Шешендік сөздер. Ойталқы (диспут). Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
Сабақ жоспары
Сабақ : 4 | Мектеп: | |||||||
Күні : | Мұғалім: | |||||||
Сынып: 9 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||
Сабақтың тақырыбы: | 1-бөлім: Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер. Ойталқы (диспут). Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері | |||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: |
| |||||||
Сабақ мақсаты: | 11.2.2.1 таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы); | |||||||
Пәнаралық байланыс: | әдебиет, тарих, география | |||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интербелсенді тақта, презентация, бейнематериал | |||||||
Бағалау критерийлері: | Пән лексикасы және терминология: стиль, ғылыми сөйлеу стилі, т.б
| |||||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: Сөйлеу дағдыларын жетілдіреді, оқыған материалдарына сыни көзқараспен қарап, пікірін білдіреді, сұрақтар қояды, болжайды. Пән лексикасы және терминология: тіл нормасы, тезис,негізгі тезис, қарапайым тезис, күрделі тезис, стильдік белгілер. Жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: Менің ойымша, ..................................., Ойымды қорытындылайтын болсам, бұл пікір __________. | |||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер | |||||||
Жоспар | ||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||
Сабақтың басы 3 мин. 2 мин | 1. Қызығушылықты ояту Оқушылар сынып қабырғасында ілініп тұрған ғылыми стиль туралы мәліметтер, ережелерді оқиды. Жұпта, топта талдайды.
Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды. | |||||||
Сабақтың ортасы | Мағынаны ажырату Оқылым алды тапсырма 1. Ғылыми стильге тән ерекшеліктер қандай? 2. Ғылыми стильде диалог пен монолог қолданыла ма? Қайсысы жетекші рөлде (монолог) 3. Ғылыми стильдің қандай міндеттері бар? (ақпарат берушілік және ықпал етушілік міндеттері)
2-тапсырма. Жаңа ақпаратты жұпта, топта талда, қажеттілігін дәлелде.
3-тапсырма «Қазақстан бүгінгі таңда» деген тақырыпта ғылыми конференцияға дайындаған баяндамаңның күрделі тезисін құрастыр. Ол үшін төмендегі кеңестерді есте сақта: ғылыми мақала жазу барысында үш кезеңге мән бер 1) Жазуға дейінгі дағдылар; 2) Жазу кезіндегі дағдылар; 3) Жазудан кейінгі дағдылар. Жазуға дейінгі дағдылар: ойлау, ішкі үн, логикалық бөліктерге ажырату, сыртқы тіл. Ал тезис үшін төмендегі құрылымды сақтау маңызды: Негізгі тезис Дәлел 1 дәлел 2 дәлел ... Иллюстрация (мысалдар) Қорытынды (резюме) 4-тапсырма. Жазған тезисіңді жұпта талда. Жұптық бағалау. | |||||||
Сабақтың соңы 2 мин | Рефлексия: «Мозаика» әдісі арқылы сабаққа кері байланыс жасалады. 1.Маған ұнаған әрекет 2. Маған қиындық тудырғаны 3. Ұсынысым бар 4.Менің көңіл-күйім | |||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Қауіпсіздік ережелері | ||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?