Димаш Құдайбергенов – «әлем жаңалығы». Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал. 2 нұсқа.


Үлгі сұрақтар

  • Әлемдік деңгейде өтетін қандай ән байқауларын білесіңдер?
  • Әлемдік ән байқауларында биіктен көрініп жүрген өнерпаздарды білесің бе?
  • Оларды әлем мәдениетін дамытушылар деп айта аламыз ба?

Талқылау сұрағы (жұптық)

  • Димаш Құдайбергеновті әлем жаңалығы ретінде қабылдауға бола ма?
  • Димаштың әлем мәдениетіне қосқан үлесі қандай?

Оқылым мәтіні

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда «Singer» халықаралық ән байқауына қатысып жатқан отандасымыз Димаш Құдайбергеннің «Жэньминь жибао» («Халық газеті») газетіне берген сұхбаты жарияланды. ҚазАқпарт агенттігі аталған сұхбаттың толық нұсқасын ұсынады.

- Сеніңше, қалай жақсы әнші болуға болады?

- Меніңше, музыкалық жағынан табысқа жету үшін кәсіби қабілет басым болу керек.  Ең маңыздысы,  әнді жүрекпен айта білуің керек.  Мен Майкл Джексонның, Джеки  Чанның, Лучано Павароттидің жанкүйерімін. Олардың барлығы табанды маңдай тердің арқасында табысқа жеткен. Бәрінен де маңыздысы, олардың бәрі әлемдік деңгейдегі жұлдыздар болса да, ерекше кішіпейіл, бауырмал жандар. Сондықтан мен оларды үлгі тұтамын.

-  Қазақ, орыс, итальян, француз тілдерінде, тіпті қытай тілінде ән айтып әлемді таңғалдырдың. Осы тілдерді қалай үйрендің?

-  Мен көп ізденемін. Опералық бағытта ән айтатын болғандықтан,  әлемнің әртүрлі тілдерінде әйгілі операларды орындап көрдім.  Әрине, құлшына үйрену керек. Алдымен осы елдердің музыкасы мен әуенін ұнату керек. Сосын ән мәтінін үйренесің. Осы әндерді тіпті толық түсіне аласың. Ұстаздарымның көмегімен осы тілдерді  үйренуге тырысып, шетелдік операларды нақышына келтіріп орындадым. Сол арқылы неміс, украин, француз, итальян, ағылшын, түрік тілдерін үйрендім. Қазір қытай тілін үйреніп жүрмін.

- Қытайда өтіп жатқан «Singer»  ән байқауына қалай келдің? Басқа халықаралық байқауларға қарағанда қандай ерекшелігін байқадың?

- Байқаудың бас режиссері, тәлімгер Хун Тао бұрынғы менің халықаралық байқауларда өнер көрсеткенімді байқап, мені осында шақырды. «Singer»  байқауы - нағыз әншілер бақ сынайтын өнер додасы.  Уақыты мен айналымы да ерекше ұзақ. Ол сенің сахнадағы сәтіңді ғана емес, әншінің байқауға дайындалу барысын, сондай-ақ, сахнадан тыс тұрмыс-тіршілігін де көрсетеді. Көрермендерге әншінің өнерімен бірге өмірін де толық таныстырады. Мен бұрынғы қатысқан байқаулардан «Singer»  жобасының ең үлкен ерекшелігі -бұнда менен жасы үлкен, атағы әйгілі, табысқа жеткен әншілермен бірге бақ сынауға тура келді.

- «Singer» байқауында өзіңнен қандай натиже күтесің? 

- Бұл сұрақ мен үшін ауыр. Байқаудың нәтижесінен бұрын, ең бастысы, көрермендердің қолдауына ие болсам деймін. Барынша жақсы өнер көрсетіп, бұдан да биік белестерге ұмтылып, жанкүйерлерімнің көңілінен шығамын деп ойлаймын. Сахнадағы әрекетіме кейде өзім де тәнті болатын кезім болады.

- Сенің өнеріңнен Қазақстан мен Қытайдың музыкалық үндестігін байқағандай болдық. Мұның сыры неде деп ойлайсың?

- Екі ел музыкасының кейбір тұстары сабақтасып жатады.  Өзіндік ерекшеліктері де аз емес. Қазақстан мен Қытайдың әншілік өнері жоғары деңгейде дамыған деп айтуға болады. Қытайлық көрермендердің ыстық ықыласын көргенде бейне туған жердегі достарымның ыстық құшағына бөленгендей  сезіндім. Қытайлық әншілердің Қазақстанға келіп, өнер көрсетуін қолдаймын. Біздің елімізде оларды ерекше қызу қарсы алады деп сенемін.

- Сөз соңында жанкүйерлеріңе қандай тілек жолдайсың?

- Армандарыңыздың орындалуын, өмір жолдарыңыздағы көздеген мақсаттарыңызға қол жеткізулеріңізді тілеймін. Арманның барлығы орындалады. Өйткені, сіздер менің арманымның орындалуына қолдау көрсеттіңіздер. Сіздердің әр күніңіз көңілді, тату-тәтті, мейірімді де сыйластыққа толу болуын тілеймін.

№1 - оқылым тапсырмасы

Жанры

Формасы

Стилі

Мақсаты

Көзделген аудиториясы

Тілдік ерекшелігі

№3 – оқылым тапсырмасы

Интервью құрылымы

Қандай сұрақтар қойылуы керек?

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

Қорытынды

Дескриптор

  • Кіріспе бөлімінің сұрақтары отбасы, білім алуы, өмірлік ұстанымдары туралы болды;
  • Негізгі бөлім өнерге келуі, өнердегі жетістіктері, үлгі тұтар өнер тұлғалары туралы болды;
  • Қорытынды бөлім болашақ жоспарлары туралы болды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу