрағы: Туризмнің қандай түрлері бар? 3. Интерпретация сұрағы: Туризмі жақсы дамыған қандай елдерді білесіз? 4.Бағалау сұрағы: Адамдар саяхатқа неліктен көрікті жерлерге барғысы келеді? 5.Шығармашылық сұрақ: Елімізде туристік аймақ деп атауға болатын жерлерді білесіз бе? Ол қандай аймақтар? 6.Практикалық сұрақ: Қазақстанда қай қалаларды туризм орталығына айналдыруға болады деп ойлайсыз? Не себептен? Оқылым тапсырмасы Мұғалім оқушыларға тапсырма шартын түсіндіреді. 1-тапсырма Оқушылар берілген кестедегі ақпараттарды тауып, сұрақтарға жауап жазу керек.
2-тапсырма. Тапсырманы жұппен орындау ұсынылады. Әр жұпқа екі кестеден беріледі. Мұғалім оқушыларға жарнама мәтінінен анықтаған деректерді салыстырып талдауды ұсынады. Салыстыруда Венн диаграммасын қолдануға болады. Оқылымнан кейінгі тапсырма Кестедегі ақпараттарды пайдаланып, ғылыми стильдің талаптарын сақтай отырып, берілген тіркестерді қолданып мақала жазуды тапсырады. Қажетті тіркестер: экзотика, туристік база, туризмнің даму картасы, туризм нарығы, тартымды туристік аудандар Дескрипторлар: -мәтінді оқиды, негізгі ақпараттарды табады; -негізгі ақпараттарды анықтайды; -тілдік құралдарды қолданып мақала жазады. Өзіндік бағалау. Оқушылар БК негізге ала отырып, өзін-өзі бағалайды. Мұғалімнің кері байланысы: Мына ... жұптағы оқушылардың жазбалары қатесіз болды. Мына ... жұптағы оқушыларға әлі де ережені оқу керек. Мына жұптағы оқушылар мәтін бойынша сұраққа нақты жауап берді. Кері байланыс сабақтың өн бойында жүріп отырады. | 1-қосымша 2-қосымша | |||||
Сабақтың соңы 3 мин | Рефлексия «Үшбұрыш» стратегиясы 1-оқушы – туризм тақырыбына қатысты сұрақ қояды, 2-оқушы – сұраққа жауап береді, 3-оқушы комментарий жазады. Жауабын таныстырады. Сабақты қорытындылау. | Түрлі түсті қағаздар | |||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?