Пікірталас. Көркем әдебиет стилінің тілдік ерекшеліктері. Қазақ тілі, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ. 2 нұсқа.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
5-бөлім. Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика.
Шешендік сөздер
Пән: ҚАЗАҚТІЛІ (Т1) | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||||
Сабақтың тақырыбы | Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика.Шешендік сөздер Пікірталас.Көркем әдебиет стилінің тілдік ерекшеліктері | ||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау; | ||||||||||
Күтілетін нәтиже | Барлық оқушылар:Мәтіннің түрлерін ажырата алады. Тыңдалымдағы көтерілген мәселені анықтайды. Оқушылардың көбісі: Мәтіндегі негізгі ақпараттарды орынды қолданып, мәселенің шешу жолдарын ұсынады. Бейбітшілікті сақтаудың маыздылығын мысалдармен дәлелдей біледі. Оқушылардың кейбірі:Суреттер бойынша креативті ой айтады, шешендік сөздің тілдік қолданысына талдау жасайды, авторға баға береді, ойын сауатты жеткізеді. | ||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар түсінеді және сипаттайды... Тақырыпқа байланысты сөздер және терминдер: қорым, киелі орындар, өркениеті, Бейғазы тауы, қақпақ тастар. т.с.с. Тақырыпқа байланысты қолданатын тіркестер: Менің ойымша... Бір жағынан... Мен осы көзқараспен ... келісемін/келіспеймін. | ||||||||||
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | Жауапкершілік (топтың әр мүшесінің өз тапсырмасын жауапкершілікпен орындауы). Құрмет (әр топтың ойына, пікіріне құрметпен қарауы, елге, әлем елдеріне деген құрмет). | ||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | |||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер, қажетті құралдар | |||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Ұйымдастыру және сабақтың мақсатын айқындау кезеңі: І. Амандасу ІІ. Оқушыларды түгендеу ІІІ. Қызығушылықты ояту: топқа бөлу
Ү. Өткен сабақты еске түсіру, жаңа сабақ мақсатын айқындау:
| мозайка презентация | |||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут 15 минут 5 минут | Мағынаны ашу немесе мақсатқа жету үшін әрекеттер кезеңі: 1-қадам. Тыңдалымалды тапсырмасы Т/Ж, С/Ж «Талқылайық» әдісі. Оқушылар берілген суреттерді топта талқылап, әр топ пікірлерін сыныптық талқылауға салады.
Бағалау дескрипторы:
2-қадам. Тыңдалым тапсырмасы С/Ж. Оқушылар Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында сөйлеген сөзін тыңдайды.Мұғалім мәтінді оқиды.
3-қадам. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. ТЖ. Оқушылар топтық жұмыс нұсқаулығымен танысады. Топта білім қабілеттеріне қарай жұмысты бөліп алады. Топ оқушылары 5 рөлді бөліп алады: 1.Баяндаушы- тыңдалмның негізгі идеясы мен көтерілген мәселе туралы қысқаша баяндайды. 2.Талқылаушы- мәтіннің түрі мен жанрын тауып, шешендік сөздің қай түрі екенін ,тыңдалымдағы автор позициясы мен мәселенің өзектілігін талқылайды. 3.Сөз зергері- тыңдалымдағы аудиторияға бағытталған шешендік сөздер мен көркем тіл оралымдарды тауып, қолданыс мақсатын талдайды. 4.Сараптамашы – мәселеге сыни тұрғыдан баға береді, өзге пәндермен, өмірмен байланыстырады, дәлелдер келтіреді. 5. Қорытындылаушы- барлық спикерлердің сөзін қорытындылап, нақты ой айтады, мәселені шешудің жолдарын ұсынады. Бағалау дескрипторы:
4-қадам. Бағалау Ж/Ж Топтар бір-бірлерін бағалау дескрипторына сай өзара бағалайды және ұсыныс білдіреді. 5-қадам. Рефлексия 1.Сабақтағы өзіңіздің шешендік сипатыңызды қалай бағалайсыз? (орта, жақсы, өте жақсы) 2. Бүгінгі сабақтағы топтық білім алуды қалай бағалайсыз? (орта, жақсы, өте жақсы) 3. Топтардың бірін бірі бағалауы қандай деңгейде жүрді? (орта, жақсы, өте жақсы) Осы сұрақтар төңірегінде оқушылардың пікірі тыңдалып, алдағы уақытта өз (айтылым) дағдыларын жетілдіру туралы ойларын ортаға салады. | суреттер презентация таратпа материал | |||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | 6-қадам. Үй тапсырмасы Жаһандық экономикаға әлем елдеріндегі бейбітшілік пен қауіпсіздіктің тигізетін оң және теріс әсері тақырыбында деректермен танысу | таратпа | |||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Дифференциалау
Ерекше шығармашылық тәсілдемені (креативті ой) қолданып әңгіме не баяндама жаза алады – жоғары деңгей | Бағалау Бағалау критерийі арқылы жеке, топқа жұмыс тапсырмасын ұсынамын. | Пәнаралық сілтемелерДенсаулық пен қауіпсіздікті тексеруАКТ сілтемелер: презентация, алынған материал сілтемелері | |||||||||
Қабілеттері жоғары оқушы үшін сыныптастарын үйрету және қабілеттері төмен оқушыларға қолдау көрсету үшін қабілеттері аралас жұптар құру. | Оқушылар, жұптар бір-біріне кері байланыстар береді. | Бұл сабақта НЗМ құндылықтарын дамыту үшін қандай мүмкіндіктер бар? Оқушылар сыныптасын және өзін-өзі бағалау үшін бірге жұмыс жасайды. Жұптың әр мүшесі тапсырмаға жауапкершілікпен қарайды. Оқушылар әр жұптың ойына, пікіріне құрметпен қарайды, қазақ тіліне, алаш арыстарының қанатты сөздеріне құрмет білдіреді. Тақырыпқа сай тарих пәнімен пәнаралық байланыс болады. | |||||||||
Қорытынды жасау Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін не меңгерді? Оқу атмосферасы қандай болды? Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма? Мен кестеге сәйкес жүрдім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге? |
| ||||||||||
Қорытынды бағалау Қай екі әрекет жақсы өтті (оқыту мен оқуды ескеру қажет)? 1: 2: Қай екі әрекет сабақты нығайтуы мүмкін (оқыту мен оқуды ескеру қажет)? 1: 2: Менің келесі сабағымда ескерілетін, бұл сабақтан сынып немесе жеке тұлғалар туралы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды