Тілдік жүйе және норма. Қазақ тілі, 10 сынып, нұсқаулық. 4 сабақ. 1 нұсқа.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

Венн диаграммасы

Ұқсастығы:

- функционалды стиль түрі;

- тақырыптық ерекшелігі.

Айырмашылығы:

ғылыми стиль

ғылыми-көпшілік стиль

- толық дәлел қажет;

- тақырып аясы кең;

- ақпаратты жеткізудің негізгі тілдік бірлігі – терминдер;

- кестелер, графиктер;

- қатаң дәлелдеуді қажет етпейді;

- көпшілікті қызықтыратын тақырыптар;

- жалпы қолданыстағы терминдер;

- сөз жатықтығы, сөз байлығы;

- ойды байланыстырушы сөздердің кездесуі: демек, сондықтан, осыған орай, әсіресе, сонымен,

сонымен бірге, ең алдымен, т.б.

Нұсқаулық (Инструкция; лат. instructio — құру, ереже) - әлденені орындау, жүзеге асыру тәсілі мен тәртібін бекітетін тәртіптер жинағы.

Үлгі:

Нұсқаулық:

1. Кішкентай ғана олқылықтың арты, үлкен мәселе тудыруы мүмкін екендігін ұмытпаңыз. Мәселен, қарапайым бөлменің жарығын айтайын. Ерініп өшірмей кетіп жатамыз. Енді, ойланып қараңыз, сіздің бір шамды өшірмеуіңізден басқа бір жердегі шамдар күйіп жатады немесе қаншама артық энергия көзін сіз босқа жіберіп жүрсіз. Тым болмағанда жарықсыз өмір сүріп жатқан халықты бір ойлаңыз. Шешім: бүгіннен бастап жарықты үнемді пайдалану; Тек жарыққа ғана емес, суға да, газға да қатысы бар.

2. Қоқыс мәселесі. Бір ғана Алматының өзінде сыртқы жағында қоқыс тастайтын үлкен жерді есіңізге түсіріңіз. Қосымша, сол қоқыстың қаншалықты улы газ тазартып, ластап жатқандығын ескеріңіз. Шешім: үйден қоқысты шығарарда оны іріктеп барып тастаңыз. Яғни, шыныларды бөлек, қағаздар бөлек т.б.

3. Жұмыс барысында парақты үнемді, ретті пайдаланыңыз. Макулатураның бар екенін білесіз. Парақты қоқысқа тастамай сонда өткізсеңіз болады.

4. Полиэтиленді пакеттерді қолданудан бас тартыңыз. Оның орнына майлық пакеттерді, қағаз пакеттерді қолданыңыз.

5. Бір рет қолдануға арналған пластикалық ыдысты қолданысыңыздан алып тастаңыз. Соның арқасында, жұмысшыларды утилизация процессі қиын жүретін қоқыстардан арылтасыз. Пластик заттарды қайта өңдеу барысында ауаға зиянды заттар қатты бөлінеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу