Дәулет Тұрлыханов. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.
Сабақ жоспары
7. Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. | Мектеп: | ||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Дәулет Тұрлыханов | ||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 6.2.1.1 -мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру; | ||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Мәтінді оқу арқылы ақпараттарды анықтауға, түсіндіруге үйрету. | ||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||
Тілдік дағдылар | Белгілі палуан, беделді азамат, жаттықтырушы | ||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған. | ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Спорт, тарих, география | ||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сыныптарда дене шынықтыру пәнінен алған білімдеріне сүйенеді, спорт жұлдызы туралы білімдерін толықтырады. | ||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер | Дереккөздері | |||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | 1-тапсырма Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында мынадай сөз тіркестерін ұсынып, олардың мағыналарын түсіндіруге шақырады.
| Слайд | |||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 10 минут 10 минут | 2-тапсырма Мұғалім оқушыларды мәтінді мұқият оқып шығуға шақырады. Жауырыны жерге тимеген Дәулет «Мұндай палуандарды сирек кездестіресің. Онда таңғажайып талант бар! Шеберлігінде шек жоқ, нағыз гауһар. Атақтың ешқандай құпиясы жоқ. Дәулеттің құпиясы оның мінезінде жатыр. Оның бойында қазақтың дархандығы, мақсатқа жетудегі табандылық, шынайылық, жомарттық пен мейірім бар!» – дейді ол туралы бапкері Геннадий Андреевич Сапунов. Бапкері – палуан, күрестен КСРО, Еуропа, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, КСРО, Белоруссия мен Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Сидней олимпиадасында Қазақстан құрамасына жетекшілік еткен. 36 жылдық бапкерлік қызметінде Олимпиаданың 20 чемпионы мен әлемнің 50 чемпионын тәрбиелеген. Ал Дәулет Болатұлы Тұрлыханов - 1963 жылдың 18 қарашасында Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында дүниеге келген. Палуан, грек-рим күресінен еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жеңімпазы, КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері және жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Әлем чемпионы және күміс жүлдегері, қола жүлдегері, Әлем кубогының екі мәрте жеңімпазы, 12- Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның екі дүркін чемпионы, 24-25- Олимпиадалық ойындарының күміс, қола жүлдегері болған. 1995,1999 жылдары екі мәрте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған. 2000-2006 жылдары Туризм және спорт агенттігінің төрағасы, Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі спорт комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Қырғызстан олимпиадалық қозғалысын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Олимпиадалық орденмен, FILA, ҚР Ұлтық олимпиадалық комитетінің алтын медальдармен, І дәрежелі Ұлы Петр орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2000). 3-тапсырма. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыз.
4-тапсырма Сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпараттарды тауып, мәтінмен байланыстыра отырып түсіндіріңіз. Дәулеттің бапкері кім?______________________ Дәулет қашан, қайда дүниеге келген? _____________________ Ол қай спорттың түрінен спорт шебері? ________________________ Олимпиада ойындарындағ жетістігі қандай? ______________ Саясаткер ретінде кім болды?______________________ Дескриптор:
| Дәулет Тұрлыхановқа әйгілі бапкері қандай баға берген? http://reactor.inform.kz/kz/daulet-turlyhanovka-aygili-bapkeri-kanday-baga-bergen-a29998
| |||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, мынадай үлгіде оқушылардың ойын тыңдайды.
Мен бүгінгі сабақтан ...... білдім. Мен ................ түйдім. Мен ............... ұсынамын. Мұғалім рефлексияны ауызша немесе жазбаша алуына болады. | Түрлі түсті қағаздар | |||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | |||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды