Шешендік сөздер. Ойталқы (диспут). Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация. 3 сабақ.


Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі

Ойталқы (диспут). Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері

Сабақ мақсаты

11.2.2.1 таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы)

Ғылыми стиль

Ғылыми-стиль —зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет ететін стильдің бір түрі. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін ғылыми стильге нақтылық, логикалықЛогикамазмұнМазмұн дәлелділігі қажет.

Ғылыми тіл ерекшеліктері

Ғылыми стильде сөйлемдегіСөйлем сөздердіңСөз қалыпты орны, тілТіл нормасы қатаң сақталады. Яғни ғылыми стильде сөз көп мағыналы болып келмейді.Тек сөздің белгілі бір анықтамасы арқылы қолданылады. Сонымен қатар ол сөздің мағынасын ашу үшін де ғылыми стиль қолданылады. Қазіргі таңда ғылымҒылым даму үстінде. Сол себепті күннен-күнге жаңа ғылыми сөздер пайда болуда. Адамдар осы сөздерді ғылыми стильді қолдана отырып мағынасын жазуда. Сол арқылы жаңа пайда болған сөздер жалпы халықтық лексикаға айналады

Ғылыми стиль түрлері

Ғылыми-стильдегі еңбектерге монографияМонографияоқулықОқулықмақалаМақалағылыми есепҒылыми есепдиссертацияДиссертациярефератРефератбаяндамаБаяндама (мұндай бет жоқ)тезистерТезистерпатенттерПатенттер (мұндай бет жоқ), т.б. жатады.

Оқылымалды тапсырма

1. Ғылыми стильге тән ерекшеліктер қандай?

2. Ғылыми стильде диалог пен монолог қолданыла ма? Қайсысы жетекші рөлде (монолог)

3. Ғылыми стильдің қандай міндеттері бар? (ақпарат берушілік және ықпал етушілік міндеттері)

2-тапсырма. Жаңа ақпаратты жұпта, топта талда, қажеттілігін дәлелде.

Тезис – дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-пайымдаулар. Тезистің басты ерекшелігі ұсынылатын дәйектерге дәлелдер келтірілуі тиіс

Негізгі тезистер - дерек көзінің мазмұнын жалпылайтын басты тұжырымдамалар. Мұндай тезистерден кейбір жағдайда материалдардың мазмұнын тұтастай айқындайтын жеке жазбалар жасалады. 

Қарапайым тезистер – бұл басты ой-пайымдаулар, кейде конспектінің, рефераттың құрамдас бөлігі ретінде енгізіледі.Кез келген еңбекте, оның әрбір бөлімдерінде қарапайым тезистер көбірек кездеседі.

 Күрделі тезистер - негізгі және қарапайым тезистер қатар қолданылатын, ойды бекітудің пайдалы және жетілген түрі. 

Дәйексөз тезистері. Тезистердің бір бөлігі дәйексөз ретінде келтірілуі мүмкін. Мұндай әдісті әртүрлі көзқарастарды салыстыру үшін пікір, аннотация жазғанда қолданады.

Тезис құрылымы

3-тапсырма

«Қазақстан бүгінгі таңда» деген тақырыпта ғылыми конференцияға дайындаған баяндамаңның күрделі тезисін құрастыр.

4-тапсырма

Жазған тезисіңді жұпта талда.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу