Зерттеу арқылы әлемде болып жатқан жаңалықтарды анықтау. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 3-4 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: 3-тоқсан, 3-4 сабақ

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 (L1)

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

5-тарау. Білім. Ғылым. Инновация

Сабақ тақырыбы

Зерттеу арқылы әлемде болып жатқан жаңалықтарды анықтау

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.О3. Көпшілікке арналған очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

10.О6. Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу

 Сабақтың мақсаттары

1.Очерктің құрылымы мен рәсімделуін біледі, жанрлық ерекшеліктеріне талдау жасайды;

2.Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолданады.

 Жетістік критерийлері

  • берілген жаңалықты көркем тілмен жеткізе алады;
  • кемінде 5 көркемдегіш құралды пайдаланады;
  • мәтінді түсіне алады;
  • жаңалықтардың маңыздылығын анықтайды, түсіндіре алады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Құрмет, ынтымақтастық, еңбекқорлық, қазақстандық патриотизм және жалпыадамзаттық жауапкершілік

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Оқушыларды ІІ тоқсанның басталуымен құттықтау.

Ребус «Бүгінгі тақырыбымыз қандай?»

1,2,3,4,5 сандары арқылы топтарға бөлу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен, жетістік критерийін таныстыру.

ребус

Сабақтың ортасы

5 минут

25 минут

5 минут

О3. Көпшілікке арналған очерктің құрылымы мен рәсімделуін

білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

Очерк. Публицистикалық жанрлардың ішіндегі ең қиын да күрделісі. Оны тілдік қызметіне қарап екі жанрға жақындастыруға болады. Бірі - публицистикалық, екіншісі - көркем әдебиет, очерктің портреттік, жолсапар, проблемалық деген түрлерінің барлығы белгілі. Жалпы алғанда «Очерк публицистикалық жанр ретінде үлгілі оқиғаны, құбылысты, оның кейіпкерлерін насихаттайды. Басқа жанрлардан ерекшелігі очерктің бойында көркем әдебиеттің элементтері көптеп кездеседі. Ал көркем-әдебиет жанрларының ерекшелігі-нақтылық, фактіні қолдану және публицистикалық элементтердің болуы. Өмір құбылыстарын терең зерттеп, сырына ерекше мән бере отырып, очерк түрлі проблемаларға барлаушы ретінде араласып, ескілікпен күресіп, болашақты насихаттайды

С. «Жаһан жаңалықтарын» 2 рет тыңдайды. Әр топқа тыңдаған жаңалықтары бөлініп беріледі. Оқушылар оны топпен көркемдеп жеткізуге дайындалады, жазады.. Тақырыптары:

1.Холокост трагедиясын еске алу;

2.Армения кәсіпкерлері қарсылық білдіруде;

3. Оштағы тренинг;

4. Мұғалімдердің оқ атып үйренуі;

5. Австралия күніне орай... Австралия жеңісі

«Жаңалықтар көркем тілмен» әдісі. Оқушылар дайындаған жаңалығын айтады (Бәрі дайын болуы керек, оқушы жеребе арқылы шығып, топтың дайындаған жұмысын айтады).

Бағалау

Оқушылар критерийге сәйкес бір-бірін бағалайды:

1 2 3 4 1

Жетістік критерийлері

Берілген жаңалықты көркем тілмен жеткізе алады;

Кемінде 5 көркемдегіш құралды пайдаланады.

https://www.

youtube.com/

watch?v=EO_

W4PYQbdk

2-кезең

10 минут

20 минут

5 минут

Жаңа сөздермен жұмыс

«Сәйкестендір» әдісі арқылы сөз бен оның анықтамасын сәйкестендіру арқылы жаңа сөздердің мағынасын анықтайды.

Тенденция

көзқарастағы немесе іс-қимылдағы бағыттылық, ұмтылыс;

қандай да бір құбылыстың дамуының барысындағы бір бағыт;

біреуге танылатын идея, ой.

Рецессия (лат. Recessus — шегіну) — экономикада (жекелеп алғанда макроэкономикада) өндірістің салыстырмалы түрде бірқалыпты, ауыр салдарсыз төмендеуі немесе экономикалық даму қарқынының баяулауы. Бұл Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) нөлдік өсімімен немесе оның жарты жылдан астам уақыт бойы құлдырауымен сипатталады.

Рецессия — экономика циклінің (конъюнктура) бумнан немесе ұзақмерзімді дамудан кейінгі депрессияға ұласатын бір фазасы.

Интеграция (лат. іntegratіo – қалпына келтіру, толықтыру, іnteger – тұтас, бүтін) – экон. субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылын тереңдету.

Консультативтік – кеңес, кеңесші.

Посткеңестік кеңістік – 1991 жылы КСРО тарағаннан кейінгі сол кезге дейін құрамында болған тәуелсіз мемлекеттер.

Миссия белгілі бір арнайы мақсатпен өзге мемлекетке бағытталған мемлекет өкілдері; бір мемлекеттің басқа мемелекеттегі тұрақты дипломатиялық өкілеттілігі, оны өкіл басқарады; миссионерлік ұйым;жауапкершілікті тапсырма.

Радикал левобуржуазды саяси партияның өкілі.

Транзит(лат. transіtus – өту)

тауарлар елдің екі кеден органы арасында кедендік бақылаумен, соның ішінде шет мемлекеттің аумағы арқылы кеден бажы, салығы алынбай, сондай-ақ тауарларға экономикалық саясат шаралары қолданбай тасымалданатын кеден режимі;

жүктерді (жолаушыларды) жөнелтілетін жерінен апарылатын жеріне аралық бекеттерде түсірместен тасымалдау. Жүктердің транзиті, темір жол транзиті, халықаралық транзит түрлеріне бөлінеді.

О6 Оқылым стратегияларының түрлеріС. «2015: ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ МАҢЫЗДЫ ОН ОҚИҒА» мақаласын оқиды.

  • Т Оқушылар топта жаңалықтарды маңыздылығымен орналастырады;
  • Себебін түсіндіріп, дәлелдер келтіреді

Жетістік критерийі:

  • мәтінді түсіне алады;
  • маңыздылығын анықтайды, түсіндіре алады.

Жаңа сөздер

Абай.kz

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс «3-2-1»

Бағалау

Жетістік критерийлері арқылы бағалау

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 2015: ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ МАҢЫЗДЫ ОН ОҚИҒА

 Халықаралық жағдайдың қазіргідей құбылмалы кезеңінде пайда болатын жаһандық, аймақтық сынақтар мен қауіп-қатерлер сияқты тенденциялар саяси-экономикалық проблемаларды шешуде маңызды факторға айналады. Қазір жыл бойы болуы мүмкін оқиғаларға болжам жасап, оны жариялау дәстүрі бар. Әлемдік сараптамалық құрылымдардың тәжірибесіне сүйене отырып, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты 2015 жылы Орталық Азияның саяси және экономикалық күн тәртібін қалыптастыруға ықпал ететін аймақтық маңызды оқиғаларға өзінің шолуын ұсынады.

 1. Жаһандық экономикалық рецессия

 2015 жылы әлемдегі ең ірі экономикалардың (ІЖӨ көрсеткіші екі немесе одан да көп кварталдар бойы нашарлауы) оның ішінде Еуропалық Одақ, Жапония, Ресей сияқты елдердің экономикасы рецессияға ұрыну қаупі бар. Сондай-ақ ҚХР мен АҚШ экономикасында да даму ырғағы баяулайды. Әлемдік нарықтардағы дағдарыс ғаламдық экономиканың дамуын тежеп, Орталық Азияның да экономикасына кесірін тигізбей қоймайды. Яғни аймақтың өнімдеріне аталған мемлекеттерден және ең негізгі сауда әріптестері Еуропалық Одақ, Ресей және Қытай тарапынан сұраныс азаяды.

 2. Энергия көздері мен басқа да шикізат ресурстарына деген бағаның тұрақсыздығы

 2015 жылы әлемдік тауар нарығындағы жайсыздық Орталық Азия елдерінің басты экспорты – мұнай, газ, металл және ауылшаруашылығы шикізат өнімдерін құнсыздандыра түседі. Ал экспорттық тауарлар бағасының төмендеуі экономикалық дамуға кедергі келтіріп, өңір экономикасын құлдыратуы мүмкін және экономикалық қолайсыз жағдайлар қалыптастуы кәдік.

 3. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО): одан әрі дамуы

 2015 жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі – Еуразиялық экономикалық одақтың толыққанды жұмыс істей бастауы және оның Орталық Азия бағытына қарай кеңеюі. Сонымен қатар бірігуге ғаламдық экономикалық қиын жағдайдың да әсері болуы мүмкін.

 Интеграциялық процестің маңызды кезеңі ретінде ЕАЭО-ға Қырғызстанның (Қырғызстанның экономикалық одаққа кіру жөніндегі келісім 2015 жылдың 1 мамырында күшіне енеді) кіретінін атауға болады. Сондай-ақ, ЕАЭО-ның Тәжікстанмен өзара қарым-қатынасының форматын анықтау күн тәртібіне шығуы мүмкін.

 Болуы мүмкін тағы бір өте маңызды оқиға - Өзбекстанмен еркін сауда аймағын құру жөніндегі консультативті процестің басталуы. Мұны ЕАЭО-тың аймақта ықпал ету аумағын кеңейтуінің бір көрсеткіші деп атауға болады.

 4. Украина: дағдарыстан шығудың ауыр жолдары

 Украина дағдарысының жақын болашақта халықаралық қауіпсіздікке тікелей ықпалы жалғаса береді. Шамасы, қақтығыс сусымалы формаға ұласып, созылмалы сипатқа ие болады. Сәйкесінше украин дағдарысы Орталық Азиядағы ахуалға ықпал ететін негізгі фактор болып қала береді. Аймақтағы елдер үшін Ресей мен Батыс арасындағы шиеленіс өз әсерін тигізбей қоймайды.

 Дәл осы жағдайда қазақстандық тараптың посткеңестік кеңістіктегі ең үлкен дағдарысты шешу жолындағы бітімгершілік әрекеті аса маңызды болмақ.

 5. Орталық Азия елдеріндегі сайлау науқаны: Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстандағы сайлаулар

 2015 жыл - Орталық Азия елдерінің саяси дамуындағы маңызды кезең. Тәжікстан парламентінің төменгі палатасына (1 наурыз) және жоғарғы палатасына (27 наурыз), Өзбекстанда президенттік орынға (29 наурыз), Қырғызстанда парламенттік (1 қараша) сайлау өтеді.

 Алдағы сайлаулар аймақтағы республикалардың саяси өмірін жандандыратын болады. Бұл тұрғыда саяси жүйесінде партия мен парламент ерекше орын алатын Қырғызстандағы сайлау ерекше қызығушылық тудырады.

 6. Ауғанстандағы жаңа саяси кезең

 Аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздік саласында Ауғанстандағы қазіргі жағдай өте маңызды. Ауған факторының ықпалы биыл екі жағдайға байланысты. Олар - ISAF әскери миссиясының аяқталуы мен жаңа саяси биліктің қалыптасуы.

 Әскери-саяси жағдайдағы қиын кезеңде елде ұлттық үкімет өзінің іскерлік қызметін көрсетуі керек. Тағы бір маңызды міндет алдағы уақытта болатын парламенттік және жергілікті билік органдарына сайлау өткізу. Ауғанстанның ішкі саяси тұрақтылығы ғана емес, тұтас аймақтың жағдайы дәл осы мәселелерде саяси ымырашылдық орнатуға тікелей байланысты.

 7. Таяу Шығыс: террористік (лаңкестік) қауіптің күшеюі

 2015 жылы экстремистік және террористік ұйымдардың белсенді әрекеттері өзекті мәселе болып қала береді. ИШИМ-нің нығайып, белсенді әрекеттерін тек Таяу Шығыста жүргізіп қана қоймай, таралу аймағын одан әрі кеңейту мүмкіндігі жоғары. Сирия мен Ирак аумағы әлем бойынша радикалдардың шоғырланатын орталығы болып қалады.

 Сондықтан биыл да бұл қауіпті залалсыздандыруға, сондай-ақ Орталық Азия өңірден шыққандардың Таяу Шығыстағы террористік топтардың қатарына қосылуына тосқауыл қою үшін әдіс-тәсілдер қолданылады.

 8. Транзитті-көліктік әлеуеттің артуы

 2015 жыл Орталық Азияның дамуына серпін беретін транзитті-көліктік әлеуетін жүзеге асыруының жаңа кезеңі болмақ.

 Көліктік коммуникацияны әртараптандыруда «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» теміржолының толыққанды жүзеге асуы маңызды жоба болып табылады. Аталған жоба транзиттік пойыздардың «Солтүстік-Оңтүстік» бағытындағы қозғалысын жандандырып, Ресей, ҚХР, Орталық Азия және Таяу Шығыс нарықтарын байланыстырады. Сонымен қатар Қазақстандағы «Жезқазған-Бейнеу» мен «Арқалық-Шұбаркөл» жаңа теміржол желілерінде де жүк және жолаушы тасымалы артатын болады.

 2015 жыл «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» дәлізіндегі қазақстандық аумақ үшін маңызды кезең. Негізгі бөлігі жасалды, жақын арада даңғыл жол толықтай ашылады.

 Тағы бір айтулы оқиға, Ашхабадтың хабарлауы бойынша, Түрікменстан-Ауғанстан-Пәкістан-Үндістан газ құбыры құрылысының басталуы.

 9. Аймаққа Қытайдың экономикалық ықпалының артуы

 Аймаққа Қытайдың экономикалық ықпалы артып келеді. Бейжің кең ауқымды инфрақұрылымдық және энергетикалық жобаларды жүзеге асыруды үздіксіз жалғастырып, аймақтың басты серіктес мемлекеті ұстанымын нығайтып отыр.

 ҚХР негізгі басымдықты «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жобасына беруде. Ол үшін Қытай Жібек жолы қорына 40 млрд доллар бөлуді жоспарлап отыр.

 Аталған стратегия Орталық Азияны кең ауқымды Азия-Тынық мұхит еркін сауда аймағын құру бастамасына тартуды көздейді.

 10. Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселелерді шешу перспективалары

 2015 жыл Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздердің шешуші кезеңі болуы мүмкін. Аймақтық қауіпсіздік және толыққанды мемлекетаралық инфрақұрылымды жобаларды жүзеге асырудың бәрі осы келіссөздерге байланысты болмақ.

 Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселелер оң шешімін тауып, санкциялар алынып тасталса, Орталық Азияның сауда-экономикалық, көліктік-транзиттік әлеуеті арта түспек.

 Абай.kz

Тенденция

(лат. іntegratіo – қалпына келтіру, толықтыру, іnteger – тұтас, бүтін) – экон. субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылын тереңдету.

Рецессия

тауарлар елдің екі кеден органы арасында кедендік бақылаумен, соның ішінде шет мемлекеттің аумағы арқылы кеден бажы, салығы алынбай, сондай-ақ тауарларға экономикалық саясат шаралары қолданбай тасымалданатын кеден режимі;

жүктерді (жолаушыларды) жөнелтілетін жерінен апарылатын жеріне аралық бекеттерде түсірместен тасымалдау. Жүктердің транзиті, темір жол транзиті, халықаралық транзит түрлеріне бөлінеді.

Транзит(лат. transіtus – өту)

белгілі бір арнайы мақсатпен өзге мемлекетке бағытталған мемлекет өкілдері; бір мемлекеттің басқа мемелекеттегі тұрақты дипломатиялық өкілеттілігі, оны өкіл басқарады; миссионерлік ұйым;жауапкершілікті тапсырма.

Радикал

– 1991 жылы КСРО тарағаннан кейінгі сол кезге дейін құрамында болған тәуелсіз мемлекеттер.

Консультативтік

левобуржуазды саяси партияның өкілі.

Миссия

көзқарастағы немесе іс-қимылдағы бағыттылық, ұмтылыс;

қандай да бір құбылыстың дамуының барысындағы бір бағыт;

біреуге танылатын идея, ой.

Посткеңестік кеңістік

кеңес, кеңесші.

Интеграция

(лат. Recessus — шегіну) — экономикада (жекелеп алғанда макроэкономикада) өндірістің салыстырмалы түрде бірқалыпты, ауыр салдарсыз төмендеуі немесе экономикалық даму қарқынының баяулауы. Бұл Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) нөлдік өсімімен немесе оның жарты жылдан астам уақыт бойы құлдырауымен сипатталады.

экономика циклінің (конъюнктура) бумнан немесе ұзақмерзімді дамудан кейінгі депрессияға ұласатын бір фазасы.

Тенденция

(лат. іntegratіo – қалпына келтіру, толықтыру, іnteger – тұтас, бүтін) – экон. субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылын тереңдету.

Рецессия

тауарлар елдің екі кеден органы арасында кедендік бақылаумен, соның ішінде шет мемлекеттің аумағы арқылы кеден бажы, салығы алынбай, сондай-ақ тауарларға экономикалық саясат шаралары қолданбай тасымалданатын кеден режимі;

жүктерді (жолаушыларды) жөнелтілетін жерінен апарылатын жеріне аралық бекеттерде түсірместен тасымалдау. Жүктердің транзиті, темір жол транзиті, халықаралық транзит түрлеріне бөлінеді.

Транзит(лат. transіtus – өту)

белгілі бір арнайы мақсатпен өзге мемлекетке бағытталған мемлекет өкілдері; бір мемлекеттің басқа мемелекеттегі тұрақты дипломатиялық өкілеттілігі, оны өкіл басқарады; миссионерлік ұйым;жауапкершілікті тапсырма.

Радикал

– 1991 жылы КСРО тарағаннан кейінгі сол кезге дейін құрамында болған тәуелсіз мемлекеттер.

Консультативтік

левобуржуазды саяси партияның өкілі.

Миссия

көзқарастағы немесе іс-қимылдағы бағыттылық, ұмтылыс;

қандай да бір құбылыстың дамуының барысындағы бір бағыт;

біреуге танылатын идея, ой.

Посткеңестік кеңістік

кеңес, кеңесші.

Интеграция

(лат. Recessus — шегіну) — экономикада (жекелеп алғанда макроэкономикада) өндірістің салыстырмалы түрде бірқалыпты, ауыр салдарсыз төмендеуі немесе экономикалық даму қарқынының баяулауы. Бұл Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) нөлдік өсімімен немесе оның жарты жылдан астам уақыт бойы құлдырауымен сипатталады.

экономика циклінің (конъюнктура) бумнан немесе ұзақмерзімді дамудан кейінгі депрессияға ұласатын бір фазасы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу