Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігі. Қазақ тілі, 11 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ. 2 нұсқа.
Жаңа әлемдегі театр мен киноматография. Шешендік сөздер
Бөлім | Жаңа әлемдегі театр мен киноматография. Шешендік сөздер | |||
Тақырып | Киномотографиядағы жаңа есім | |||
Оқу мақсаттары | 11.4.5.1 мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу | |||
Ойлау дағдысының деңгейі | Жинақтау, бағалау | |||
Бағалау критерийі | Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігі. Даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілерді ережеге сай қолдану | |||
Жеке жұмыс | ||||
Оқылым тапсырмасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Новый мир" ЖШС-нің қатысуымен түсірілген "Анаға апарар жол" фильмі Бішкекте өткен "Ақ ілбіріс" атты VI ұлттық киножүлдесінде Орталық Азияның үздік фильмі атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бас продюсер Әлия Назарбаева мен режиссер Ақан Сатаевтың бірлесіп шығарған "Анаға апарар жол" атты туындысы үш номинация бойынша, атап айтсақ, "Орталық Азияның үздік фильмі", "Орталық Азияның үздік актері" (актер Әділ Ахметов үміткер), "Орталық Азияның үздік актрисасы" (актриса Алтынай Нөгербек үміткер) номинациялары бойынша қатысты. Сондай-ақ, осы жүлделерге Өзбекстан мен Тәжікстанның картиналары да ұсынылған болатын. Ұлттық жүлдені режиссер Ақан Сатаевқа қырғыздың кинорежиссері, Қырғызстан Республикасының халық артисі, аталмыш премияның құрылтайшыларының бірі Артықбай Сүйіндіков және Лос-Анжелестегі азиялық кинофестивалінің үйлестірушісі Әсел Шерниязова табыстады. "Түсіру тобын осы жеңіспен құттықтаймын. "Анаға апарар жол" - Орталық Азияның үздік фильмі", - деп жазды режиссер Ақан Сатаев өзінің Instagram парақшасында. Фильм өмірдің ауыртпалығына төтеп берген, қиын қыстау күндері сұрапыл соғыстың мехнатын көрген басты кейіпкердің тағдырын баяндайды. Бұл кинотуынды ананың перзентіне деген шексіз махаббаты туралы, перзентінің Отанына деген адалдығы жайлы. Аталған кинотуынды 38-ші Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде және "Еуразиялық көпір" атты фестивальге қатысып, Бас жүлдені, сонымен қатар актриса Алтынай Нөгербек «Үздік әйел адам рөлі» номинациясында жеңіске жетті. Одан бөлек, бұл туынды биыл Қазақстан киносыншылар ассоциациясы ұйымдастырған "Сыншылар таңдауы" жүлдесінде үш бірдей жүлдені иемденді. Атап айтсақ, «Ең үздік актриса» - Алтынай Нөгербек және "Екінші пландағы үздік актриса" Аружан Жазылбекова деп танылды. Ал "Фильмге жазылған үздік музыка" номинациясын аталмыш фильмнің композиторлары Әлім Заиров пен Роман Вишневский бөлісті. 2012 жылы Қырғызстанның танымал кинематографистері ұйымдастырған «Ақ Ілбіріс» атты тұңғыш ұлттық киножүлдесі өткен жылдың үздік фильмдерін анықтайтын елеулі іс-шара. Киножүлде Қырғызстанның кинематографистер одағы, "Айтыш" қоғамдық ұйымы және Қырғызстан Республикасының кино дамыту қоры қолдауымен марапатталады. "Орталық Азияның үздік фильмі" номинациясы 2010 жылы алғаш табысталған екен.Айта кетейік, фильмнің желісі қазақ халқының ХХ ғасырда бастан кешкен күрделі тарихи кезеңдерден құрылған, атап айтсақ, күштеп жүргізілген ұжымдастыру науқаны, ұлттың басына түскен ұлы трагедия – жұт (ашаршылық), Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі бейнетті жылдар. Фильм өмірдің ауртпашылығына төтеп берген, қиын қыстау күндері сұрапыл соғыстың мехнатын көрген, жат елде тұтқында болған Ілияс есімді жігіттің тағдырын баяндайды. Бөтен жерде айдауда жүрсе де, жат елдің зорлық-зомбылығын көріп, қиянатын кешсе де, жалғыздықтың тауқіметін тартса да, бас Қаһарман атажұртын аңсап, анасын сағынып, туған жеріне оралатынына ешқашан күманданбайды. Фильмнің режиссері - Ақан Сатаев, сценарий авторы -Тимур Жақсылықов, қоюшы операторы - Хасан Қыдырәлиев, қоюшы суретшілер - Назира Байбекова, Лариса Решетова. Сондай-ақ, рөлдерде Әділ Ахметов, Аружан Жазылбекова, Алтынай Нөгербек, Азамат Сатыбалды ойнайды. Мәтінмен жұмыс 1-қадам.Мәтіннен қоюлатылып берілген сөздерге қатысты қойылған тыныс белгілерді түсіндіріңіз. 2-қадам. Мәтіндегі тырнақшаға алынған сөздердің қолданысына талдау жасаңыз. 3-қадам. Фильм режиссері Ақан Сатаевпен сұхбат мәтінін құрастырыңыз. Мәтін барысында көпшілік алдында сөйлеуге тән ерекшеліктерді сақтаныңыз. Мәтінде тыныс белгілерге мән беріңіз. Оқушылар бағалау дескрипторы бойынша «Екі жұлдыз,1 тілек» әдісімен бағалайды. | ||||
Бағалау критерийі | Дескрипторлар | |||
Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігі. Даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілерді ережеге сай қолдану |
| |||
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?