Екі дүркін олимпиада жеңімпазы. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 8 сабақ


Екі дүркін олимпиада жеңімпазы

Оқу мақсаты:

6.3.5.1. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу.

Бағалау критерийлері:

  •  оқылым материалы бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей алады;
  •  жинақы мәтін жаза алады.

1-тапсырма

  • Илья Ильин кім?
  • Ол туралы не білеміз?

2-тапсырма

1. Мәтінді мұқият оқыңыздар және негізгі сөйлемдерді іріктеп, астын сызыңыздар.

Олимпиада жеңімпазы

 Тамыздың 4-і ауыр атлет Илья Ильин Қазақстан олимпиадалық құрамасының бесінші алтын медалін жеңіп алып, спортшы әлем рекордын жаңартты. Қазақстандық белгілі ауыр атлет Илья Ильин 94 килограмм салмақта сайысқа түсіп, аса тартысты бәсекеде Лондон олимпиадасының алтын жүлдесін жеңіп алды. Осылайша Ильин Қазақстан тарихында екі дүркін олимпиада чемпионы атанған алғашқы спортшыға айналды. Тамыздың 4-і күні Лондонның ExCel спорт орталығында өткен ауыр атлеттер сайысында (94 килограмм) негізгі бәсеке қазақстандық Илья Ильин мен ресейлік Александр Ивановтың арасында өтті. Екі атлет жұлқа көтеруден бірдей 185 килограмм көтерген еді. Серпе көтеру бойынша Илья Ильин қарсыласынан 9 килограмм артық көтеріп (233 кг, жалпы - 418 кг), әлем рекордын да жаңартты, екі дүркін олимпиада чемпионы да атанды. Осы салмақта жарысқа қатысқан қазақстандық тағы бір ауыр атлет Алмас Өтешов те "А" күштілер тобына кіріп, жетінші орын алды. Жарыс аяқтала салысымен тікелей эфирдегі телекамераға қарап сөйлеген ауыр атлет Илья Ильин әуелі Қазақстан халқына алғыс білдіріп жатты. Қазақстан жалпы саны бес алтын медаль иеленіп, жалпы командалық кестеде сегізінші орынға көтерілді. Оның төртеуі - ауыр атлеттердің еншісінде.

2. Мәтіннен іріктеген сөйлемдерді қолдана отырып, жинақы мәтін жазыңыздар.

3. Жазған мәтіндеріңізбен топта оқып бөлісіңіздер.

  • Жазылыммен танысып, соңына «бір ұсыныс, бір тілек» жазу арқылы өзара бағалаңыздар.
  • Сыныптасыңыздың ұсынысын ескере отырып, түзету енгізіп, соңғы нұсқасын жазыңыздар.

Дескрипторлар:

    • оқылым мәтінінен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді белгілейді;
    • қосымша ақпаратты білдіретін сөйлемдерді ажырата алады;
    • жинақы мәтін талаптарын есіне түсіреді;
    • жинақы мәтін жазады.

Рефлексия

«Пайдалы кеңес»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу