Мона Лиза – әлем тамсандырған туынды. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 нұсқа.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: Қазақ тілі

 Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет

Сабақтың тақырыбы

Мона Лиза – әлем тамсандырған туынды

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау

 Сабақтың мақсаттары

Тыңдалған мәтін мазмұнын түсінеді, мәтіндегі негізгі ойды тапсырмаларды орындау арқылы анықтайды.Өз сөзімен мазмұнын баяндау арқылы жүйелі сөйлеуді арттырады.

Бағалау критерийлері

Оқушының барлығы

  • Мәтіннің мазмұнын сыныптарына түсіндіре алады.

Оқушылардың көбісі

  • 2 мәтіндегі ұқсас ақпараттар мен айырмашылықтарды анықтайды.

Кейбір оқушылар

  • Мәтіннің өзектілігіне анализ жасайды.

Дескрипторлар

Мәтін мазмұнын қысқаша әңгімелейді.

2 мәтіннің мазмұнындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды.

Мәтіннің өзектілігіне баға береді.

 Құндылықтар

Өзгенің көзқарасын құрметтеу, отандық прогресске, ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру

 Пәнаралық байланыс

Өнер

 АКТ дағдылары

Тақырыпқа қатысты таныстырылым

Осыған дейін меңгерілген білім

Тілдік міндеттер

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

10 мин

Сергіту сәті. Сурет бойынша жұмыс

Мона Лизаның суреті көрсетіледі. Оқушылар:

а/білетін ақпараттарын ортаға салады (авторы, қай уақыттың туындысы, түрлі аңыздар)

ә/суреттегі сұлуды сипаттайды

б/суретке өзіндік пікір айтады.

Сабақтың мақсатын, бағалау критерийлері мен дескрипторларды талқылайды.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

7 мин

10 мин

8 мин

Тыңдалымалды тапсырмасы Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерінің тақырыппен қандай байланысы бар?

  • Құпия жымиыс
  • «Сфулато» әдісі
  • Лак
  • Италия
  • Жасырын сыр
  • 24 жасар
  • Көпес
  • Лувр
  • 3 млрд
  • 4 жыл

Тыңдалым тапсырмасы

2 тыңдалым мәтіні ұсынылады. 1-тыңдалым кезінде сынып оқушыларының жартысы кабинеттен шығады. Ал, 2-тыңдалымда кабинет ішіндегі оқушылармен орын ауыстырып, өзге тыңдалым материалын тыңдайды.

1-тыңдалым (транскрипт)

Леонардо да Винчи Франческо дель Джоконданың тапсырысы бойынша оның жұбайы Мона Лизаның портретін салуды бастайды. Оқ пен оттың ортасында жүріп, картинаны 4 жыл бойы салады. Бұл картинаны Леонардо Италияның белгілі қалаларына шеккен сапарларында өзімен бірге алып жүреді. Сондай бір сапары кезінде Леонардо картинаны Париж қаласындағы Лувр музейіне қояды. Ғасырлар бойы ғалымдардың жұмбағына айналған «Мона Лизаның» «құпия жымиысы» көпшілікті әлі де таңқалдырып келеді. Суретші бұл жымиюды салуда, өзінің сфулато әдісін ойлап тапқан. Бұл әдіс бойынша да Винчи ерін мен бет терісі арасындағы шекараны білдіртпей лактың жұқа қабатымен бояған. «Мона Лиза» суретіндегі жас келіншектің бет-әлпеті қайталанбас шеберлікпен салынған. Оның ойлы, сабырлы көздері, көздерімен қатар, бет-бейнесіндегі әрбір деталь бір шынайылықты білдіреді. Оның мойнына мұқият көз салған адам тамыр соққыларын көріп тұрғандай әсер алады. Көрген жанды сүйсіндіретін, сәл ғана езу тартып, ұяң жымиып тұрған нәзік те сұлу жас әйелдің ішкі жан дүниесінде бір жасырын сыр бар. Леонардо да Винчидің бұл ғажап та керемет туындысы өзінің көрерменіне терең ой тастайтын сурет болып табылады. Өнер құдыреті жарқ етіп көрінуімен шектелмей, оқушысын ойландыра, толғандыра білуінде десек, Леонардоның бұл туындысына тең келер картина жоқ деуге болады. 178 сөз

2-тыңдалым (транскрипт)

Көп адам Леонардо да Винчидің өз картинасында 1479 жылы туылған Лиза Герардиниді бейнелеген деп санайды. Лиза бұл кезде Флоренциядан шыққан көпестің 24 жасар әйел болатын әрі екі баласы бар еді. Алайда ұлы суретшінің неге дәл осы әйелді суретіне арқау еткені әлі белгісіз. Мона Лиза немесе «Мона лайза» итальян тілінен аударғанда «менің бикешім, менің ханшайымым» деген мағынаны береді.

Да Винчи бұл картинаны 4 жыл жүріп салған. Өмірде Мона Лизаның қасы болмағанға ұқсайды, ал суретші оның қасын бейнелеуге ұзақ уақыт жұмсаған. 1956 жылы Уго Угнаца есімді адам картинаға тас лақтырған екен. Осыдан Мона Лизаның сол жақ иегіндегі бояуы сылынып кеткен. Бұл картина Париж қаласында пәтер ішінде сақталған. Бөлменің қабырғалары мен терезелері оқ өтпейтін әрі сыртқы климат өзгерістерінен сақтайтын материалдан жасалған. Бұл бөлме арнайы Мона Лиза үшін 7 млн долларға салынған. Кейінгі жылдары Мона Лизаның картинасының үш рет боялғаны белгілі болған. Соған қарағанда, суретші өз туындысын бірнеше рет жөндеуге тырысқан. Айтпақшы, бұл сурет 1911 жылы Париждегі пәтерінен ұрланып, 2 жылдай жоғалып кеткен. Мона Лиза картинасы өте құнды саналатындықтан, оны сақтандыруға ешкімнің шамасы келмейді. Бүгінгі таңда бұл суреттің бағасын анықтау мүмкін болмай тұр. Алайда Луврдағылар оны 3 миллиард долларға бағалап отыр. Бұл күнде сурет Луврда тұр. 192 сөз

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

1-тапсырма. 2 топ бір-біріне тыңдаған мәтін мазмұнын жұпта түсіндіреді. Венн диаграммасын толтырады.

2-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді оқып, сурет өнерінің өзектілігіне баға береді.

  • Бұл картина Париж қаласында пәтер ішінде сақталған. Бөлменің қабырғалары мен терезелері оқ өтпейтін әрі сыртқы климат өзгерістерінен сақтайтын материалдан жасалған. Бұл бөлме арнайы Мона Лиза үшін 7 млн долларға салынған. Неге?
  • Бұл картинаны Леонардо Италияның белгілі қалаларына шеккен сапарларында өзімен бірге алып жүреді. Неге?
  • «Мона Лизаның» «құпия жымиысы» көпшілікті әлі де таңқалдырып келеді. Қалай?

Презентация

Үлестірме қағаздар

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс.

Сабақтан не үйрендім?

Не қиын болды?

Нені жетілдіру керек?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту.

Топта бірлесіп оқыту.

Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады.

Пәнаралық байланыс – робототехника, биология

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу