Екі дүркін олимпиада жеңімпазы. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.
Сабақ жоспары
7. Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. | Мектеп: | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||
Сынып: | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Екі дүркін олимпиада жеңімпазы | |||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 6.3.5.1. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу. | |||||||
Сабақтың мақсаты | Көлемді ақпараттарды оқи отырып, ойын ықшамдап жинақы мәтін жазуға үйрену. | |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Тілдік дағдылар | Ауыр атлет, алтын медаль, тартысты бәсеке. | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған. | |||||||
Пәнаралық байланыс | Спорт, география | |||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді, спорт жұлдызы туралы білімдерін толықтырады. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер | Дереккөздері | ||||||
Сабақтың басы 3 минут 3 минут | Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында алдымен мұғалім мынадай сұрақтар қоя отырып, тапсырманы орындауға шақырады: 1-тапсырма
2-тапсырма
Оқушыларды жинақы мәтіннің жазылуы туралы ақпараттары аз болса, мұғалім қосымша толықтыра кету керек.
| Слайд | ||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 10 минут 5 минут 5 минут | 1.Мұғалім оқушыларды мәтінді зейін қоя отырып оқуға және мәтіннен негізгі сөйлемдерді іріктеп, астын сызуға шақырады.
Олимпиада жеңімпазы Тамыздың 4-і ауыр атлет Илья Ильин Қазақстан олимпиадалық құрамасының бесінші алтын медалін жеңіп алып, спортшы әлем рекордын жаңартты. Қазақстандық белгілі ауыр атлет Илья Ильин 94 килограмм салмақта сайысқа түсіп, аса тартысты бәсекеде Лондон олимпиадасының алтын жүлдесін жеңіп алды. Осылайша Ильин Қазақстан тарихында екі дүркін олимпиада чемпионы атанған алғашқы спортшыға айналды.Тамыздың 4-і күні Лондонның ExCel спорт орталығында өткен ауыр атлеттер сайысында (94 килограмм) негізгі бәсеке қазақстандық Илья Ильин мен ресейлік Александр Ивановтың арасында өтті. Екі атлет жұлқа көтеруден бірдей 185 килограмм көтерген еді. Серпе көтеру бойынша Илья Ильин қарсыласынан 9 килограмм артық көтеріп (233 кг, жалпы - 418 кг), әлем рекордын да жаңартты, екі дүркін олимпиада чемпионы да атанды. Осы салмақта жарысқа қатысқан қазақстандық тағы бір ауыр атлет Алмас Өтешов те "А" күштілер тобына кіріп, жетінші орын алды. Жарыс аяқтала салысымен тікелей эфирдегі телекамераға қарап сөйлеген ауыр атлет Илья Ильин әуелі Қазақстан халқына алғыс білдіріп жатты. Қазақстан жалпы саны бес алтын медаль иеленіп, жалпы командалық кестеде сегізінші орынға көтерілді. Оның төртеуі - ауыр атлеттердің еншісінде. 2. Мұғалім оқушыларға мәтіннен іріктеген сөйлемдерді қолдана отырып, жинақы мәтін жазуды ұсынады. 3. Жазған мәтіндерін мұғалім алдымен топта оқып бөлісуге шақырады. Оқушылар топта бір-бірінің жазылымдарымен танысып, бір-бірінің жұмыстарының соңына «бір ұсыныс, бір тілек» жазу арқылы өзара бағалайды. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын аралап бақылап, қажет деп тапса, қосымша уақыт беру арқылы жұмыстарына түзету енгізіп, соңғы нұсқасын жазуларына мүмкіндік береді. Оқушылар топта өзара ақылдаса келе орталарынан бір оқушының жұмысын сынып алдында бөлісуге ұсынады. Үздік жұмыстың иелері «автор орындығына» отырып оқиды. ДЕСКРИПТОРЛАР
| Илья Ильин - екі дүркін олимпада жеңімпазы. https://www.azattyq.org/a/world_london_2012_iliyn/24666964.html | ||||||
Сабақтың соңы 4 минут | Рефлексия Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін «Пайдалы кеңес» стратегиясы талқылап, кері байланыс береді. | Түрлі түсті қағаздар | ||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды