Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігі. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ. 2 нұсқа.
Мектеп | Қызылорда қаласы химия-биологиялық бағыттағы НЗМ | |||||||||||||||||
Мұғалімнің аты – жөні | ||||||||||||||||||
Уақыты | ||||||||||||||||||
Сынып: 11 Қоғамдық-гуманитарлық бағыт | Қатысқаноқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жаңа әлемдегі театр мен киноматография. Шешендік сөздер Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігі. Даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілерді ережеге сай қолдану | |||||||||||||||||
Белгілі бір оқыту мақсаты | 11.4.5.1 мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу | |||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Оқушылардың барлығы:;мәтіндегі даралаушы, ерекшелеуші сөздерді ажырата алады; Оқушылардың көбісі:мәтіндегі тыныс белгілердің қойылу себебін анықтай алады; Оқушылардың кейбірі: ережеге сай тыныс белгілерді қойып, мәтінге түзету енгізе алады. | |||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейлері: | білу, түсіну, қолдану, жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау) | |||||||||||||||||
Сөйлеу әрекетінің түрлері: | тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым | |||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту | «Мәңгілік ел» құндылығы: Тілжәнемәдениет Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет; Ынтымақтастық; Жауапкершілік; Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет. | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих | |||||||||||||||||
АКТ –ны қолдану дағдылары | Таныстырылым | |||||||||||||||||
Тілдік міндеттер | Пәндік лексика мен терминология: Оқушылар түсінеді және сипаттайды... Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің ойымша,... Мен оған мынадай дәлелдер кетіре аламын,... | |||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Қазақ киносы | |||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||
Сабақкезеңдері | Жоспарланғаніс - әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту кезеңі
Оқушылар суреттер бойынша топқа жиналады. Суретке қатысты ойларымен бөліседі. Өз білгендерін ортаға салады. Кино тарихы жөнінде әңгімелейді. "Айка" киносының жетістіктері жөнінде сөз қозғайды. | |||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 8 минут 28 минут | Оқылымалды тапсырма 1. Соңғы жылдары қазақ кинематографиясындағы әр жанр мен түрлі бағыттарда жұмыс істеп, белсенділік танытып келе жатқан жас режиссерлердің шығармашылығымен қаншалықты таныссыз? 2. Қандай танымалдыққа ие болған кинолар жөнінде айта аласыздар? Оқылым тапсырмасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Новый мир" ЖШС-нің қатысуымен түсірілген "Анаға апарар жол" фильмі Бішкекте өткен "Ақ ілбіріс" атты VI ұлттық киножүлдесінде Орталық Азияның үздік фильмі атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бас продюсер Әлия Назарбаева мен режиссер Ақан Сатаевтың бірлесіп шығарған "Анаға апарар жол" атты туындысы үш номинация бойынша, атап айтсақ, "Орталық Азияның үздік фильмі", "Орталық Азияның үздік актері" (актер Әділ Ахметов үміткер), "Орталық Азияның үздік актрисасы" (актриса Алтынай Нөгербек үміткер) номинациялары бойынша қатысты. Сондай-ақ, осы жүлделерге Өзбекстан мен Тәжікстанның картиналары да ұсынылған болатын. Ұлттық жүлдені режиссер Ақан Сатаевқа қырғыздың кинорежиссері, Қырғызстан Республикасының халық артисі, аталмыш премияның құрылтайшыларының бірі Артықбай Сүйіндіков және Лос-Анжелестегі азиялық кинофестивалінің үйлестірушісі Әсел Шерниязова табыстады. "Түсіру тобын осы жеңіспен құттықтаймын. "Анаға апарар жол" - Орталық Азияның үздік фильмі", - деп жазды режиссер Ақан Сатаев өзінің Instagram парақшасында. Фильм өмірдің ауыртпалығына төтеп берген, қиын қыстау күндері сұрапыл соғыстың мехнатын көрген басты кейіпкердің тағдырын баяндайды. Бұл кинотуынды ананың перзентіне деген шексіз махаббаты туралы, перзентінің Отанына деген адалдығы жайлы. Аталған кинотуынды 38-ші Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде және "Еуразиялық көпір" атты фестивальге қатысып, Бас жүлдені, сонымен қатар актриса Алтынай Нөгербек «Үздік әйел адам рөлі» номинациясында жеңіске жетті. Одан бөлек, бұл туынды биыл Қазақстан киносыншылар ассоциациясы ұйымдастырған "Сыншылар таңдауы" жүлдесінде үш бірдей жүлдені иемденді. Атап айтсақ, «Ең үздік актриса» - Алтынай Нөгербек және "Екінші пландағы үздік актриса" Аружан Жазылбекова деп танылды. Ал "Фильмге жазылған үздік музыка" номинациясын аталмыш фильмнің композиторлары Әлім Заиров пен Роман Вишневский бөлісті. 2012 жылы Қырғызстанның танымал кинематографистері ұйымдастырған «Ақ Ілбіріс» атты тұңғыш ұлттық киножүлдесі өткен жылдың үздік фильмдерін анықтайтын елеулі іс-шара. Киножүлде Қырғызстанның кинематографистер одағы, "Айтыш" қоғамдық ұйымы және Қырғызстан Республикасының кино дамыту қоры қолдауымен марапатталады. "Орталық Азияның үздік фильмі" номинациясы 2010 жылы алғаш табысталған екен.Айта кетейік, фильмнің желісі қазақ халқының ХХ ғасырда бастан кешкен күрделі тарихи кезеңдерден құрылған, атап айтсақ, күштеп жүргізілген ұжымдастыру науқаны, ұлттың басына түскен ұлы трагедия – жұт (ашаршылық), Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі бейнетті жылдар. Фильм өмірдің ауртпашылығына төтеп берген, қиын қыстау күндері сұрапыл соғыстың мехнатын көрген, жат елде тұтқында болған Ілияс есімді жігіттің тағдырын баяндайды. Бөтен жерде айдауда жүрсе де, жат елдің зорлық-зомбылығын көріп, қиянатын кешсе де, жалғыздықтың тауқіметін тартса да, бас Қаһарман атажұртын аңсап, анасын сағынып, туған жеріне оралатынына ешқашан күманданбайды. Фильмнің режиссері - Ақан Сатаев, сценарий авторы -Тимур Жақсылықов, қоюшы операторы - Хасан Қыдырәлиев, қоюшы суретшілер - Назира Байбекова, Лариса Решетова. Сондай-ақ, рөлдерде Әділ Ахметов, Аружан Жазылбекова, Алтынай Нөгербек, Азамат Сатыбалды ойнайды. Мәтінмен жұмыс 1-қадам.Мәтіннен қоюлатылып берілген сөздерге қатысты қойылған тыныс белгілерді түсіндіріңіз. 2-қадам. Мәтіндегі тырнақшаға алынған сөздердің қолданысына талдау жасаңыз. 3-қадам. Фильм режиссері Ақан Сатаевпен сұхбат мәтінін құрастырыңыз. Мәтін барысында көпшілік алдында сөйлеуге тән ерекшеліктерді сақтаныңыз. Мәтінде тыныс белгілерге мән беріңіз. Оқушылар бағалау дескрипторы бойынша «Екі жұлдыз,1 тілек» әдісімен бағалайды.
| https://kaz.tengrinews.kz/cinema/anaga-aparar-jol-ortalyik-aziyada-uzdk-film-atandyi-279389/ | ||||||||||||||||
Сабақтыңсоңы 2 минут | Керібайланыс Үй тапсырмасы: | |||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||
Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандайміндеттерқоюдыжоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардыңбілімінқалайтексересіз? | Пәнаралықбайланыс Қауіпсіздікережелері АКТ-нықолдану Құндылықтарменбайланыс (тәрбиеэлементі) | ||||||||||||||||
Коммуникативтідағдыларындамытумақсатындақұрылғантоптар/жұптарқабілетітөменоқушылардықабілетіжоғарыоқушылардыңқолдаукөрсетуінмеңзейді. Мұғалімталқылауүрдісікезіндебарлықоқушылардыңбірегейқатысуынқадағалаутиіс. Дәйектідәлелдергеғананегізделгенқорытындығажетудіңмағынасыныңмәні, сыныптағықабілетітөменоқушыдәлелдергенегізделеотырыпкемдегендеөзінойынбілдіреалады, алқабілетіжоғарыоқушытәуелсіз, негізгіжауапбереді. | Топтарарасындажұмысжасау, талқылаудытыңдаунемесеталқылауғакөмекберу, қажетінеқарайтоптарнемесежекеоқушыларғақолдаукөрсету, марапаттау Талқылаудыбақылаудаоқушылардыңжалпыреформаныңмаңызынтүсінудіңдеңгейінбағалау | Пәнаралықбайланыс:география Белсендіоқытуәдістерінқолдану, Оқушылардыңжасерекшелігінсақтау,еліміздіңпатриотыболабілетін,салауаттыөмірсалтыменжүретінжәнесаналыдабілімдіоқушыныдайындау | ||||||||||||||||
Рефлексия Сабақмақсаты/оқумақсатықаншалықтыжүзегеасты? Бүгіноқушыларненіүйренді? Оқытуортасықандайболды? Дифференциациялапоқытуөзмәніндежүзегеастыма? Өзуақытымдыұтымдыпайдаланаалдымба? Жоспарымақандайөзгерістеренгіздімжәненеліктен? | Төмендеберілгенбосорындыөзсабағыңызғарефлексияжүргізуүшінпайдаланыңыз. Сабағыңызғақатыстысолжақбағандакелтірілгенсұрақтарғажауапберіңіз. | |||||||||||||||||
Еңбек нарығы және сұраныс. Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы»
Бөлім | Еңбек нарығы және сұранысБалғабек Қыдырбекұлы«Теміржолшы» | |||
Тақырып | ||||
Оқу мақсаттары | 10.4.1.1 публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала жазу; | |||
Ойлау дағдысының деңгейі | Жинақтау, бағалау | |||
Бағалау критерийі | Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала жазу | |||
Жеке жұмыс | ||||
КИНО ӘЛЕМІНДЕГІ ЖАҢА ЖҰЛДЫЗ Бізде жыл сайын мол ақшамен түсіріліп жатқан кино-фильмдер көп. Жұрт разылығын білдіріп, мақтауын асырып жатқандары да баршылық. Бірақ солардың көбі көрермендер тарапынан жақсы баға ала алмай, сынға да ұшырауда. Біздің режиссерлар нені түсіруді білмей ме? Әлде көрермендеріміз аса талғампаз болып кеткен бе, бұған әзірше бірдеңе дей алмаймыз. Өткен жылдан бері Шымкенттің тумасы Сергей Дворцевой режиссерлік еткен, қазақ қызы басты рөлде ойнаған «Айка» фильмі жұрт назарына ілініп, актриса Самал Еслямова Канн Халықаралық кинофестивалінде марапатталды. Осыдан кейін көрермендер «Айка» фильмін көруге асықты. Жуықта, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұйымдастыруымен «Айка» фильмін режиссер және басты рөл алған актирсамен бірге отырып тамашаладық. Біз фильмді көріп болған соң, әсерлі көңіл ауанында тұрып, Самал Еслямовадан блиц-сұхбат алдық. – «Айка» фильмі сәтті түсірілген туынды екен. Бірақ маған фильм аяқталмай қалғандай сезілді. Құшағында баласы, мойнында қарызы, ойында арманы бар эмигрант әйел Мәскеуде жападан-жалғыз қалды. Режиссер фильмнің соңын не үшін осылай қалдырды деп ойлайсыз?– Әр фильмнің өз финалы болады. Басты кейіпкер соңында баласын құшағына алып, бауырына басты. Бұл сюжетті ол бауыр еті баласын ендігәрі ешкімге бермейді деген оймен қортындылауға болады. Қандай қиындық болса да енді ол баласымен бірге көргісі келді.– Осы фильм Франциядағы кинотеатрларда қойылып жатыр деп естідік. Ол жақтағы көрермендер «Айканы» қалай қабылдауда?– Жақсы қабылдап жатқан сыңайлы. Фильмді көргендердің біразы бізге хабарласып, ризашылықтарын білдіруде. Себебі, бұл фильм ана мен баланың арасындағы өмір туралы болған соң, ондағы басты оқиғалар әрбір елде қордаланған қоғамдық мәселе. Фильм 6 жыл түсірілді. Себебі, режиссер мен фильм тобы осы туынды сәтті шығып, елге ұнаса деген ізгі ниетпен жұмыс істеді. Шүкір, жұрттың пікірі жаман емес. Еңбегіміз өтелді деуге болады.– Фильмге түсу үшін режиссердің талабынан қалай шықтыңыз?– Ол кісі менің жұмысқа тиянақты екенімді бұрыннан білетін. Сол үшін сенген болу керек. – «Айка» фильмі Оскар сыйлығына ұсынылған, бірақ сыйлыққа ілінбей қалды. Бұның себебі неде?– Оскарға үлкен дайындықпен бару керек екен. Былайша айқанда, фильмнің жарнамасын жасау, кино мамандарына туындыны бастан-аяқ көрсету, ірі көлемдегі жарнамалық жұмыс істеу сияқты өткелдерден өтуіміз қажет екен. Ондай дайындық бізде кемдеу болды.– «Айка» арқылы елге танылсам деген ойыңыз болды ма?– Ондай ойым болған емес. Мен тек фильм сәтті түсірілсе, өзіме жүктелген міндетті жақсы нәтижемен, абыроймен орындап шықсам дегенді ғана ойладым.– «Айка» фильмінде әйел адамның жанталасқан өмірі, басына түскен қиындықты жеңіп кетсем деген талпынысы баяндалады. Түсірілім барысында қандай қиындықтар болды?– Қимыл, іс-әрекеттер өте қиынға түсті. Фильм басталарда жас босанған әйелдің күнделікті өмірі, істеуге тиісті істері, көшеде қыстың суығында жанталаса қашуы сияқты әрекеттерді өз қалыбында, былайша айтқанда, табиғи түрде келтіру қиын болды. Өзім ана болмаған соң, перзентханаға барып, ондағы жас аналардан бала туғаннан кейінгі жағдайды сұрадым, үйрендім. Басты кейіпкер қырғыз қызы болғандықтан қырғыз тілін үйрендім.– Алда қандай жоспарыңыз бар? Сол туралы айтсаңыз?– Осы жылдың көктемінде ұстазым тағы бір көркем фильмге түсуге ұсыныс жасады. Ал, жазда Қытай мен Моңғолия бірлесіп түсіретін киноға шақырып жатыр. Алла қаласа, жаз бойы сонда болатын шығармын. Біздің сөз: Егер «Айка» фильмі шынайылығымен өнер биігінде мәңгі қалатын болса, актриса Самал Еслямованың есімі де сол биікте қалмақ. Актрисалық қыры мен бітімі бөлек, ең маңыздысы өз өнеріне тазалықпен, шынайы махаббатпен қарайтын Самал Еслямованы кино саласының жаңа жұлдызы деп атайтын уақыт жетті. Сұхбаттасқан Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ | ||||
Бағалау критерийі | Дескрипторлар | |||
публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу. |
| |||
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?