Пікірталас. Көркем әдебиет стилінің тілдік ерекшеліктері. Қазақ тілі, 11 сынып, қосымша материал. 1 сабақ. 2 нұсқа.


Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында сөйлеген сөзі

Қымбатты отандастар!

Қадірменді қауым!

Ұлы Жамбыл ақынның «Жігерлі болса ер болар, Бірлікті болса ел болар» деген сөзі бар. Бүгінгі сессияның өзегі – бейбіт­шілік, руханият және келісім мәдениеті біздің осындай бірлікті Ел болуымыздың кепілі. Мәдениет – тіршіліктің тірегі, ортақ игіліктерді ұлықтап, ұлтты ұлы істерге ұйыстырудың бірегей тетігі. Бейбітшілік пен келісімнің тамыры – мәдениетте. 21 ғасырдың ең басты заңы – татулық!

Келісім – экономика мен саясаттың, қауіпсіздіктің, өмірдің заңы. Біз келісім мәдениетін дәстүр ретінде ұрпаққа мұра етуге тиіспіз. Біз – ашық елміз. күмбез астында өмір сүріп жатқан жоқпыз. Бізді бүкіл әлеммен мыңдаған экономикалық, саяси және қарапайым адами қарым-қатынастар байланыстырады. Бізге жаһандық және өңірлік сипаттағы көптеген сын-қатерлермен бетпе-бет ұшырасуға тура келеді. Ол туралы мен өз Жолдауларымда ашық та тура айтып жүрмін. Ағымдағы жүзжылдықта әлемнің қандай күрделі болатынын өзіміз жаһандық саясатта көріп отырған оқиғалар нақты бейнелеуде. ХХІ ғасыр бізге Бес Мызғымас Шындықты көлденең тартады. Біріншіден, тұрақты экономика – тұрақты қоғам, әр адамның тұрақты өмірі. Мемлекеттің Тәуелсіздігі Конституция мен заңдар мүлтіксіз сақталғанда ғана, ең алдымен, ел азаматтарының өздері сақтағанда ғана мызғымайды. Этносаралық қарым-қатынастар, азаматтық тең құқылық мәселелері, тіл саясаты – мұның бәрі саяси ойындар үшін алаң емес. Оларды «кейінге» қалдыруға болмайды. Оның үстіне мойындамауға және билік үшін таласта дәйек ретінде арсыздықпен қолдануға болмайды. Ол мемлекет үшін де, халық үшін де, әрбір адам үшін де қауіпті. Сондықтан шовинизмді немесе ұлтшылдықты ашық неофашизмнен оп-оңай аттап кетуге болатындай өте әлсіз сызықтық ғана бөліп тұрғанын әркім де түсінуі керек.

ХХІ ғасыр – интеграция ғасыры. Ұлттық мүдде тұрғысынан мұқият ойластырылған интеграцияға қарсы болу – заманауи үрдіспен дамуға қарсы болу. Ең дамыған елдердің барлығы бүгінгі биіктерге интеграция арқылы жетті. Бүкіл адамзат жаһандану жолымен дамып жатыр. Етек-жеңді қымтап, есік-терезені тарс жауып отыру дамуды тежейді, әлем көшінің соңына қалдырады. Біз – дамыған елдердің шаңын жұтуға емес, көшін бастауға ұмтылған елміз. Байбаламға салып, балақтан тартпай, байыппен ойлап, байсалды әрекет етсек жарасады. Интеграция – ел тәуелсіздігіне ешбір қауіп төндірмейді, керісінше, нығайта түседі. Ол нарықты кеңейтеді, алыс-беріс пен барыс-келісті арттырады, бәсекелік қабілетімізді шыңдайды.

Әлем үлкен өзгерістер жолағына аяқ басты. Халықаралық қатынастар айтарлықтай дағдарысты басынан кешіп жатыр. Мені жетекші ядролық державалардың ядролық материалдарды физикалық қорғау саласындағы ынтымақтастықты тоқтатуы ықтимал деген ақпарат алаңдатады. Бұл әлемдегі барлық ядролық таратпау үдерісіне айтарлықтай нұқсан келтіріп, соңғы ондаған жылдарда осы салада, оның ішінде, жақында өткен Гаагадағы Жаһандық саммитте қол жеткізілген барлық табыстарды құрдымға жіберуі мүмкін. Біз халық­тың ерік-жігеріне арқа сүйей отырып, Семей ядролық полигонын жаптық, сөйтіп, ядросыз мәртебе иелендік. Біз, қазақстандықтар, ядролық өзін өзі жою қатерінен ада бейбітшілік идеалына сенімді қалпымызда қаламыз.

«Дамудың сыры – бірлікте,

Табыстың сыры – тірлікте» екенін баршаңыз білесіздер. Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. «Саусақ ашса – қылдырық, жұмса – жұдырық» екенін көкейге берік түйе отырып, ұлы мақсаттарға бірге сапар шегейік, қымбатты отандастар!

(өңделген)

http://www.akorda.kz/kz/special/speeches/internal_political_affairs/in_speeches_and_addresses/kazakstan-prezidenti-nenazarbaevtyn-kazakstan-halky-assambleyasynyn-xxi-sessiyasynda-soilegen-sozi

8 сәуір 2014

Оқушылар Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында сөйлеген сөзін тыңдайды.Мұғалім мәтінді оқиды.

  •  Мәтінді мұқият тыңдап, тыңдалым материалының идеясы мен аудиторияға бағытталған сөздер және көркемдеуіш құралдарды түртіп алады.

3-қадам. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

ТЖ. Оқушылар топтық жұмыс нұсқаулығымен танысады. Топта білім қабілеттеріне қарай жұмысты бөліп алады.

Топ оқушылары 5 рөлді бөліп алады:

1.Баяндаушы- тыңдалмның негізгі идеясы мен көтерілген мәселе туралы қысқаша баяндайды.

2.Талқылаушы- мәтіннің түрі мен жанрын тауып, шешендік сөздің қай түрі екенін ,тыңдалымдағы автор позициясы мен мәселенің өзектілігін талқылайды.

3.Сөз зергері- тыңдалымдағы аудиторияға бағытталған шешендік сөздер мен көркем тіл оралымдарды тауып, қолданыс мақсатын талдайды.

4.Сараптамашы – мәселеге сыни тұрғыдан баға береді, өзге пәндермен, өмірмен байланыстырады, дәлелдер келтіреді.

5. Қорытындылаушы- барлық спикерлердің сөзін қорытындылап, нақты ой айтады, мәселені шешудің жолдарын ұсынады.

Бағалау дескрипторы:

  • Тыңдалымдағы көтерілген мәселе мен автор позициясын анықтайды;
  • Талқылауда тыңдалымдағы ақпаратты орынды қолданады;
  • Тыңдалым материалынан аудиториямен байланыстағы шешендік сөздердің қолданысы жіне кем дегенде 3-4 көркем тіл құралдарының қолданысына талдау жасайды.
  • Мәселенің шешу жолын ұсынып, ойды қорытындылауда өмірден нақты мысалдар келтіреді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу