Қазақстан жаңалықтары. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2- тарау. Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет

Мектеп:

Пән: қазақ тілі

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Келмегендер:

Сабақ тақырыбы

Қазақстан жаңалықтары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/А3. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау

Сабақ мақсаты:

Тыңдалым материалынан мәтіндегі ақпаратты, астарлы ойды анықтайды және ғаламдық мәселелермен байланыстыра алады

Бағалау критерийлері

  • тыңдалған мәтіндегі ақпаратты түсінеді;
  • астарлы ойды, негізгі проблеманы, оның себептерін анықтайды;
  • өзіндік көзқарасын танытады;
  • қорытынды ұсыныс жасайды.
  • ғаламдық мәселелермен байланыстыра алады;
  • «4 сөйлем» әдісімен талдайды

Тілдік міндеттер

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Мен мынадай дәлелдер келтіремін... Оның себебін... деп түсіндіремін. Біздің пікірімізше.... Олай ойлауға ..... себептер бар. Бұл сабақта оқушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы өзіндік пікірін білдіреді және дәлелдемелер келтіреді.

Негізгі тақырып бойынша лексикалық минимум: Қазіргі ақпараттық технологиялар заманы, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі, тіліміздің қолданыс аясын кеңейту мен тіл мәдениетінің сақталуы, БАҚ- тың құралдарының ықпалы мен қоғамдық санаға әсері

Неге? Қалай? Қашан? сұрақтарын пайдалану арқылы айтылым алды дайындық сөйлесуін жүргізеді.

Мен осы көзқараспен келісемін/келіспеймін. Өйткені ...

Құндылықтарды дарыту

 

  • өмір бойы оқу- білімін тереңдету, қажетті материалдарға талдама жасау
  • азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рух -сабақ мәнмәтінінде көтерілген мәселеге « Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет» тақырыбында сыни ойларын арттыру
  • ынтымақтастық: бір-бірін қолдау, өзгенің пікірін сыйлау
  • жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет;
  • өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;

Пәнаралық байланыс

Мәтін мәнмәтінінде географиямен, елтанумен, жаһанмен байланысты танымдық ақпараттар беріледі

АКТ –ны қолдану дағдылары

Интерактивті тақтадан бейнебаян көру арқылы тыңдалым дағдысы жетілдіріледі, назарын шоғырландырып дағдыланады

Алдыңғы білім

Алдыңғы білімдері бойынша мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдар бойынша білгендерін бір-бірімен сөйлескенде пайдаланады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурс

тар

Сабақтың басы

10 мин

Қызығушылықты ояту

Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге тұрып, үйден дайындап келген БАҚ - нан «Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет» тақырыбындағы жастар үшін қызықты бір жаңалықты айтып шеңберде бөліседі.

Бағалау. Ауызша жұптық бағалау

Болжау, сабақ тақырыбын, оқу мақсатын айқындау.

Кері байланыс. Бұрынғы білетін білімдерін еске түсіру және алдағы жұмыстарды жоспарлау

Оқушы дәптері

Сабақтың ортасы

5 мин

10 мин

10 мин

Мағынаны тану.

1-ТАПСЫРМА. Тыңдалым алдындағы тапсырма.

Төменде берілген сөздердің маңыздылығы туралы ойлары сұралады.

Қазіргі ақпараттық технологиялар заманы, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі, тіліміздің қолданыс аясын кеңейту мен тіл мәдениетінің сақталуы, БАҚ- тың құралдарының ықпалы мен қоғамдық санаға әсері

Тыңдалым тапсырмасы.

https://www.youtube.com/watch?v=7lvI46WNH6E

«Мәдениет және өнер саласының өкілдері еліміздегі кенжелеп қалған өзекті мәселелерді талқылады» материалын көреді

Тыңдалымнан соң

Жұппен жұмыс. «Фишбоун» әдісі.

Тыңдаған мәтінге талдау жасаңыз. Ол үшін балық кескіндемесіндегі мына бейнені қолданыңыз, талдау барысында арнайы реттілікті сақтаңыз.

  •  Негізгі проблеманы анықтаңыз.
  •  Оны қалыптастырған себептерді табыңыз.
  •  Айғақтар мен дәлелдерді келтіріңіз.
  •  Қорытынды ұсыныс жасаңыз.

Бұл ізденістеріңізді балық кескіндемесіне түсіріңіз

 

 

 

 

 

 

 

 

 Бағалау критерийлері:

  • тыңдалған мәтіндегі ақпаратты түсінеді;
  • астарлы ойды, негізгі проблеманы, оның себептерін анықтайды;
  • өзіндік көзқарасын танытады;
  • қорытынды ұсыныс жасайды.

2-ТАПСЫРМА. Топпен жұмыс.

Ғаламтордан аталмыш мәселеге байланысты 2-3 минуттық видео көреді

Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра отырып, «Төрт сөйлем» стратегиясымен талдаңыз

1. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.

2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.

3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

 Бағалау критерийлері:

  • ғаламдық мәселелермен байланыстыра алады;
  • «4 сөйлем» әдісімен талдайды;
  • тақырып бойынша қорытынды шығарады.

Тыңдалым материалы

https://www.youtube.com/watch?v=7lvI46WNH6E

«Мәдениет және өнер саласының өкілдері еліміздегі кенжелеп қалған өзекті мәселелерді талқылады»

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия.

«Аяқталмаған сөйлем»

Мен ....................................................................білдім

Мен....................................................................үйрендім

Маған..................................................................ұнады.

Маған...............................................қиындық туғызды

Менің көңіл-күйім...........................................................

Кері байланыс

Үйге тапсырма: Өз қалаңда соңғы сәтте болып жатқан бір хабарды және оны ғаламдық мәселелермен байланыстыра отырып жеткізетіндей блогқа жазатын пікір дайында

Дифференциация – қалай жүзеге асырылды.

Көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Мақал- мәтелдерді қолдандыруға көбірек көңіл бөлу. Селқостық танытатын оқушыларға көшбасшылық қызмет жүктеу.

Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?

Қабілетті оқушыларға зерттеу, жинақтау тапсырмаларын беруге баса назар аудару

Бағалау.

Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау критерийлері мен дескрипторлар бойынша

топ топты бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау;

Жайлы атмосфера қалыптастыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары Оқыту мақсаттары шынайы болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсаттарына жетті ме? Егер оқу мақсаттарына жетпесе, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүзеге асты ма?

Сабақ кезеңдері уақытқа сәйкес келді ме?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін қолданыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуғажәнеүйренугеқатысты

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту мен оқуға қатысты ойланыңыз)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқыту мен оқуға қатысты ойланыңыз)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу