Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігі. Даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілерді ережеге сай қолдану . Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары.


  

Қысқа мерзімді жоспар.

Пәні:

Күні:

Сынып: 11Т-1

Мектеп:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім атауы

Жаңа әлемдегі театр мен киноматография. Шешендік сөздер

Сабақтың тақырыбы:

Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігі. 

Даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілерді ережеге сай қолдану 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.7.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігін талдайды;

.Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтінді абзац пен бөліктерге бөліп, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп жеткізеді , логикалық және стильдік түзетулер енгізіп, редакциялау жасайды.

Кейбір оқушылар орындай алады: Даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілерді ережеге сай қолданады. 

Бағалау критерийлері

Құндылықтарды дарыту

Өзгелердің мәдинетіне және көзқарасына құрметпен қарау.Жауапкершілік.

Пәнаралық байланыс

Театр, кино, өнер

АКТ қолдану дағдылары

таныстырылым

Тілдік құзыреттілік

Сөз мәдениеті, дауыс ырғағы, шешендік,ойды мәнерлі, әсерлі жеткізу,

Бастапқы білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

5 мин

Ой шақыру.

-Көпшілік алдында өзіңізді толғандырған мәселе жөнінде сөйлеп көрдіңіз бе?

- Қандай сезімдерді бастан кешірдіңіздер?

Сабақтың ортасы

10мин

10мин

5 мин

Жұптық жұмыс. Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігі қандай?

Көпшілік алдында сөйлейтін сөздер қандай себептерге байланысты тартымсыз болуы мүмкін ?

Екі бағанға олардың себептерін бөліп жазыңдар.

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Батылдық, тәуекел, сенімділік, әдепті мінез, сөздерді дұрыс қолдану, асықпай анық сөйлеу, дауыс ырғағы, шешендік,ойды мәнерлі, әсерлі жеткізу,

Ұялшақтық, қысылу,сенімсіздік, дөрекі мінез,сөзге шорқақтық,ойды жеткізе алмау, сөздік қордың аздығы, сабырсыздық, тілді шұбарлығы, дауыс ырғағын сақтамау.

Жұптар бір- біріне жұмыстарын ауыстырып тексереді, толық, сапалы жұмысты сынып алдында оқытады.

Жеке жұмыс.

«Театр тәрбие құралы» деген тақырыпта театрдың адам өміріндегі рөлін ашып, берілген ойды жалғастырып, көпшілік алдында сөйлейтін сөзді жазыңыз. 70-80 сөз.

Құрметті өнер сүйер қауым!

Шын мəнінде қарасақ, Жүсіпбек Аймауытов  айтқандай «... театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны». Иə, рас, себебі, онда ізгілік пен махаббат, зұлымдық пен қиянат секілді қасиеттердің арақашықтығын, олардың айырмасын көрсетеді. Зұлымдықтарды сынай отырып, адамдарға ізгілік жолын, имандылық жолды көрсетеді. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жалпы театр өнері тек көрерменді ғана емес, сол өнер адамының өзін, тіпті əлемді өзгертеді. Мүмкін өнердің мақсаты да осы шығар: адамды өзгерту жəне əлемді тану... 

Бағалау критерийі:

ойды дамытып, азат жолдарды бөліктерге бөліп жазады;

ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелей алады;

мәтінге логикалық және стильдік түзетулер енгізеді;

мәтінді толықтырып, редакциялайды.

Жұпта оқушылар жұмыстарын ауыстырып оқиды, тексередіі, қателерді түзетеді, редакциялайды. Бір бірін бағалайды, үздік жұмысты жариялайды. Сынып адында оқып, сынып болып бағалайыды.

Театр – адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/44922/

Сабақтың соңы

Рефлексия

5мин

«Табыс ағашы» әдісі

Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын дұрыс істедің», сары – «қиындықтар болды», қызыл – «қателер көп болды». Әр оқушы өз ағашын сәйкес жапырақтармен безендіреді. Қалаулары бойынша жапырақтарға өздерін толғандырған мәселе мен қиындықтарын жазуларына болады.

Дифференциация (саралау) – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауды – қалай жоспарлайсыз?

.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу