Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігі. Даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілерді ережеге сай қолдану . Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар.
Пәні: Күні: Сынып: 11Т-1 | Мектеп: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Бөлім атауы | Жаңа әлемдегі театр мен киноматография. Шешендік сөздер | ||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігі. Даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілерді ережеге сай қолдану | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.3.7.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау | ||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігін талдайды; .Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтінді абзац пен бөліктерге бөліп, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп жеткізеді , логикалық және стильдік түзетулер енгізіп, редакциялау жасайды. Кейбір оқушылар орындай алады: Даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілерді ережеге сай қолданады. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері | азат жолдарды бөліктерге бөліп жазады; ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелей алады; мәтінге логикалық және стильдік түзетулер енгізеді; мәтінді өңдеп,иредакциялайды. | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзгелердің мәдинетіне және көзқарасына құрметпен қарау.Жауапкершілік. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Өнер | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | таныстырылым | ||||||||||||
Тілдік құзыреттілік | Сөз мәдениеті, дауыс ырғағы, шешендік,ойды мәнерлі, әсерлі жеткізу, | ||||||||||||
Бастапқы білім | |||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| ||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин | Ой шақыру. -Көпшілік алдында өзіңізді толғандырған мәселе жөнінде сөйлеп көрдіңіз бе? - Қандай сезімдерді бастан кешірдіңіздер? | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 10мин | Жұптық жұмыс. Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігі қандай? Көпшілік алдында сөйлейтін сөздер қандай себептерге байланысты тартымсыз болуы мүмкін ? Екі бағанға олардың себептерін бөліп жазыңдар.
Жұптар бір- біріне жұмыстарын ауыстырып тексереді, толық, сапалы жұмысты сынып алдында оқытады. Жеке жұмыс. Оқылым мәтінін оқып, түзетулер енгізіңіз.Тыныс белгілерді қойып, мәтінді қайта редакциялаңыз. Бағалау критерийі: азат жолдарды ретімен бөліктерге бөліп жазады; ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелей алады; мәтінге логикалық және стильдік түзетулер енгізеді; (қарамен белгіленген) ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілерді ережеге сай қолданады; мәтінді өңдеп, редакциялайды. Мәтін. Ең әуелі театрлар заманға байланысты заманауи түрге көшіп келеді. Соның салдарынан кейбір құндылықтар, яғни театр құндылықтары, театр мəдениеті сəл тұралап бара жатқандай. Сондай-ақ, сөздің тақырлығы, ойдың тапқырлығы нағыз көрерменді де, жаңадан келген көрерменді театрдан көңіл үзуге итермелейді. Адам өзін-өзі сақтап қалуы үшін, рухани құндылықтарына кір жақпас үшін, үнемі театрдан сабақ алып отыруға тиісті. Ал Шәкен Айманов «Театр – адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы» - деп зор баға берген. Қоғамның дамуына байланысты бұл өнер саласында да өзіндік өзгерістер орын алып отыр. Алайда бұл айтылғандар театрдың болашағы жоқ дегенге ешқандай да дəлел емес. Театр өлмейді де, оны ешкім өлтірмейді. Мұхтар Әуезовтің сөзімен ойымызды қорытындылайтын болсақ, «Театр - сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі». Үшіншіден, киноматография мен бұқаралық ақпарат құралдарының да әсері зор. Адамдар театрға барғаннан көрі, жоғарыда аталған құралдарды тұтынуға көбірек қабілетті. Кино мен бұқаралық құралдар адамды үйден шықпай-ақ көңілін көтеруге жағдай жасап отыр. Айтпашқы, бүгін 27 наурыз халықаралық театр күні. Бұл күн – театр қайраткерлерінің кәсіби мерекесі ғана емес, тегіс өнерсүйер қауымның төл мерекесі. Сахна саңлақтарының кәсіби мейрамы 1961 жылдан бері тойланып келеді. Барша театр өнерпаздарын мерекелерімен құттықтаймыз Екіншіден, театрға бару үшін адам дайын болуға тиіс, алайда қазіргі тірлік тоқырақтап, қыспаққа алып тұрғанда, адамдарға театр көруге уақыты бола бермейді. Яғни, сананы жағдай билеген уақытта рухани құндылықтар туралы ойлану өте қиын. Дұрыс түзетулер: сананы тұрмыс билеген, тірлік тұқыртып, күллі өнерсүйер қауым, сəл кері кетіп бара жатқандай, сөздің таяздығы, ойдың тарлығы, күдер үзуге; кір жуытпас үшін. Оқушылар топ ішінде сағат тілімен бір бірінің жұмыстарын тексереді, бағалайды, үлгі жұмысты ұсынады. | Театр – адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/44922/ | |||||||||||
Сабақтың соңы Рефлексия 5мин | «Табыс ағашы» әдісі Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын дұрыс істедің», сары – «қиындықтар болды», қызыл – «қателер көп болды». Әр оқушы өз ағашын сәйкес жапырақтармен безендіреді. Қалаулары бойынша жапырақтарға өздерін толғандырған мәселе мен қиындықтарын жазуларына болады. | ||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды