Жағдаятқа сай тілдік құралдарды қолдану. Қазақ тілі, 10 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.


Пән:

Қазақ тілі

Сынып:

10

Оқушының/топ мүшелерінің аты-жөні:

Бөлім

Сөз мәдениеті және шешендік өнер.

Оқу мақсаты

10.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу;

Ойлау дағдыларының деңгейі

Талдау, жинақтау

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Шығармадан көркем құралдарды анықтайды

  • Көркемдегіш құралдардың түрін, қолданылу мақсатын біледі
  • Төменде берілген шешендік сөздің тілдік көркемдік құралдарын анықтап, қоланылу мақсатын түсіндіріңіз

Метафора

Эпитет

Теңеу

Антитеза

Метанимия

Қ.бағалау: әр топтың талдауларын тыңдаған соң басқа топтың кері байланысын тыңдайды. Жауаптарды мұғалім толықтырады:

  • Көркемдегіш құралдардың түрін, қолданылу мақсатын біледі

“Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз.

Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз.

Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз.

Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды,

Анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды,

Ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз.

Сен темір болсаң, біз көмірмізеріткелі келгенбіз,

Қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз.

Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз,

Танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз.

Сен қабылан болсаң, мен арыстаналысқалы келгенбіз,

Тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз.

Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!

Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшы болса, апайың жақын.

Бауырмал болса, інің жақын,

Алдыңа тартқан адал асын,

Қимас жақын – қарындасың,

Сыбайлас болса, нағашың жақын.

Адал болса, досың жақын,

Еркелейтін немерең жақын.

Жан серігің жас кезіңнен

Бәрінен де әйелің жақын.

-Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт берекең атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың – әкең қымбат,

Туып өскен елің қымбат.

Ұят пенен ар қымбат,

Өзің сүйген жар қымбат.

-Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын,

Дәл осындай жағдайда,

Пана болмас өз үйің.

Жазылмаса дерт қиын,

Іске аспаған серт қиын.

Ақылыңнан адасып,

Өзің түскен өрт қиын.

Не істеріңді біле алмай,

Ашиды сонда бас, миың.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу