Дәулет Тұрлыханов. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 4 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Дәулет Тұрлыханов

Оқу мақсаты:

6.2.1.1 -мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру;

Бағалау критерийлері:

  • Мәтіннен негізгі ақпаратты табады;
  • Мәтіннен қосымша ақпаратты табады;
  • Мәтіннен детальді ақпаратты тауып, түсіндіреді;

Сөз тіркестері

Менің түсінігімдегі мағынасы

Сөздіктегі мағынасы

Жауырыны жерге тимеу

 

 

Арқадан асырып лақтыру

 

 

Боз кілем

 

 

1-тапсырма. Сөз тіркестерінің мағыналарын анықтаңыздар

2-тапсырма

Мәтінді мұқият оқып шығыңыздар.

Жауырыны жерге тимеген Дәулет

«Мұндай палуандарды сирек кездестіресің. Онда таңғажайып талант бар! Шеберлігінде шек жоқ, нағыз гауһар. Атақтың ешқандай құпиясы жоқ. Дәулеттің құпиясы оның мінезінде жатыр. Оның бойында қазақтың дархандығы, мақсатқа жетудегі табандылық, шынайылық, жомарттық пен мейірім бар!» – дейді ол туралы бапкері Геннадий Андреевич Сапунов. Бапкері – палуан, күрестен КСРО, Еуропа, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, КСРО, Белоруссия мен Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Сидней олимпиадасында Қазақстан құрамасына жетекшілік еткен. 36 жылдық бапкерлік қызметінде Олимпиаданың 20 чемпионы мен әлемнің 50 чемпионын тәрбиелеген. Ал Дәулет Болатұлы Тұрлыханов - 1963 жылдың 18 қарашасында Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында дүниеге келген. Палуан, грек-рим күресінен еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жеңімпазы, КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері және жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Әлем чемпионы және күміс жүлдегері, қола жүлдегері, Әлем кубогының екі мәрте жеңімпазы, 12- Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның екі дүркін чемпионы, 24-25- Олимпиадалық ойындарының күміс, қола жүлдегері болған. 1995,1999 жылдары екі мәрте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған. 2000-2006 жылдары Туризм және спорт агенттігінің төрағасы, Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі спорт комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

Қырғызстан олимпиадалық қозғалысын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Олимпиадалық орденмен, FILA, ҚР Ұлтық олимпиадалық комитетінің алтын медальдармен, І дәрежелі Ұлы Петр орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2000).

3-тапсырма

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыз.

Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу