Қазақстандағы туризмнің болашағы қандай? Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ. 2 нұсқа.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туризм: экотуризм. Шешендік сөздер Мектеп: Уақыты: Мұғалімнің аты-жөні: Сыныбы: 11 қатысқаны: қатыспағаны: | |
Сабақтың тақырыбы: | Қазақстандағы туризмнің болашағы қандай? |
Грамматикалық материал | Әңгіме және дөңгелек үстел. Ой айқындылығы. Сөз дәлдігі. Пікірталас мәдениетіндегі сөз қолданыстар |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау |
Сабақ мақсаты | арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау |
Бағалау критерийлері |
|
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: тақырыпқа сай сөздер мен фразаларды іріктей алады. Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: туризм, экотуризм, туризмнің түрлері, инфрақұрылым, жолдар т.б. Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, мен ... ойлаймын... т.б. |
Құндылықтарды дарыту | Сабақ мазмұны арқылы академиялық адалдық, жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің және өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау, көшбасшылық сияқты құндылықтар сіңіріледі. Жаһандық азаматтық ұғымы «экотуризм» мәселесіне қатысты көрініс табады. |
Пәнаралық байланыс | География, экономика |
Алдыңғы білім | Оқушылардың төменгі сыныптан саяхат және көрікті жерлер туралы түсінігі бар. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурс тар | |
Сабақтың басы 0-2
3-8 | Ұйымдастыру. Оқушылар дөңгелене қойылған үстел басында бір-бірімен бетпе-бет сөйлесе алатындай етіп отырғызылады. 1.Жаңа сабаққа оқушы назарын аудару. Ойқозғау. Туризм – әлемдегі экономикалық кірісі ең жоғары саланың бірі. Оның елдің экономикалық қуатын күшейтіп, халықтың тұрмысын жақсартудағы, жұмыссыздықты азайтып, кәсіптену орайын арттырудағы рөлі өзгеше. Қазақстан 1993 жылы Дүние жүзі туристік ұйымының мүшелігіне енді. Дәл осы жылы туризмді дамыту бағдарламасы дайындалып, содан бері туризм сан-салалы шаруашылықты шалқытып, экономиканы нығайтудың маңызды саласы ретінде қаралып келеді. Сұрақ: Қазақстандағы туризм саласының даму деңгейі көңіліңізден шыға ма? 2. Сабақ тақырыбы, мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийлерін оқушылар өздері құрастырады. | МД слайд | |
Сабақтың ортасы 9-11
12-15 16-23 24-33
34-37 | 3. Жаңа тақырыпты меңгерту. Мәтіналды жаттығулар ЖЖ. 1-тапсырма. Қазақстанның қай өңірінде туризмнің қандай түрлерін дамытуға алғышарттар бар? Жұбыңмен талқылап, Қазақстанда төрт маусымда туризмнің барлық түрлерін дамытуға болатынын дәлелде. Ж. 2-тапсырма. «Қазақстандағы туризмді дамыту» тақырыбында өтетін Дөңгелек үстелге дайындал. Дөңгелек үстелдің мақсаты - қоғамдағы өзекті мәселе жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру, көпшілікке ой тастау. Оған туризм тақырыбын жан-жақты зерттеп жүрген, осы мәселені қоғамдық ортада жиі көтеріп жүрген арнайы маман ретінде қатыс. Мәселенің мән-жайын егжей-тегжейлі түсіндіруге дайындал. Ол үшін төменде берілген мәтінді мұқият тыңдап, мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды жазып ал. Мәтінмен жұмыс кезеңі Ж/Т. Мәтінді тыңдап, онда айтылған қоғамдық ой-пікірлердің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екендігін саралап түсіндір. Тыңдалым мәтіні: «Туризм гүлденбей, тұрмыс түрленбейді» Мәтіннен кейінгі кезең Ж. Дөңгелек үстел соңында туризмді дамытуға байланысты нақты ұсыныстар келтіріп, көпшіліктің қатысуымен талқыла. 4. Бағалау. Оқушылар бір-бірінің жауабын бағалайды, өзара кері байланыс береді. Дескриптор - туризмді дамыту жолдарын қарастырады; - мәтіндегі тілдік оралымдарды жазып алады; - пікірталас мақсатына сай қолданады. | ||
Сабақтың аяғы 38-40 | Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. 5. Рефлексия Мұғалім тақтаға «Нысананы» іледі. Оқушылар сабақ туралы пікірлерін «нысанаға» белгілеп, рефлексия жасайды. Сабақты қорытындылау. | слайд | |
Дифференциация Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау | |
Туризм гүлденбей, тұрмыс түрленбейді
Қазақстанның Орта Азияның туристік шаңырағына айналуына еш қиндық жоқ еді. Бірақ біз сол деңгейге жете алмай отырмыз. Оның да себебіне талдау жасап көрейік.
Біріншіден, Қазақстан Үкіметі туризмді дамыту жоба-жоспарын жасағанымен, еліміздегі туристік орындардың көбінің шарт-жағдайы көңілдегідей емес. Бәрі маусымдық сипатты саяхаттың шеңберінен шыға алмайды.
Екіншіден, туризм үгіті тебінсіз. Еліміздің көркем жерлерін таныстырған бірер фильмнен басқа, туристік орындарды, туристерге жасалатын қолайлылықтарды таныстыратын ақпарат жоқтың қасы. Ғаламтордың өзінде туристерге Қазақстанның туристік жерлері туралы біліп, танысуларына мүмкіндік жасалмаған. Қызығушылық тудыратындай айтылып, жазылып, көрсетілмеген соң, шетелдік турист түгіл, қазақстандықтардың өзі Отанымыздың әсем жерлеріне саяхаттап бармайды.
Үшіншіден, қазақстандықтардың туризмге деген түсінігі басқаша. Біздің азаматтарымыздың көбі Қазақстан территориясы ішінде ел көріп, жер көргенді саяхат санамайды. Мүмкіндігі жетсе, шетел асып саяхаттау санасына сіңген. Оның үстіне, табатын табысымен санағанда қазақстандықтар үшін туристік өңірлердің бағасы қымбат. Осыдан барып елімізде «Бурабайда бір апта демалғаннан Дубайға барған тиімді» дейтін көзқарас қалыптасқан.
Төртіншіден, соңғы кездері салынған жолдарды есепке алмағанда, Қазақстанның көп өңірлерінде жол нашар. Автобустары өте көне, жаз айларында пойыз билеті жетіспейді. Ұшақ билеті қымбат.
Бесіншіден, туристердің Қазақстанның әр облысындағы көрікті орындарын тез әрі ұтымды жолмен аралап шығуына тиімді саяхат жобасы жасалмаған. Әр облыс, аудан, қалалардың туризмге арналған ортақ жобасы жоқ. Туристердің көбі естіген, білген жеріне барып қана қайтады.
Алтыншыдан, Қазақстанның туристік орындары шетелдік туристерді көптеп қабылдауға әлі дайын емес. Қонақүйлер жетіспейді, танымал саяхат орындарынан салынған қонақүйлердің бағасы шетел саяхатшылары үшін арзан болғанмен, бұл бағаны кез келген қазақстандық саяхатшылардың қалтасы көтере бермейді.
Жетіншіден, туристік орындардың инфрақұрылымдары кемелсіз. Мәселен, атағы әлемге айгілі Шарын шатқалында жібі түзу дәретхана жоқ. «Дүние жүзіне әйгілі Шарын шатқалында дұрыс дəретхананың болмауы кішкентай мәселе сияқты көрінгенімен, бұл Қазақстанның туризм саласына қаншалық көңіл бөліп отырғандығының бір дәлелі деп ойлаймын. Тақтаймен шегелеп жасап қойған дәретханалардың іші өте лас»,- деді «Алтын көпір» халықаралық саяхат серіктестігінің директоры Амантай Тұрсынұлы.
Сегізіншіден, саяхатшыларға жол бастап, туристік орындардың басты ерекшелігін түсіндіретін туризм нұсқаушылары аз. Бар болса да, білімі, тіл қабілеті төмендеу. Кейбір орындар туризмге қызмет етудің маңызды буыны саналатын бұл түйінді ескерусіз қалдырған.
Тоғызыншыдан, Қазақстанның визасын алудың қиындығы да шетел туристерінің жолын кесіп тұр. «Қазақстанның визасын алу өте қиын. Электронды виза беру жұмысы биылдан бастап атқарылмақ. Бірақ бұл әлі кемелденіп, толық қолданысқа енген жоқ. Қазақстанның визасын ала алмаған соң, елімізге келгісі келетін туристер де шарасыздықтан шетелге кетіп жатыр»,- деді Алма Бермағамбетова.
Оныншыдан, Қазақстанда «Туризмді дамыту» туралы көп айтылып, министрліктерде жоспары жасалғанымен, нақты атқарылып жатқан жұмыстар мардымсыз. Сөз бар, нақты нәтиже жоқ. Туризм табысының үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түскенімен, жергілікті басқару органдарының туристік қызметті басымдық деп танымауы аталған саланың дамуындағы тежеуші факторы болып отыр.
https://old.elorda.info/kk/analytics/view/kazakstandagy-turizmnin-hali-kalay
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?