Пікірталас. Көркем әдебиет стилінің тілдік ерекшеліктері. Қазақ тілі, 11 сынып, презентация. 1 сабақ. 2 нұсқа.


САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ

Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика.

Пікірталас.Көркем әдебиет стилінің тілдік ерекшеліктері

Оқу мақсаты: 11.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау.

Бағалау критерийі

Тыңдалым мәтінінің мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдарды анықтап, олардың қолданылу себебін түсіндіре алады.

Мәселенің маңыздылығына дәлелдер келтіреді, өмірмен байланыстырады

Тақырыптан ауытқымай, ойын сауатты жеткізеді.

Суреттерді сөйлетіп, еркін пікірталасқа түсейік

«Талқылайық» Оқушылар берілген суреттерді топта талқылап, әр топ пікірлерін сыныптық талқылауға салады.

Бағалау дескрипторы:

Суреттерді сабақ тақырыбымен байланыстырып, жаһандық мәселе туралы өз ойын білдіреді;

Мәселеге сыни тұрғыдан баға береді, академиялық білімін көрсетеді;

Айтылымда ойын жүйелі жеткізеді..

2-қадам. Тыңдалым тапсырмасы

Оқушылар Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында сөйлеген сөзін тыңдайды.

Мәтінді мұқият тыңдап, тыңдалым материалының идеясы мен аудиторияға бағытталған сөздер және көркемдеуіш құралдарды түртіп алады.

3-қадам. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

ТЖ. Оқушылар топтық жұмыс нұсқаулығымен танысады. Топта білім қабілеттеріне қарай жұмысты бөліп алады. Топ оқушылары 5 рөлді бөліп алады:

1.Баяндаушы- тыңдалмның негізгі идеясы мен көтерілген мәселе туралы қысқаша баяндайды.

2.Талқылаушы- мәтіннің түрі мен жанрын тауып, шешендік сөздің қай түрі екенін ,тыңдалымдағы автор позициясы мен мәселенің өзектілігін талқылайды.

3.Сөз зергері- тыңдалымдағы аудиторияға бағытталған шешендік сөздер мен көркем тіл оралымдарды тауып, қолданыс мақсатын талдайды.

4.Сараптамашы – мәселеге сыни тұрғыдан баға береді, өзге пәндермен, өмірмен байланыстырады, дәлелдер келтіреді.

5. Қорытындылаушы- барлық спикерлердің сөзін қорытындылап, нақты ой айтады, мәселені шешудің жолдарын ұсынады.

Бағалау дескрипторы:

Тыңдалымдағы көтерілген мәселе мен автор позициясын анықтайды;

Талқылауда тыңдалымдағы ақпаратты орынды қолданады;

Тыңдалым материалынан аудиториямен байланыстағы шешендік сөздердің қолданысы жіне кем дегенде 3-4 көркем тіл құралдарының қолданысына талдау жасайды.

Мәселенің шешу жолын ұсынып, ойды қорытындылауда өмірден нақты мысалдар келтіреді.

4-қадам. Бағалау Ж/Ж

Топтар бір-бірлерін бағалау дескрипторына сай өзара бағалайды және ұсыныс білдіреді.

5-қадам. Рефлексия

1.Сабақтағы өзіңіздің шешендік сипатыңызды қалай бағалайсыз? (орта, жақсы, өте жақсы)

2. Бүгінгі сабақтағы топтық білім алуды қалай бағалайсыз?

(орта, жақсы, өте жақсы)

3. Топтардың бірін бірі бағалауы қандай деңгейде жүрді? (орта, жақсы, өте жақсы)

НЕЛІКТЕН? НЕ СЕБЕПТІ? ӘРІ ҚАРАЙ НЕ ІСТЕЙМІЗ?

6-қадам. Үй тапсырмасы

Жаһандық экономикаға әлем елдеріндегі бейбітшілік пен қауіпсіздіктің тигізетін оң және теріс әсері тақырыбында шағын зерттеу жасау .



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу