Шешендік сөздер. Ойталқы (диспут). Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.
Сабақ жоспары
Сабақ : 4 | Мектеп: | |||||||
Күні : | Мұғалім: | |||||||
Сынып: 9 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||
Сабақтың тақырыбы: | 1-бөлім: Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер. Ойталқы (диспут). Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері | |||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: |
| |||||||
Сабақ мақсаты: | 11.2.2.1 таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы); | |||||||
Пәнаралық байланыс: | әдебиет, тарих, география | |||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интербелсенді тақта, презентация, бейнематериал | |||||||
Бағалау критерийлері: | Пән лексикасы және терминология: стиль, ғылыми сөйлеу стилі, т.б
| |||||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: Сөйлеу дағдыларын жетілдіреді, оқыған материалдарына сыни көзқараспен қарап, пікірін білдіреді, сұрақтар қояды, болжайды. Пән лексикасы және терминология: Келешек, тәуелсіздік дәуірі, толеранттылық, дамыған ел, антиядролық бағыт, стиль түрлері, стильдік белгілер. Жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: Менің ойымша, ..................................., Ойымды қорытындылайтын болсам, бұл пікір __________. | |||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер | |||||||
Жоспар | ||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||
Сабақтың басы 3 мин. 2 мин | 1. Қызығушылықты ояту «Хронология» әдісі Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бір топ «Оқырмандар», екінші топ «Зерттеушілер» болады. Оқушыларға интерактивті тақтадан немесе кинопроектордан тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан жетістіктері көрсетіледі. Оқушылар алдымен жетістіктердің қай жылдарға қатысты екенін анықтайды. Содан кейін «Зерттеушілер» тобы Қазақстанның даму жолына шолу жасау арқылы хронологиялық кесте құрып, оқырмандар тобын таныстырады. «Оқырмандар» тобы Қазақстанның даму жолына қатысты білгісі келген сұрақтарды «Зерттеушілер» тобына қояды. Сұрақ саны үштен аспауы керек. Сұраққа жауап алғаннан кейін «Оқырмандар» тобы «Зерттеушілер» тобының жұмысына баға береді. Бүгінгі сабақта алған мәліметтерінің құндылығы жайында қорытынды пікір айтады. (Қабілеті жоғары оқушыны зерттеуші, қабілеті орта оқушы оқырман болуға бағыттаңыз).Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды. | |||||||
Сабақтың ортасы | Мағынаны ажырату Оқылымалды тапсырмасы 1. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері қандай жетістіктерімен мақтана алады? 2. Біздің жетістіктеріміз дамыған елдердің жетістіктерімен қатар тұра ала ма? 3. Дамыған елу елдің, отыз елдің қатарына қосылу шындыққа жанасымды ма, жүзеге аспайтын қиял ма? 4. Келешекте Қазақстанды күллі әлемге таныта аламыз ба? 2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Әр топ өз мәтінін оқиды, екі сұрақ құрастырады, сағат бойымен жылжыта отырып, келесі топтың мәтінімен айырбасталады. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі 27 жетістігі 1-топ. 1. Үш жүз жылға тарта созылған бодандықтың қамытынан кейін ең басты жетістік ретінде - Қазақстанның 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялауын атауға болады. 16 желтоқсаннан бастап Қазақстан үшін жаңа тарихи кезең - Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз кітабында жазғандай «Тәуелсіздік дәуірі» басталды. Тәуелсіздік жарияланғаннан кейін мемлекеттің негізін қалаушы құжаттар қабылданып, әлем картасында Қазақстан атты ел қайта жаңғырды. Жас мемлекет шекарасын бекемдеп, өз армиясын құрды, дербес мемлекеттің қажетті басқару құрылымын шегелеп, мемлекеттік символдарын бекітті. 2. 27 жылдың ішінде әлемдік қауымдастықтар Қазақстанды толеранттылықты қамтамасыз етуге, барлық ұлттардың конфессияаралық және мәдениаралық байланыстарын нығайтуға бағытталған ішкі саяси жүйесі бар мемлекет ретінде мойындады. Қазақстанның ынтымағы жарасқан халқы заманға сай әрі бәсекеге қабілетті зайырлы мемлекеттің іргесін қалады. 3. Достықтың бейбіт әрі конструктивті саясатын жүргізіп, тату көршілік және өзара тиімді ынтымақтастықты таңдаған Қазақстан халықаралық қауымдастықтардың толыққұқықты мүшесі ретінде бекітілді. 4. Қазақстанның егемендігі жарияланбай тұрып, Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жарлығымен Семей облысындағы әлемдегі ең ірі сынақ полигондарының бірін жапты. Арада көп өтпей, дербес мемлекет ретінде Қазақстан әлемде қуаты жағына төртінші ядролық қару арсеналынан бас тартты. Еліміздің жасаған осы қадамдары әлемдік қауымдастықтардың, сонымен бірге жетекші державалардың сенімін нығайта түсті. Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstan-tauelsiz-el-atangan-27-zhyldagy-27-zhetistik_a3478425 2-топ. 5. Қазақстан жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға қалай көшу керектігін өз жолымен көрсетіп берді. Нарықтық экономиканың барлық негізгі механизмдерін жолға қойды. Экономикасының ары қарай дамуы - жас мемлекетке ары қарай барлық саланы реформалауға мүмкіндік беріп отыр. 6. Қазақстанда демократияның негізгі қағидаттарына негізделген жаңа саяси жүйе құрылды, тиісті заңнама қалыптасты. Тиімді мемлекеттік басқару аппараты ары қарай жетілдірілуде. 7. Этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы теңдестірілген және көреген мемлекеттік саясаттың арқасында Қазақстан қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің айрықша моделін жолға қойып отыр. 8. Бұл модельдің маңызды бөлігі ретінде Мемлекет басшысының бастамасы бойынша құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясын атауға болады. 9. Қазақстанда екі модернизация сәтті өтті. Біріншісі тәуелсіздік алған жылдардан бері басталып, мемлекет жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға қарай көшін түзеді. 10. Екінші модернизация тоқсаныншы жылдардың соңында, 2030 жылға дейінгі Стратегияны қабылдау және Астананың ел орталығы ретінде бекітілуімен 2010 жылдың ортасында аяқталды. Қазақстан тұрақты экономикалық өсудің траекториясына түсті, мемлекеттік институттардың және орта тап жүйесін құрды, өз азаматтарының өмір сапасын едәуір жақсартып, жаңа астананы құрды. Өзінің теңшелген және жауапты да сауатты сыртқы саясаты арқылы халықаралық беделін нығайтты. Аймақта көшбасшылық құқығын дәлелдеді. Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstan-tauelsiz-el-atangan-27-zhyldagy-27-zhetistik_a3478425 3-топ. 11. 2012 жылы мемлекет «Қазақстан - 2030» Стратегиясында белгіленген барлық міндеттерді мерзімінен бұрын орындады. Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің және даму деңгейі орташа елдердің тобына енді. Сонымен бірге, әлемнің 30 дамыған елінің қатарына кіру міндетін алға қойған «Қазақстан-2050» жаңа Стратегиясы қабылданды. 12. 2017 жылдың басынан бастап Қазақстанда үшінші жаңғыру жүзеге асырылуда. Оның негізгі міндеттерін Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың 31 қаңтарынан бастап «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында белгіледі. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, бұл жаңғыру қазіргі жаһандық сынақтарға қарсы тұрудың жоспары емес, болашаққа, «Стратегия-2050» мақсаттарына тартылған көпір іспеттес. Ол «Бес институционалдық реформа» бағдарламасын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізінде жүзеге асырылады. Президент 30 дамыған елдің қатарына ену үшін әлемдік орташа және тұрақты прогресс деңгейінен жоғары экономиканың өсу қарқынын қамтамасыз етуге бағытталған жаңғыртудың бес негізгі басымдығын атады. Бірінші басымдық - экономиканы жеделдетілген технологиялық тұрғыда жаңғырту. Екінші басымдық бизнес ортасын түбегейлі жақсарту және кеңейту болса, үшінші басымдық - макроэкономикалық тұрақтылық. Төртінші басымдық - адами капиталдың сапасын арттыру. Бесінші басымдық - институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. 13. Экономикалық табыстың арқасында халықтың әл-ауқатын арттыруға жол ашылды. 1996 жылы Қазақстан халқының 35 пайызы кедейлікте өмір сүрген еді. Қазір Қазақстан бұл күрделі кезеңді артта қалдырған ел. Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstan-tauelsiz-el-atangan-27-zhyldagy-27-zhetistik_a3478425 4-топ. 14. Қазақстан - Тұңғыш Президенттің шешімімен жұмысын үйлестірген «Невада-Семей» әлеуметтік қозғалысынан бастап, ядролық қаруға қарсы күрес жүргізуде әлем елдерінің көш басында тұрған мемлекет. Қазақстанның бастамаларының арқасында БҰҰ Бас Ассамблеясы Ядролық қарусыз әлем құру туралы жалпы декларацияны қабылдады. 15. Мемлекет басшысының салмақты беделі арқылы әлемнің жетекші елдерінің басшыларының арасында абыройға ие болған қазақстандық дипломатияның жетістіктері елімізге бітімгершілікке үлкен үлес қосуға жол ашты. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік күштерінің іс-шараларына қатысады. 16. Қазақстан Республикасының бітімгершілік және антиядролық бағыттағы жұмысы 2017-ші жылдан бастап БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайлануына байланысты жаңаша серпінге ие болды. 17. Қазақстан он жылдан астам уақыттан бері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізуге мұрындық болып отыр. Сонымен қатар, саммит Орталық Азия аймағында және бұрынғы КСРО аумағында - тұңғыш рет Қазақстан астанасында өткізілді. 18. Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитіне дайындық барысында және форумның өзінде Қазақстан Ұйым жұмысының форматын өзгертетін ұсыныстар енгізе алды. 1-2 желтоқсанда өткен ЕҚЫҰ Саммиті үлкен саяси маңызы бар оқиғаға айналып, бұл Қазақстан мен оның көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық аренадағы беделін одан әрі нығайта түсті. 5-топ 19. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша пікір алмасу алаңы ретінде қалыптасып қалған әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съездері - дінаралық және конфессияаралық диалогты тек конструктивті форматта өткізуге мүмкіндік береді. 20. Қазақстан мен Тұңғыш Президенттің айрықша жетістігі - жаңа орталық - Астананың бой көтеруі. Соңғы 21 жылда қарапайым ғана облыс орталықтарының бірі - қалалық сәулет саласындағы барлық халықаралық талаптар бойынша, сондай-ақ мәртебелі қалаларға қойылатын барлық талаптарға сай астанаға айналды. Астана - егеменді Қазақстанның мақтанышы. Елорда бүкіл республиканың даму қарқынына серпін береді. 21. Қазақстанның жетістіктерінің бірі - Еуразиялық экономикалық интеграция саласындағы бастамалары, аймақтық экономикалық және саяси көшбасшылығы. Бүгін де Қазақстан БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ШЫҰ, ТМД, ЕАЭО, КО, ҰҚШҰ, ЭЫДҰ және басқа да үкіметаралық бірлестіктердің, жетекші халықаралық ұйымдарының мүшесі. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемнің 180 елімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ЕАЭО, ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, АӨСШК және Түркі кеңесі секілді беделді халықаралық ұйымдарда төрағалық етті. 22. Қазақстанның өзге елдермен орнатқан өзара тиімді қарым-қатынастарын жеке айта кетуге болады. Солтүстіктегі Ресей Федерациясы - әлемдегі жетекші державалардың бірі, көрші ел әрі бұрынғы мегаполис. ҚХР - көршілес ел ретінде Қазақстанның экономикалық дамуын одан әрі жеделдетуге қабілетті үлкен әлеуеті бар сауда-экономикалық әріптес. Америка Құрама Штаттары және Еуропалық Одақ елдері - барлық ғылыми-техникалық жетістіктерге және сауда-экономикалық серіктестерге ие, заманауи әлемдік саясат пен экономикадағы негізгі үдерістердің дамуын айқындайтын мемлекеттер. Міне, осы мемлекеттердің бәрімен Қазақстан өзара тиімді байланысты жолға қойды. Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstan-tauelsiz-el-atangan-27-zhyldagy-27-zhetistik_a3478425 6-топ 23. Тәуелсіздік жылдарында Орталық Азияға құйылған инвестициялардың 70 пайызын Қазақстан өзіне тарта білді. Бұл ретте ең ірі инвесторлар - Нидерланды, АҚШ, Швейцария, Франция, Ұлыбритания, Ресей, Италия, Жапония, Бельгия және Канада. Қазақстанға барлығы 300 миллиард доллардан астам инвестиция салынған. 24. 2009 жылы басталған индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы біртіндеп қазақстандық экономиканың барлық құрылымын кезең-кезеңмен өзгертіп келеді. Индустрияландыру жылдарында 1250 жаңа кәсіпорын және 300 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Әлемнің 100-ден астам елі қазақстандық өнімдердің тұтынушылары. Соңғы жылдары Қазақстанда бұрын өндірілмеген 500-ден астам өнім түрлері шығарыла бастады. Оның 50-ін еліміз экспорттауда. 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегия бекітілгенін де ерекше атап өту керек. 25. 2017 жылғы «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі Астанада үлкен табысқа ие болды. Көрмеде жас ұрпаққа жаңа жасыл технологиялар таныстырылып, қауіпсіз және ресурс үнемдейтін энергетика саласындағы ғылым мен техникалардың соңғы жетістіктері паш етілді. Көптеген инвестициялық келісімдер жасасып, көрмеден кейін болашақта белсенді түрде қолданылатын қуатты инфрақұрылым мұра болып қалды. 26. Осы жылдың шілде айынан бастап Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Астана» Халықаралық қаржы орталығы ЭКСПО көрме кешенінде орналасқан. ХҚО ағылшын құқығы бойынша жұмыс жүргізеді. Орталық қаржы капитал қақпасы, инвестициялық капитал орталығына айналуды көздейді. 27. Қазақстан спорт жағынан ең мықты 30 мемлекеттің қатарына кіреді. Елде белсенді өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Мемлекет спортқа үлкен қолдау білдіргендіктен, қазақстандық спортшылар ірі халықаралық жарыстарда биік белестерге жетуде. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның спортшылары олимпиада ойындары мен түрлі деңгейдегі халықаралық жарыстарда 70 олимпиадалық медаль мен 700-ге жуық медальді жеңіп алды. Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstan-tauelsiz-el-atangan-27-zhyldagy-27-zhetistik_a3478425 Оқылымнан кейінгі тапсырма. «Мәселелерді зерттеу ағашы» әдісі
Топтық бағалау. 4-тапсырма. Мәтіндегі мазмұн мен көтерілген мәселеге қатысты 3 түрлі сұрақ құрастырып, өз пікіріңізді білдіре отырып, талқылауға қатысыңыз 5-тапсырма. «Үш қадамды сұхбат» Көзқарас. Қазақстанның келешегіне қатысты көзқарасыңызды білдіріңіз. Анықтау. Мәтінде көтерілген қоғамдық-саяси құндылықтарды анықтаңыз. Салыстыру. Мәтінде айтылған жетістіктердің жаһандық мәселелермен байланыстырып салыстырыңыз. | |||||||
Сабақтың соңы 2 мин | Рефлексия: «Мозаика» әдісі арқылы сабаққа кері байланыс жасалады. 1.Маған ұнаған әрекет 2. Маған қиындық тудырғаны 3. Ұсынысым бар 4.Менің көңіл-күйім | |||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Қауіпсіздік ережелері | ||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?