Мона Лиза – әлем тамсандырған туынды. Қазақ тілі, 10 сынып, қосымша материал. 2 нұсқа.


Шығарманы аяқта.

Мона Лиза

Саясат БЕЙІСБАЙ, журналист.

Қабырғасына ұлылардың үні ұя сап қалған Ла Скаланың алдында тұрдым. Әйгілі театрды әлемнің әр қиы­рынан табан тоз­дырып жеткен жұрт қоймай қызықтайды. Әр тасына тамсанады. Таң­дай қағысады. Қызақай жапондар, қызылшыл испандар... Алаңның нақ ортасында ұшар биіктен төмен қарап сұп-сұр тас мүсін тұрды. Қаба сақал, жүдеу бет, ой арқалаған ұлы суретші. “Леонардо да Винчи!”. “Қандай ұлылық!” – десіп көпшілік енді қарсы бетке лап қойды. Аяғымды аттап баса алмай қалдым. Бойымды беймәлім бір сезім билеп: кездестік-ау, ақыры, – дедім. Өтіп кеткен өкпе де, өшіп, қоламтасы қалған өкініш те осы екі ауыз сөзге сиып жатты. Сонда да оның көзіне қарағым келген. Тіпті де мүмкін емес. Бұл пәниден түңілген сынды. Мен де торыққам. Күз лебі келді. Теңіз самалы боп жеткен. Жапырақ жауа қоймаған шақ. – Келіңіз фотоға түсейік. – Өмірлік естелік! – Полковник, сізді де кезінде суретпен әуестенген деп естідік. Жүрегім шанышты. Алаңға ағылған қалың то­бырға қарағым келмеді. Теріс айналдым. Леонардо да Винчидің мүсіні алыстап бара жатты. Санта Мария көшесіне жеткенде алқындым. Жанымның бір жіңішке жібі дірілдеп барып үзіліп кетті білем. Тәлтіректеп қалт-құлт басып келіп отырдым. – Сеньор, көмек керек пе? – деген сөздер ауаға сіңіп жатты. Алыстан бұлдырап Мона Лиза бейнесі елес берді. Әдемі келбеті, төгілген қолаң шашы, қоңырқай көзі... Баяғыдай құпия жымияды. Әлде тіпті мысқылдап тұр. Жанарым жасаурады. Ақ білегін аспанға атып қол бұлғайды. Тіпті болмаған соң ымдап өзіне шақырады. Аулақ менен! Көргім келмейді сені, Мона Лиза!

Леонардо да Винчидей құдіреттің құпиясына ындыным кеуіп... Мона Лизасы мені шынымен сиқырлап алған. Сұлудың суретіндегі алмасқан жарық пен жылу, көлеңке, сыршылдық...

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу