Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017. Қазақ тілі, 9 сынып, презентация.
«Әңгімелеуші- тыңдаушы» әдісі
1-тапсырма.
Тірек сөздер:
Ғылыми жаңалықтар (ашылулар) мен технология, Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017», «Энергия», «Жаңармалы энергия»
«Әңгімелеуші –тыңдаушы» әдісі.
Тақырып бойынша берілген суреттер мен тірек сөздерді пайдаланып, қолыңдағы сурет жайлы не білетініңді жұптағы сыңарыңа түсіндір.
Тыңдаушы рөліндегі оқушы да өз суреті бойынша айтылым жаса.
Тыңдалым тапсырмасы.
Оқушылар https://www.youtube.com/watch?v=b9Wx0oPX8U4 сілтемесінен Елбасының EXPO 2017 туралы сұхбатын көреді. ( 02.35. мин.).
Сұхбат мазмұнын талқылау.
Қандай тақырып туралы сөз болды? (Қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми)
Мақсатты аудитория қандай? Кімдерге бағытталған?
Қандай тірек сөздер мен көркемдегіш құралдарды естідіңдер?
Талда- жұптас- бөліс.
Оқушылар өз еріктерімен жұптасады (екіден, үштен болуы да мүмкін).
Оқушыларға «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдерімен сұхбатынан үзінділер таратылады.
2- тапсырма.
Тапсырма: Өздеріңе берілген сұхбат бөліктеріндегі тақырып пен мақсатты аудиторияны анықта, көркемдегіш құралдардың астын сыз, бұл сөздердің сұхбат мазмұнын ашудағы рөлін талда.
Тілшінің сұрақ қою әдісін талқыла;
Көтерілген мәселені анықта;
Мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талда, мысалы, сөздердің лексика- семантикалық топтарының қолданысы; ғылым, энергия саласындағы атаулар, көптік мағынада жұмсалған атаулар т.б.
Қалыптастырушы бағалау
3- тапсырма.
«Кешкі шай», «Бай-қуатты болайық!», «Бетпе-бет», «Сыр сұхбат», «Айтуға оңай» бағдарламаларының бірінің форматын таңда;
Бірің сұхбат беруші рөлінде, бірің тілші рөлінде сұхбат дайында.
Көшедегі адамдардан интервью алу үлгісін де көрсетуге болады.
Мәтінде берілген ақпаратты, тірек сөздерді қолдан
Топта интервью дайында
Ауызша бағалау
Жұптар бір- біріне жұмыстарын рөлде ойнап көрсетіп, келесі жұп ауызша кері байланыс беріп бағалайды.
Рефлексия. «3-2-1» әдісі
3 маңызды ақпарат
2 қиындық туғызған мәселе
1 көңіл күйіңізді танытатын сөз
Кері байланыс
Үйге тапсырма:
Теледидардан осы бағдарламалардың бірінен үзінді көріп, олардың әңгімесіне пікір жа.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды